Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Суға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар



бет27/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

2.Суға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.

Ауыл шаруашылық малдарын суаруға және шаруашылықтағы қажетке жарату үшін ауыз судың сапасына санитарлық баға беру казіргі кездегі ветаринария саласындағы ең басты профилактикалық маңызы бар шаралардың бірі болып саналады.

Малдарды суаруға арналған судың сапасына қойылытын негізгі гигиеналық талаптар мемлекеттік стандарт ГОСТ пен 28-78-82 белгіленген. «Ауыз суы, гигиеналық талаптар және сапасына бақылау».

Бұл талаптар судың физикалық, химиялық және биологиялық қасиеттерін қамтиды.

1. Физикалық қасиеттеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар. Судың физикалық қасиеттеріне температура, иісі, дәмі, түсі және мөлдірлігі жатады. Осылар арқылы судың сапасына белгілі бір мәнде баға беруге болады.

1.1. Температура – судың санитарлық-гигиеналық көрсеткішіне жатпайды, бірақ өте маңызды физиологиялық фактор болып саналады. Малды суық сумен суарғанда көп энергиясы организмнің температурасын қалыптауға жұмсалып, азық шығыны көбейіп, суыққа ұрынып, буаз малдарда іш тастау шығып, малдың өнімі төмендейді. Мысалы, егер сиыр – тәулігіне температурасы 2 градус, 70 л су ішсе, 700 ккал жылу немесе 2 азық өлшемін артық жұмсайды, да тәуліктік сүттілігі 3,5-4 л төмендейді. Бірақ малды өте жылы сумен суару да теріс әсерлі болып (20 градустан жоғарғы), мейірленіп ішпей, төзімділігі төмендеп, суыққа ұрынғыш және сіңіргіштігі нашарлап, іші бұзылып, тышқақ ауруымен ауырады. Сондықтан, ересек малдар үшін судың қалыпты температурасы +10 +12 градус, буаз аналықтарға +12 +15º, жас малдарға жасына байланысты +15 градустан +30 градусқа дейін болуы керек. Еттік балапандарға (7-8 апталық жасына дейін) суаратын судың температурасы +23 +24 градус шамасында болуы керек.

1.2. Иісі – судың оған түскен органикалық қоспалардың (малдардың және өсімдіктердің) ыдрау процесстеріне байланысты, немесе лас сулардың (өндірістік, тұрмыстық ағын сулар) араласуынан болады. Жер асты суларының кейбіреуі күкіртті сутегі немесе аммиак иісті болуы мүмкін. Мұндай су органикалық тұрғыдан ластанбаған болса, пайдалануы шектелмейді. Егер суда, оның гүлденуін туғызатын өте көп мөлшерде микроорганизмдер болса, онда әртүрлі араматты иістер (балықтың, шөптің, майдың т.б.) болады. Суға жағымсыз иіс-органикалық заттардың, мұнай өнімдерінің, фенолды қоспалар т.б. ыдырауынан пайда болады. Гигиеналық баға беру үшін судың иісінің шығу тегін анықтау қажет. Ауыз судың басқа иісі болмауы керек. Оны бес баллдық өлшеммен бағалап, пайдалануға рұқсат етілетін судың иісі 2 баллдан жоғары болмауға тиіс.

1.3. Дәмі - ауыз судың ұнамды және сергіткіш болуы керек. Ауыз судың жағымсыз дәмі ондағы органикалық және минералды заттардың мөлшеріне байланысты болады. Суда ащы, тұзды, қышқыл, дәмді, тағы басқа шірік, батпақ, дәмдер кездесуі мүмкін. Судың дәмін онда еріген минералды қоспалар: магний және барий иондары – ащы, сутегі ионы-қышқыл, темір шала тотығы – ауыз қуыратын, сыя дәмдер туғызады. Суға жағымсыз дәмдер ондағы органикалық қоспалардың, жиын лай сулардың, дезинфекциядан кейінгі, жуынды т.б. қалдықтардың түсуінен туады. Бес баллды өлшеммен бағалағанда ауыз судың дәмінің қарқыны 2 баллдан жоғары болмауға тиіс.

1.4. Түсі – судағы әртүрлі минералды және органикалық қоспаларға байланысты болады. Су көздеріне гумин қышқылдары, шірік заттар немесе өсімдіктердің қалдықтарының ыдырауы араласқанда су сары немесе күрең түске боялады. Суда балдырлардың гүлдеуі, әсіресе лай ағын сулар араласқан ашық су көздерінде – жасыл түс, темір тұздары – қоңыр-сары, сазды жерде – сарғыш түс пайда болады. Судың түсінің өзгеруін бақылаған кезде ол түстің шығу тегін байқау қажет (нәжістер, несіп т.б.) қандай жағдайда болмасын судың түсінің өзгеруі ондағы органикалық және минералдық қоспалардың барлығын көрсететіндіктен, оған күдікті қарау қажет. Судың түсі градуспен өлшеніп, жарамды судың түсі 20 градустан аспауы керек.

1.5. Мөлдірлігі және лайлылығы – судың белгілі бір қалыңдық қабатынан жарық сәулесін өткізгіштік қабілеті бойынша анықталады. Судың жарық өткізгіштік қарқыны, оның ішіндегі қалқып жүрген минералды немесе органикалық заттардың түйіршіктерінің шамасына байланысты болады. Кейбір жағдайда, жер астынан алынған сулар, ауадағы оттегінің әсерінен әртүрлі еріген тұздар (бикарбонат темір, бикорбанат кальций) ерімейтін қоспаларға айналып (темір сілтісі, карбонатты кальций) қалдық болып түзіледі. Мұндай уақытша түсінің өзгеруі жоғарғы сапалы суда кездеседі. Санитарлық көзқарастан алғанда, судың мөлдірлігінің ондағы органикалық қоспалардың қалқыған түйіршіктеріне қатысты болуы, елеулі қауіп туғызады. Себебі, ондай заттар мен су ластанған кезде, міндетті түрде көптеген микроорганизмдер болады. Сондықтан, қандай жағдайда болмасын судың лайлануының себебін анықтағанша, оны санитарлық тұрғыдан сезікті деп қарау қажет. Құбыр суларының лайлылығы әр литрге шаққанда 1,5 мг-нен асуы керек, ал мөлдірлігі (судың қалыңдық қабаты) 30 см-ден төмен болмауы керек. Сапасы өте төмен сулар (лай жағымсыз иісті, бұзық дәмді) ас қорту мүшелерінің секреторлық қызметін қоздырмай зиянды физиологиялық реакциялар тудыруы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет