Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері


Дәріс № 28 Дәріс тақырыбы



бет44/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед шеберлик

Дәріс № 28
Дәріс тақырыбы:
Жоғары және Орта оқу орындарында ұжым қатынастарын басқарудағы мұғалім шеберлігі.

  1. Студенттер ұжымындағы қатынастарды басқарудағы тәрбиеші шеберлігі.

Дәріс мақсаты: жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
Оқу, танымдық іс-әрекетті ұйымдастырумен қатар, мұғалім тәрбие жұмысын да бірге жүргізеді.
Жоғары және орта арнаулы оқу орындарында маман дайындаумен қатар олардың жеке тұлға ретінде дамуы үшін жағдай туғызып, өз бетімен мамандық алуына, өмірде өз жолын табуына адамгершлік тұрғыдан жетілуіне көмек береді. Тәрбие – адамгершілікті, ізгі ниетті, отансүйгіш азаматтық, басқаны сыйлау қасиеттерінің иесі, саяси мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға қызмет етеді. Тәрбие жұмысының жылдық және алдағы жоспары жасалады. Жоспар төмендегі бағыттарды қамтуы қажет:
1. Кәсіптік еңбек тәрбиесін қалыптастыратын қабілеттер мен қасиеттер: таңдаған мамандығына, еңбек қызметіне тұрақты қызығушылық, қиыншылықты жеңу қабілеті, мақсатына жете білу, ерік-жігер, шыдамдылық, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, еңбек мәдениетінің дағдылары, материал мен жабдықтарды дұрыс және мұқият пайдалана білу, жұмыс орнын таза сақтау, еңбекке өз бастамасымен араласу, өзін қоршаған ортаға пайдасын тигізу, кәсіби еңбек этикасын меңгеру.
2. Рухани адамгершілік мәдениетін қалыптастыру жеке адамды жан-жақты дамыту жүйесінің басты бөлшегі ретінде.
3. Құқықтық тәрбие жеке адамды жан-жақты тәрбиелеудің өзіндік дара бір түрі есебінде жас ұрпақтың құқықтық білімін, құқықтық мәдениеті мен тәртібін қалыптастыруға тиісті.
4. Дамыған экономика жағдайында психологиялық дайындық адамның еңбек қызметіндегі жеткізілген табысының басты құраушысы болып табылады.
5. Діни тәрбие жас мамандардың діни құндылықтарды құрметтеуі.
6. Көркемдік-эстетикалық тәрбиенің аумағы - әсемдікті түсіну, қабылдау сезімін, эстетикалық талғамын дамыту.
7. Дене тәрбиесі салауатты өмір салтының негіздерін меңгеру.
8. Экологиялық тәрбие.
Тәрбиешінің негізгі іскерліктері:
 түрлі педагогикалық ситуацияларда баланың бойында, балалар ортасында болатын процестерді дұрыс қабылдау;
 балалардың өмірін ұйымдастыру;
 талап қою және сенім арту;
 зейінді тез шоғырландыру және бағытталу;
 балалармен ойнау;
 ситуацияны жан-жақты бағалау;
 көптеген педагогикалық фактілер арасынан бастысын таңдау;
 бір ситуацияда ықпал етудің түрлі тәсілдерін қолдану;
 көңіл-күйін, сезімдерін, ойларын сөзбен, мимикамен, қимылмен көрсету;
 оқу, еңбек, спорттық, көркемдік іс-әрекеті барысында балалармен қарым-қатынас орнату;
 жеке тұрғыны жүзеге асыру;
 балалардың белсенділігін дамыту;
 қиын кезеңде балаларға көмек беру;
 оқушылар ұжымының пікірін тыңдау, оқушылармен кеңесу, олардың пікірін есепке алу;
 өзін-өзі басқарудың түрлі тәсілдерін орынды қолдану;
 әрбір оқушының бойынан жақсы нышандарды іздеу, дамыту және т.б.
Педагогикада тәрбиеші шеберлігі тұтас жүйе ретінде технологиялық, әлеуметтік-психологиялық және этикалық компонентерден құралған. Технологиялық компонент – бұл формальды және шығармашылық жұмыстар
жүйесі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет