Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 27 Дәріс тақырыбы



бет43/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 27
Дәріс тақырыбы:
Жоғары және Орта оқу орындарында өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалім шеберлігі.
1.Студенттердің өзіндік және ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен басқарудағы оқытушы шеберлігі.
Дәріс мақсаты: жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
1. Маман өзінің кәсіби білімі мен шеберлігін өмір бойы толықтырып отырады. Студенттік кезеңде кәсіби білімнің теориялық негізі қаланады. Студент өз бетімен білімін толықтырудың әдістемесін меңгеруге, кәсіби мақсаттарды шешудің жаңа әдіс-тәсілдерін табудың жолын үйренуге тиіс. Студентке ондай мүмкіншілік олардың өз бетімен орындайтын өзіндік жұмыстары арқылы қалыптасады.Өзіндік жұмыс – тек жекелеген пәнді меңгеру ғана емес, сонымен қатар оқу, ғылыми, кәсіби іскерлік, өзіндегі жауапкершілікті сезіне білу, дербес жұмыс істеуге үйрену. Сондықтан да өзіндік жұмыс білікті маман дайындаудың негізгі тиімді жолы болып табылады. Дидактикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған өзіндік жұмыс білімді тереңдетуге, толықтыруға, дағды мен іскерлікті қалыптастыруға, танымдық әрекетке қызығушылықты тудыруға, таным үрдісінің әдіс-тәсілдерін игеруге, танымдық қабілетінің дамуына, адамның дербес жұмыс істеуге және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік береді.
Өзіндік жұмыстың тәрбиелік жағы да басым. Ол адамның жеке басының қасиеттерінің (мақсат қою, ізденушілік, қызығу және т.б.) қалыптасуына әсер етеді. Өзіндік жұмыстың мақсаты мен мәнін, маңызы мен қажеттілігін саналы түрде түсінген студент оны қызыға орындайды.Өзіндік жұмысты берерде оқытушы студенттің бастапқы білімі мен іскерлік деңгейіне, материалдың (тапсырманың) түсініктілігіне, бірізділігіне, пәннің мазмұнын қамтитындай дәрежеде берілуіне үлкен мән береді.
Кейбір педагогтар студенттің өздігінен білім алуы оқытушының қатысуынсыз өтетін үрдіс деп есептейді. Алайда, өзіндік жұмысты оқу үрдісінің бір бөлігі десек, онда ол басқарылатын жүйе, яғни оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті. Өзіндік жұмыс тек қана үй тапсырмасы емес, ол – барлық сабақтардың жиынтығы. Өзіндік жұмыстың негізі дәрістерде, семинар сабақтарында беріледі. Сондықтан студенттің өз бетімен істейтін жұмысы оқытушы тарапынан қадағаланып отырады. Өзіндік жұмысты басқарудағы оқытушының әрекеті:

  • жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындау;

  • білімі мен тәжірибесін беру;

  • әрекетті ұйымдастыру;

  • өзіндік жұмысты жоспарлау;

  • оқу-әдістемелік нұсқаулар дайындау;

  • өзіндік жұмысты тексеру формасын анықтау және т.б.

Өзіндік жұмыстың нәтижелі болуы оны ұйымдастыра білумен тығыз байланысты. Ұйымдастыру жұмысы ұйымдастыру-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік болып бөлінеді. Ұйымдастыру-әдістемелік іс-шаралар: өзіндік жұмысты жоспарлау, кесте құру; оған жұмсалатын уақытты анықтау; оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету; техникалық құралдарды дайындау; тексеру формасын, мерзімін анықтау және т.б. Ғылыми-әдістемелік іс-шаралар: оқу материалымен жұмыс істеудің жолдарымен таныстыру; әдістемелік басшылық жасау; қажетті құжаттардың нұсқауын дайындау; нәтижеге талдау жасау және т.б.
Өзіндік жұмыс оқу үрдісімен тығыз байланысты болғандықтан, оны, ең алдымен, екіге бөліп қарастыру керек: дәрісханалық өзіндік жұмыс (дәрістік, тәжірибелік, зертханалық сабақтар) және дәрісханадан тыс орындалатын өзіндік жұмыс (дәріс материалдарын толықтыру, семинар сабақтарына дайындалу, реферат жазу, үй тапсырмаларын орындау, бақылау, курстық, диплом жұмыстарын жазу және т.б.).
Ғылыми зерттеу жұмысы шындықтың құбылыстарын эмпирикалық және теориялық танудың, зерттеудің тәсілдері, іс-шаралары. Педагог студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруды былай жүргізеді:

  • ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлай білу дағдысын қалыптастыру,

  • қажетті әідстерді таңдай білу,

  • экспериментті өз бетінше ұйымдастыру және зерттеу нәтижесін сапалы қорытындылау,

  • студенттердің ғылыми зерттеу жұмысын жоспарлау, жоспармен зерттеу картасын құрастыру, зерттеу тақырыбы бойынша картотека құрастыру.

Ғылыми зерттеудің таным логикасымен, оның даму деңгейі, жаңа өзекті мәселелерді алға тартады. Сондықтан зерттеуді теориялық немесе практикалық іс-әрекеттен бастаған дұрыс. Зерттеушілік өз бетімен жұмыста студент зерттеудің өзектілігін, объектісін, болжамын, пәнін, мақсат-міндеттерін және зерттеу әдістерін белгілеуді үйренеді. Бұл бағыттағы жұмысқа оқу-ізденушілік тапсырмалары, курстық және дипломдық жұмыстар жатады.
Студенттердің танымдық іскерліктерін дамыту, оларды өз бетінше ойлана білуге дағдыландыру, ой түюге, қоырытындылар жасай білуге машықтандыру – қазіргі кезеңдегі оқыту процесіндегі ең өзекті мәселелер. Мұндай жұмыстарды іске асыру үшін оқытушылардың өзі ғылыми ізденіс әдістерінің қыр-сырларымен жақсы таныс болуы керек. Өзіндік, ғылыми зерттеу жұмыстарын орындау барысында студенттер оқу-әдістемелік, ғылыми еңбектермен танысады, олардың тұщымды тұстарын, байлам түйіндерін табуды үйренеді, тезистер, аннотациялар, рефераттар, баяндамалар жазуға машықтанады, берілген тақырып бойынша ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуге, оларды сыни електен өткізуге төселеді, нәтижеде ғылыми ізденістің әдіс-тәсілдерін ұғынады. Педагогикадан немесе дербес пәндерді оқыту әдістемесінен курстық және дипломдық жұмыстар жазу студенттерді ой түюдің индукциялық, дедукциялық әдістерін меңгеруіне көмектеседі, ғылымның зерттеу әдістерін өз тәжірибесінде қолдана білуге баулиды, зерттеу барысында пайымдалған ойларын тиянақтап, дәйектемелер арқылы жазбаша баяндауға жәрдемдеседі, зерттеу жұмыстарының сан қырлы сырларын ұғынуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет