Дәріс №1 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық шеберлік компоненттері



бет42/45
Дата28.12.2022
өлшемі269,03 Kb.
#164724
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
пед шеберлик

Бақылау сұрақтары:
1. Шығармашылық дегеніміз не?
2. Педагогикалық шығармашылық кезеңдерін ғалымдардың зерттеуіне сүйене отырып, дәлелде.
3. Шығармашылықтың мұғалімдердің дамуына септігі тие ме?

  1. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін дамытудағы әрекеттік ұстаным қағидасы туралы түсіндіріңіз.

  2. Әрекеттің құрылымдары қандай?

  3. “Шығармашылық адамның өзін-өзі өзгерте алуы” деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

  4. Прогрессивті даму моделі шеңберіндегі мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің кезеңдері .

  5. Шығармашылық бейімделу кезеңі неден тұрады?

  6. Өзін-өзі іске қосу кезеңінде атқарылатын істер қандай?



Дәріс № 26
Дәріс тақырыбы:
Жоғары және Орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі.
1. Оқушылардың танымдық әрекетін басқарудағы оқытушы шеберлігі.
Дәріс мақсаты: жоғары және орта оқу орындарында оқу-тәрбие процесін басқарудағы мұғалім шеберлігі туралы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру.
Дәріс мәтіні
1.Педагогикалық әрекет бірнеше әрекеттер жүйесін құрайды. Оның ең бастысы – оқытуды тікелей ұйымдастырушы оқытушы әрекеті. Оқу – бұл оқушы мен оқытушының белсенді түрде өзара әрекеттесуі. Нәтижесінде оқушының бойында өзінің белсенділігіне сәйкес белгілі бір білім мен іскерлік қалыптасады. Педагог оқушының белсенділігін тудыратын жағдай жасап, оны бағыттайды, бақылайды, оған қажетті құралдармен, ақпарат көздерімен қамтамасыз етеді.
Оқу үрдісін басқару – бұл оқытудың берілген мақсатына қол жеткізу үшін оқытушының студенттер ұжымына немесе жеке студентке мақсатты, жүйелі түрде ықпал етуі. Басқарудағы оқытушының міндеті – басқарылатын процестің күйін өзгертіп отыру, оны белгіле нген деңгейге дейін жеткізу, дамыту.
Сабақтың тиімділігі оқушылардың танымдық әрекетін және ақыл-ойын дамыту процесін басқарудың рационалды жолдарын қолданумен қамтамасыз етіледі. Оқу үрдісінде танымдық әрекетті басқару көптеген факторларға тәуелді. Соның бірі – оқытушының өз сабағына, пәніне оқушыларды қызықтыра білу іскерлігі. Себебі қызығушылық психикалық процестердің барлығына: қабылдауға, есте сақтауға, назар аударуға, ойдлауға, ерікке жағымды әсер етеді.
Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын тудырудың негізгі шарттары:

  1. Егер оқушы, студент оқу үрдісінде белсенді болса, өз бетімен іздену, «жаңа білімді табу» процесіне енгізілсе, проблемалық сұрақтарды шешетін болса, онда оның танымдық қызығушылығы, пәнге деген және ойлау еңбегі процесінің өзіне де махаббаты артады.

  2. Оқу еңбегі, басқа да еңбектің түрлері секілді, түрлендіріліп отырса қызықты болып келеді. Біртекті ақпарат және біртипті тапсырмалар зеріктіреді.

  3. Пәнге қызығушылықты тудыру үшін оның қажеттілігін, маңыздылығын, мақсатын түсіну қажет.

  4. Жаңа материал неғұрлым өткен материалмен байланысты болса, соғұрлым қызықты болады.

  5. Оқу материалының эмоционалдығы, ашықтығы оқушыға, оның пәнге деген қатынасы ерекше әсер етеді.

Адамның өзінің ішкі ресурстарын талдау және оларды өзі таңдаған мамандықтың талаптарымен салыстыру нәтижесінде мамандық таңдалады. Мамандықты таңдау – адам өміріндегі маңызды шешім, адамның қоғамда өзін бекітуінің негізі. Мамандықты таңдау – бір сәтті акт емес, ол ұзақтығы сыртқы жағдайларға және субъектінің жеке ерекшеліктеріне тәуелді бірнеше кезеңдерден тұратын процесс.
Кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңі жоғары мектеп жасына келеді. Оның бірнеше кезеңі бар:

  • мамандықты алғашқы таңдау. Бұл кезең мамандық жайында жалпы түсінік, кәсіби таңдаудың тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл кезең кіші мектеп жасына, кейде жасөспірімдік шаққа тән.

  • кәсіптік анықталу (жоғары мектеп жасы). Бұл кезеңде кәсіби бағытталу туындап, қалыптасады.

  • кәсіптік оқу. Мектеп бітірген соң алынатын мамандықты игеру процесі.

  • кәсіптік бейімделу – іс-әрекеттің жеке стилін жасау және әлеуметтік, өндірістік қарым-қатынастарға араласумен сипатталады.

  • еңбекте өзін-өзі жүзеге асыру.

Мамандықты таңдауға қандай факторлар әсер етеді? Е.А.Климов негізгі 8 факторларды атап көрсетеді: 1) ересектер, жанұя позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) педагогикалық ұжым (мұғалім, сынып жетекшісі және т.б.); 4) жеке кәсіби және өмірлік жоспары; 5) қабілеттер және олардың даму деңгейі; 6) қоғамдық танылуға ұмтылыс; 7) белгілі бір кәсіп жайында ақпаратқа иелену; 8) бейімділіктер.
Шебер педагог жоғарыда аталған факторларды есепке ала отырып, оқушылардың кәсіптік қызығушылығын тудыру және мамандыққа деген мотивациясын күшейту мақсатында тестілеу, анкета, кездесулер ұйымдастырған дұрыс. Оған мектеп психологын, педагогикалық ұжымды, ата-аналарды қатыстырған жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет