Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауыз судың биохимиялық қасиеттеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар



бет29/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

4.Ауыз судың биохимиялық қасиеттеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар.

Санитарлық-биологиялық көрсеткіштері арқылы ауыз судың сапасына және оны пайдалануға шешім шығаратын соңғы кезең болып саналады.

Су көздеріне ауыл шаруашылығының, ірі өндіріс орындарының, өнімдерін өңдейтін фабрика зауыттардың т.б. жолдармен көптеген патогенді микроорганизмдер түсіп, оның санитарлық жағынан адамдар мен мал организмдеріне қауіп төндіретіні белгілі. Әсіресе, инфекциялық және инфазиялық аурулардың қоздырғыштары адамдар мен малдардың организміне ластанған сулар арқылы түседі. Сібір жарасы, қарасан, бруцелез, туберкулез, маңқа, оба, листериоз, аусыл т.б. аурулардың қоздырғыштары және гельминиттер суға түсіп өте қауіпті тудыруы мүмкін. Олардың су ішінде өмір сүрулерінің ұзақтығы әртүрлі факторларға, судың температурасы, ондағы органикалық қоспалардың мөлшері мен химиялық құрамы, оттегі мен қанығуы т.б. байланысты болады. (кесте № 21).

Бірақ судағы патогенді микроорганизмдердің қатысын анықтау өте күрделі және қиын болады. Сондықтан судың микроорганизмдермен ластануын жанама әдістердің көмегі мен судағы жалпы микроорганизмдердің саны (микробтар саны), ішек таяқшасының титрін және индексін, анықтау арқылы бағалайды. Суда неғұрлым сапрафитті (жұқпайтын) бактериялар және ішек таяқшасы көп болса, солғұрлым суда инфекциялық аурулардың қоздырғыштары көбею қаупі туады. Сонымен қатар ішек таяқшасының су ішінде өмір сүруі негізінен патогенді микроорганизмдердің суда сақталу мерзіміне сәйкес келеді.

Микробтар саны – 1 мл судағы анықталған жалпы микробтардың саны. Бірақ бұл көрсеткіш болып саналмайды, себебі жасанды ортада (ет- пептонды агар) барлық микробтардың өсіп-өнуін қамтамасыз ету мүмкін емес. Таза ластанбаған және терең жер астының суларындағы микробтар саны 10-30 дан аспаса, шахты құдықтарда 300-400, ал ашық жер беті суларында – 1000-1500 дейін жетеді. Су құбырларында дұрыс тазаланып, залалсыздандыру жүрген болса, микробтар саны 100 ден жоғары болмайды.

Ішек таяқшасының титрі – немесе коли-титр – ішек таяқшасының (бір) табылған судың ең аз мөлшері (мл). Құбыр суында тазалау және залалсыздандырудан өткеннен соң коли-титр – 300 мл төмен болмайды, ал шахты құдықтардың суының коли-титрі – 100 мл болса, артезиан құдығында – 500 мл одан да көп болса, лай, ластанған сулардың коли-титрі – 001-004 мл

Коли-индекс – 1 л судағы ішек таяқшасының саны 1 л құбыр суларында коли-индекс – 3 тен аспаса, құдық суы залалсыздандырылмаса коли-индекс 10-ға дейін болады. Лас ағын сулардағы гельминиттердің құрттары және жұмыртқалары да малдардың ауруға шалдығуының ең бір басты жолы болып саналады. Өйткені геогельминиттердің личинкалары мен жұмыртқалары ондай лай, органикалық заттарға бай, суларда әжептәуір ұзақ сақталады (жылдан артық). Геогельминиттердің жұмыртқаларының ондай суларда ұзақ уақыт сақталып, қолайлы жағдай туған кезде, өзінің личинкалық сатысына дейін өсіп-өнуі, малдар арасында инвазиялық аурулардың тарап кету қаупін тудырады. Әсіресе ауыл шаруашылық объектілеріне, мал қоралары, көң қоймалары т.б. таяу орналасқан су көздерді жиі геогельминиттердің жұмыртқаларымен ластанған болып келеді. 1 л суға шаққанда 8 ден 30 ға дейін әртүрлі гельминиттердің жұмыртқалары кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет