Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет31/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1.Судың сапасын жақсарту тәсілдері.

Ветеринариялық-санитарлық нормативке сәйкес келмейтін сулар жасанды түрде өңдеуге жатады.

Негізгі өңдеу тәсілдері үш топқа бөлінеді: тазалау, залалсыздандыру және кондиционерлеу (сапасын жақсарту)

1. Суды тазалаудың негізгі үш түрі тараған: тұндыру, коагуляциялау (ұйыту) және сүзу.

Тұндыру – тазалауға жататын суды белгілі бір уақыт бойына арнайы ыдыстарда (тұндырғыштар) ұстап, оның ішіндегі жеңіл қалқыған органикалық және минералды қоспаларды ыдыстың түбіне түсіріп, мөлдірлігін жақсарту. Қалқыған судағы заттар неғұрлым ірі, салмақты болса, солғұрлым тұндырғыштардың түбіне жылдам түседі. Тұну жылдамғына, сол сияқты қалқыған түйіршіктердің меншікті салмағы, размерлері, формасы және судың температурасы т.б. әсер етеді. Мысалы, судың температурасы жоғарлаған сайын оның меншікті салмағы, ондағы қалқыған түйіршіктердің салмағына қарағанда жеңілейіп, тұну процессінің тез жүруіне әсер тигізеді. Судың ағын жылдамдығы да қалқыған түйіршіктердің тұнуына елеулі әсер етеді. Неғұрлым ағын жылдам болса, солғұрлым тұну жай жүреді. Тұндыру 2-8 сағат бойына жүргенде судағы қалқыған түйіршіктердің тек ірі түрлері (0,01 мм-ге дейінгі) ғана тұнады. Суды тұндыруға арналған тұндырғыштар үш түрлі болады: горизонтальды (көлденең), вертикальды (тігінен) және радиалды (шашыраған).

Горизонтальды тұндырғыштар тік бұрышты резервуарлар (ыдыс), көбінесе темір бетондардан жасалған, бір басынан екінші басына дейін судың 2-4 мм/сек. жылдамдықпен жылжып өтуіне арналған. Вертикальды тұндырғыштар көбінесе дөңгелек немесе тік бұрышты, түп жағы кең (конус) резервуарлар болып, ондағы су төменнен жоғары қарай 1 мм/с жылдамдықпен қозғалып өтеді. Радиалды тұндырғыштар – дөңгелек, өте шұңғыл емес, көбінесе темір бетоннан жасалған резервуарлар. Ондағы судың өту жылдамдығы ортасында ең жоғары болып, шетіне қарай ең аз қозғалысқа түседі. Су арнайы таратқыш құрылым арқылы ортадан шетке қарай радиалды (бытырап) жылжып, жинағыш арықшаларға түсіп отырады. Ондағы лас қалдықтар арнайы айналмалы, қырғыш құрылым мен тұндырғыштың ортасындағы орынға жиналады.

Суды тұндыру тәсілдері айтарлықтай нәтижелі тазалық бермейді. Себебі, суды ұзақ уақыт ұстап тұндырғанның өзінде белгілі аз мөлшерде ғана қалқыған түйіршіктер тұнады да, ал өте ұсақ, жеңіл, коллойдты бөлшектер, меншікті салмақтары су салмағына жуық болғандықтан, ыдыс түбіне шөкпей қалқып қала береді де, су толық мөлдірленбейді. Сонымен қоса темірдің коллойдтық қосылыстары және гуминді (шірік) заттар су түсінің өзгерген қалпын сақтап қалады. Сондықтан, суға қосымша екінші тазалау тәсілін пайдаланады.

Коагуляция тәсілі – судағы өте ұсақ түйіршіктерді химиялық заттардың көмегі мен ұйытып, ұлғайтады. Судағы коллоидты бөліктер теріс электірлі зарядты келеді. Сондықтан суға, ондағы түйіршіктерді өзіне тартып, қосып алып ұлғайтатын (ұйытатын) қарсы заряды бар заттарды пайдаланады. Одан кейін ауырлаған коллойдтық бөлшектер қалдық боп тұнады. Суды коагуяциялау үшін химиялық зат (коагулянт) – күкіртқышқылы аллюминиді (Al2(SO4)3) • 18 H2O немесе тазаланбаған глиноземді құрамында (33 %) сусыз сульфат аллюминийі бар пайдаланады. Аллюминий сульфаты суда карбонат калций және магний мен реакцияласып еритін сульфаттар және ерімейтін аллюминий сілтісін Al (OН)3 түзеді. Түзілген аллюминий сілтісі, мақта тәрізді оң зарядты түйіршіктер, судағы теріс зарядты коллоидтық қалқыған ұсақ бөлшектерді өзіне тартып алып, резервуардың түбіне тұндырып, судың мөлдірлігін жақсартады. Коагулянттар есебінде темір купоросын және хлорлы темірді пайдалануға болады. Коагуляциялау процессін тездету үшін, әсіресе магний және кальций бикорбанаттары жоқ, жұмсақ суларды, сілтілендіру үшін сөндірілген әкі немесе сода қолданады. Осы мақсатта жоғары маллекулалы заттар-флокулянттарды пайдаланыды. Мысалы, полиакриламид (ПАА) препаратының 0,5 – 1 мг/л мөлшері коагуляциялануды тездетіп және коагулянттің шығынын төмендетеді. Коагуляциялаудан соң судың мөлдірлігі ғана жоғарлап қоймай, гумин қышқылдар мен темір қоспаларының тұнбаға түсуінен, түсі де жақсарады. Коагулянттардың дозасы, судың ластану дәрежесіне, температурасына, ортасына ( РН ) мөлдірлігі, түсі т.б. байланысты 30 дан 200 – 300 мг/л дейін болады. Коагулянтты суға ұнтақ күйінде немесе 2- 5 % ерітінді түрінде қосады. Коагуляциялау процессі бірнеше сатыда жүреді әуелі ауыстыру бөлмесі деп аталатын жерде керек коагулянттың дозасын қосады да, соңынан суды реакция бөлмесіне жіберіп, онда 25 – 40 минут ұстайды. Осы уақыттың ішінде мақта тәріздес қоспа түзіліп, содан соң оны тұндырғышқа жіберіп, судағы қалқыған өте ұсақ заттар мақта түйірімен бірге қалдық түзеді. Жалпы коагуляциялау процессі тұндырудың уақытын 2-4 сағатқа қысқартады.

Сүзу – судың ішіндегі ұсақ қалқып жүрген түйіршіктер мен микроорганизмдерден, тұндыру және коагуляциядан тазармай қалған қалдықтардан арылу үшін жасалады. Сүзудің жылдамдығына байланысты ақырын, жылдам және өте жылдам болып, сүзгішке суды беруіне қарап-қысымды және қысымсыз, ал сүзгіштің размеріне қарап-ұсақ, орташа және ірі түйірлі, сүзгіштер қабатына байланысты – бір, екі және көп қабатты болып бөлінеді. Көп жағдайда сүзу судың басқа тазалау тәсілдерімен бірге жасалады. Көбінесе сүзгіден тұндыру және коагуляциялаудан шыққан суды өткізеді.

Мал фермаларын жергілікті жердің сулары мен қамтамасыз ету кезінде, көбінесе, ақырын сүзуді қолданады. Оларды су өткізбейтін материалдардан ашық немесе жабық қылып ірі резервуар (қойма) қылып жасайды. Резервуардың түбіне әуелі ірі, одан соң ұсақ қыйыршық тастар, қалыңдығы 0,6-0,9 м, ал оның үстінен ірі және ұсақ құмдар – қабаты, 0,8-1,2 метрге дейін салынады да, резервуардың түбінде сүзілген су ағу үшін кірпіштен арық немесе қыш құбырлар қойылады. Сүзу кезінде сүзгіштердің ең жоғарғы бетінде биологиялық деп аталатын, сүзілетін судың ішіндегі өте ұсақ бөлшектер мен қалқып жүрген планктондар және бактериялардан, тұратын қабыршақтар түзіледі. Солардың нәтижесінде сүзгіштің бетінде ұсақ қоспалар ұсталып, сүзу толықтай жүруін қамтамасыз етеді. Уақыт озған сайын биологиялық қабыршақ нығарланып қатады да, сүзуге кедергі жоғарлайды. Сондықтан ақырын сүзгіштерді мезгіл-мезгіл тазалап отырады. Ол үшін 1,5-2 айда бір рет қол мен (қырғышпен) 2-3 см құм қабатын сыпырып тастап, жаңа қабыршақ түзілгенше суды сүзуді тоқтата тұрады да, содан соң таза су жиылатын резервуарға ағызып жібереді. Ақырын сүзудің артықшылығы орнатып, құрудың және пайдаланудың оңайлылығы, сонымен қоса сүзудің толықтай жүруі болып саналады. Ақырын сүзуді пайдаланғаннан соң қосымша коагуляциалаудың қажеті болмайды, ал кемшілігі-өнімділігі төмен, қосымша ірі резервуарлар орнатуды қажет ететіндігі.

Ірі су құбырлы станцияларда жылдам (тез) сүзуді пайдаланады. Ол ірі темірбетонды, екі түпті жоғарғысы-тұтас, төменгісі тесік резервуар жасап, жоғарғысына қыйыршық тастар, ал сүзгіш-төменгісіне – құм (60-90 см) салып жасайды. Мұндай сүзгіштің жоғарғы қабатына коагуляциялаудан соң қалған қалдықтар ұсталып қалады. Бұлай сүзудің өнімділігі айтарлықтай жоғары болады. Әрбір 12 сағаттан соң сүзгішті таза сумен 10-15 минут бойына төменнен жоғары қарай атқылап жуып отырады. Суды тұндырып, коагуляциялап және сүзуден өткізгеннен кейін мөлдірленіп, түссізденіп, гельминттердің жұмыртқаларынан арылып және 20-25 % дейін микробтардан тазарады.

2. Ауыз суды залалсыздандыру – микроорганизмдерді, әсіресе патогенді микробтарды жою үшін қолданылады. Өйткені суды қай тәсілмен болса да, тазалағаннан соң ондағы бактериалар, оның ішінде патогенді түрлері толықтай өлмейді. Сондықтан суды төмендегідей тәсілдермен залалсыздандырады: физикалық және химиялық.

2.1. Физикалық (реагентсіз) тәсілге суды жоғарғы температурамен, ультракүлгін сәулелерімен, ультра дыбыспен т.б. залалсыздандыру жатады. Суды қайнату оңай және сенімді шағын суды залалсыздандыру тәсілі болып саналады. Көп суды бұл тәсілмен залалсыздандыру үнемдік жағынан пайдалы болмайды. Сондықтан қайнаған су мен ауру малдарды және жас төлдерді ғана суару тиімді. Ультра күлгін сәулелерін суды залалсыздандыру үшін пайдаланғанда ондағы микробтарды, вирустарды және гельминттердің жұмыртқаларын жойып жібереді. Бұл әдістің тиімділігі судың тазалығына температурасына, ондағы органикалық және минералдық заттардың мөлшеріне байланысты болады. Су мөлдір болып, онда қоспалар жоқ болса, ультракүлгін сәулесінің ең қысқа толқынды бактерицидтік аймағының сәулесі (200-300 нм) микробтардың клеткаларындағы белокты коллондтар мен ферменттеріне зиянды әсер етіп, өлтіреді.

Залалсыздандырудың бұл тәсілінің артықшылығы суды тез залалсыздандырып, оның органолептикалық қасиеттерімен құрамын өзгертпейді.

Суды бактерицидтік сәулелермен залалсыздандыру арнайы құрылымда жүреді. Залалсыздандыруға жататын су жұқа қабатпен бактериоцидтік шамдардың (сынапты кварцты немесе аргонды-сынапты) шығарған сәулелерінің үстінен өтеді. Ультра күлгін сәулелері мен тек өте таза суларды ғана заласыздандыра алады, ал кір сулардан оның қысқа толқындары өте алмайды.

Ультра дыбыстар мен залалсыздандыру кезінде де судағы микроорганизмдерді өлтіреді де, оған судың лайлылығы мен түсі әсер етпейді және ультракүлгін сәулелері секілді, судың құрамы, дәмі және иісі өзгеріске ұшырамайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет