Мал азығының сапасына санитарлық гигиеналық баға беру
Малдар аралығында кездесетін аурулардың көпшілігі жұқпалы емес аурулары кездесетін болса, оның ішінде ас-қорыту органдарының аурулары көп болады. Оның себебі азықтандырудың ережелерін бұзу, біркелкі азықтармен әсіресе қолда байлап - тұрғызып ұстау кезінде, азықтандыру немесе азықтың сапасы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмей, оларды дайындау, өңдеу, сақтау технологиясында кемшіліктер жіберуден болады.
1. Қатаң азықтардың сапасына санитарлық -гигиеналық баға беру
Қатаң азықтардың сапасына баға беру үшін органолептикалық (сезім органдарының көмегімен), лабораториялық және кей жағдайларда биологиялық әдістерді (тәжірибелік малдарға сынама) қолданады.
Көп азықтардың бұзылуы оның сақтау, дайындау технологияларының дұрыс жасалмағандығынан болғандықтан оларға санитарлық - гигиеналық баға беру көбінесе сол сақтау, дайындау органдарында жүргізіледі. Ал лабораториялық зерттеулерге олардан орта сынама алады.
Достарыңызбен бөлісу: |