Дәріс 1 Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары. Мақсаты



бет1/4
Дата18.10.2019
өлшемі67,91 Kb.
#50240
  1   2   3   4
Байланысты:
лекция

Дәріс 1 Эпидемиология ғылым ретінде. Эпидемиология пәні, міндеттері және мақсаттары.

2. Мақсаты: студенттердің эпидемиология медицина ғылымдарының өзіндік дербес саласы ретінде және жұқпалы ауурлар эпидемиологиясының қазіргі кездегі мақсаты мен міндеттері. Эпидемиологиялық зерттеу әдістері бойынша білімдерін қалыптастыру.

3. Дәріс тезисі:

Жұқпалы аурулар эпидемиологиясы – бұл эпидемиялық процестің объективті заңдылықтары (адамға жұғу заңдылықтары) және пайда болуын ескерту жолдары, тұрғындар арасында жұқпалы (паразиттік) аурулардың таралуы және оларға қарсы күресу туралы ғылым.

Жұқпалы аурулардың қазіргі кездегі эпидемиологиясының мақсаты – эпидемиялық процестің дамуы мен механизмдерін, талдау және ауруларды ескерту тәсілдері қолдануды және олармен күресуді оқыту. Эпидемиология ғылым ретінде екі негізгі міндетті шешеді. Біріншісі – адам қоғамындағы жұқпалы аурулардың пайда болу және таралу заңдылықтарын ашу және оқыту, екіншісі – ғылыми негізделген теориялар негізінде жинақталған алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды жасау.

Эпидемиологиялық зерттеу әдістері – бұл тәсілдер жиынтығы. Эпидемиялық процестің ретроспективті және қауырт белгілері (көріністері) үшін арналған және оның негізінде – пайда болуы мен себептерін анықтау.



4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

5. Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 2 Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым

2. Мақсаты: студенттерді эпдемиялық үрдіс заңдылықтарымен таныстыру.

3. Дәріс тезисі:

1. Арнайы қоздырғыштардың организмге енуі кезінде жұқпалы аурулар пайда болады. Микроб қоздырғышы барлық биологиялық түр ретінде, ұрпағының қайта жасауы процесі кезінде үздіксіз сақталуы мүмкін. Паразиттің ие организмінде болуы жаңа организмге ену мүмкіндігін, бұл эволоюцияда және эпидемиолог тек қоздырғышпен емес биологиялық иесімен, сонымен қатар инфекция көзімен жұмыс жасайды.

2. Инфекция көзі ретінде шынайы болуы мен қоздырғыштың көбеюі болған жерді тірі объект деп түсіну (Л.В. Громашевский).

3. Қоздырғыш көзі болуы мүмкін: А) ауру адам, бірақ ауру адам аурудың барлық кезңінде қауіпті болмауы. Жұқпалы ауру ағымы циклді, көптеген оқиғаларда өршу кезеңінде адам қауіпті болып келеді.

Б) Қоздырғыш көзі болуы мүмкін және тасымалдаушысы (іш сүзегі, сүзектерде, құрөзектерде және т.б. кезінде)

В) Жұқпалы аурулар ауруы бар арасында (бруцеллез, сібір жарасы, құтыру) кезінде жануарлар, кеміргіштер, құстар инфекция көзі болуы мүмкін.

4. Қоздырғыш бір (ауру) организмнен екінші (сау) организмге ауысуы жағдайында түр ретінде сақталуы мүмкін. Түрлік және жеке иенің ауысуы зарарланған организмнен шығуы 3 тізбектен тұрады..

Б – қоздырғыштың қоршаған ортада болуы.

В – қоздырғыштың жаңа организмге енуі

Бұл 3-уі қоздырғыштың берілу механизмін, берілу жолдары мен факторларының таралуын құрайды.

5. Эпидемиялық процестің 3 тізбегі тұрғындардың қабылдаумаушылығы үшін қажет.

4. Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

5. Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 3 Ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері.

Мақсаты: студенттерде ауруды зерттеудің эпидемиологиялық амалдары. Аурудың пайда болуының этиологиясы мен себептері бойынша білімдерін қалыптастыру.

Дәрістің тезисі: идемиологиялық әдіс жеке жағдайларды емес, көпшілік дертті жағдайларды зерттеуге және психикалық патологияға тән жалпы заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Эпидемиологиялық зерттеулер нәтижесі барлық популяция мен репрезентативті топты зерттеу нәтижесінде алынған жағдайда ғана маңызды болып табылады. Популяция бір аймақты мекендеген тұрғындар немесе қандай да басқа бір белгілері арқылы біріккен (мамандық, жыныстық, рассалық және т.б.) топтар болуы мүмкін. Популяция шизофрениямен, эпилепсиямен немесе қандай-да бір басқа аурулармен ауыратын адамдардың тобы болуы мүмкін. Көлемді зерттеулерде репрезентативті топтар құрылады.

Құрылған топ барлық көрсеткіштері бойынша популяцияға (жынысы, жасы, қызметі, білімі) сәйкес келуі керек.

Тұрғындардың психикалық денсаулығының негізгі көрсеткіштері ауыру, аурушаңдық және ауыру қауіптілігі болып табылады. Ауруға шалдығу – популяция деңгейінде бір жыл ішінде тіркелген жаңа науқастар санымен анықталады. Аурушаңдық - науқас адамдардың жалпы санымен анықталады. Аурушаңдық пен ауыру 100, 1000, 10000, кейде 100 000 дейінгі тұрғындар есебінен алынады. Интенсивті көрсеткіштер бойынша басқа да құбылыстардың таралу дәрежесі көрсетіледі: өлім дәрежесі, мүгедектік және т.б. Ауыру мен аурушаңдық және басқа да көрсеткіштер басқа сипаттамаларға қатысты көрсетіледі: нақты бір жылда немесе қандай-да бір уақыт кезеңінде, қандай-да бір жас кезеңіндегі адамдарға және т.б. Ауруға шалдығу қаупі – адам жасына қарай аурудың пайда болу мүмкіндігі және аурудың басталу жасы. Қауіп мүмкіндіктер (50 ішінен 1 мүмкіндік) немесе пайыз түрінде көрсетіледі.

Психикалық аурулардың қалаларда, аудандарда, елдердегі таралу көрсеткіштерін салыстыру науқастардың психикалық жағдайын бағалау унификациясы іске асырылғанда ғана нақты нәтиже береді.

Дегенмен мектептердің көбеюі мен диагностикалық тәсілдердің әрқилылығына байланысты ұқсас жағдайларды нақты квалификациялауды әртүрлі елдерде емес, бір ғана ел шеңберінің өзінде іске асыра алмаймыз. Ауру жағдайын бағалауда келіспеушіліктерді болдырмас үшін, психикалық аурулардың таралуы, формасы, варианты туралы мәлімет алғанда зерттеу кезінде есепке алынған сипаттаманың унификациясы қажет. Осыған байланысты біздің елімізде, эпидемиологиялықлық зерттеулер жүргізгенде тәжірибеде қолданылатын барлық негізгі нозологиялық формалар үшін психопатологиялық синдромдар глоссарийлері дайындалған. Кез-келген психикалық ауруларды бағалауға қолданылатын стандартты синдромдар жинағы құрастырылған. Синдромдарды глоссарий бойынша шифрлай отырып, диагностикалық бағытқа және мамандық бойынша дайындық дәрежесіне тәуелсіз дәрігер суреттелген синдромдардың бірімен науқас жағдайын идентификациялайды. Осылайша болашақта статистикалық өңдеу жүргізу үшін мәліметтер алуда бірлік қалыптасады. Әрі қарай мәліметтерді талдауда зерттеу кезінде нақты синдромды анықтау ауру дамуының өте ерте сатысында науқастың алдағы жағдайы жөнінде нақты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осындай жағдайда ауру ағымын синдромдардың динамикалық тізбегі түрінде қарауға мүмкіндік туады, бұл психопатологиялық үрдістің динамикалық тенденциясын, себептерді және клиникалық патоморфоз ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 4 Эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері.

Мақсаты: студенттерде эпидемияға қарсы жұмыстардың мазмұны мен оны ұйымдастыру негіздері. Эпидемияға қарсы жұмыстың құқықтық аспектілері бойынша білімдерін қалыптастыру

Дәрістің тезисі: қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі жұмыстардың мазмұны және ұйымдастырылуы.  Медициналық тасымалдау кезеңдері дегеніміз медициналық тасымалдау жолдарында орналасқан медициналық қызметтің күштері мен құралдары, олар келесі міндеттерді орындауға арналған:

- келіп түскен науқастар мен жаралыларды медициналық сұрыптау, тіркеу, қабылдау;

- науқастар мен жаралыларды санитарлық өңдеуден, олардың киімдері мен қару-жарақтарын дезинфекциядан, дезактивациядан, дегазациядан өткізу;

- жұқпалы ауруларды оңашалау;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсету;

- жаралылар мен науқастарды емдеу;

- жаралылар мен науқастарды ауруханаға жатқызу;

- медициналық тасымалдауды келесі кезеңдерде емдеуге жататын жаралылар мен науқастарды тасымалдауға дайындау.

Медицинаның тасымалдау кезеңдеріндегі бұл көрсетілген міндеттерді атқару үшін функциональды бөлімшелер қарастырылады:

- сұрыптау–тасымалдау бөлімі (ПМП),бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны немесе сұрыптау–қабылдау бөлімі(госпитальді базаның емдеу мекемелерінде);

- арнайы өңдеу бөлімі;

- жұқпалы ауруларға арналған оңашалау бөлімі;

- жаралылар мен науқастарға медициналық көмек көрсетуге арналған бөлімшелер (бригаданың медициналық ротасының таңу бөлмесі, ПМП, қосымшалардың жеке медициналық батальонының операциялық таңу бөлмесі;

- жаралылар мен науқастарға арналған госпитальді бөлім.

Медициналық тасымалдаудың негізгі кезеңдері болып табылады: ПМП, бригаданың медициналық ротасы, қосымшалардың жеке медициналық батальоны, госпитальді базаның емдеу мекемелері.

Медициналық тасымалдау кезеңдерінде орналасатын жерін анықтағанда медициналық жағдайды, тылдағы басқа да бөлімшелердің орналасуын, тасымалдау жолдарын, радиациялық, химиялық және биологиялық жағдайын еске алып отыру керек.



5.1 Медициналық тасымалдау кезеңдеріндегі эпидемияға қарсы шаралардың жалпы мақсаты мен мазмұны

Медициналық тасымалдау сатыларындағы эпидемияға қарсы шаралар әскери және ұрыс жағдайына сәйкес жүргізіледі де келесі мақсатпен жүзеге асырылады.

- әскери бөлімдер мен мемлекеттік тылға медициналық тасымалдау сатыларында инфекцияның енуін ескерту;

- медициналық мекемелердің жеке құрамында және жаралылар мен науқастар арасында жұқпалы ауруларының таралуын болдырмау;

- қарсыластың биологиялық қаруды қолданғаннан кейінгі зардаптарын жою;

Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау керек. Әрбір емдеу мекемелерінде ерте диагностикалау жүргізіледі, жұқпалы ауруларға күдікті адамдар мен науқастарды оңашалайды және ауруханаға жатқызады, жұқпалы аурулармен қатынаста болған адамдар обсервацияға жатады, санитарлық көліктің арнайы тазартылуына алаңдар құрылады. Медициналық тасымалдау сатыларында оңашалау бөлмелері болады, бұл жерде жаралылар мен науқастардың медициналық сұрыптауы жүргізіледі, олардың киім-кешектері мен аяқ-киімдерін санитарлық өңдеуден өткізеді. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде жаралылар мен науқастарға жұқпалы аурулардың жедел профилактикасы жүргізіледі және ұйымдастырылады, олардың емделуі мен госпитальдан шығуына бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар медициналық тасымалдау жолдарында жаралылар мен науқастар арасында эпидемияға қарсы қорғау шаралары ұйымдастырылады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. Медициналық тасымалдау кезеңдерінде әскердің орналасу ауданының санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіледі.



5.2 Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпте бригаданың медициналық ротасының (ПМП) жұмысын ұйымдастыру

Медициналық ротада (ПМП) жұқпалы ауруларды дер кезінде, зақымдалғандар келіп түскенде, сұрыптау постынан бастап медициналық сұрыптау процесінде анықтау керек. Қабылданған және медициналық көмек көрсету кезінде зақымдалғандар мен ауырғандардың арасында жұқпалы аурулардың симптомдары бар адамдарды медициналық ротаның (ПМП) – бөлімшелерінен тез арада оңашалау бөлмесіне жібереді. Бригаданың медициналық ротасында жұқпалы аурулардың бар екеніне күдіктенген жағдайда және алдын ала уақытылы диагноз қою аса маңызды болып табылады. Олармен қатынаста болған жаралылар мен науқастар бақылауға алынады және алғашқы медициналық карточкаға жазылады. Өміріне қауіп төнген алғашқы дәрігерлік көмекті қажет ететіндер жара таңушы бөлмелерге жіберіледі.

Жұқпалы аурулардың симптомдары бар зақымдалғандарды оңашалау бөлмесінен арнайы бөлінген санитарлық көлікпен әскери далалық жұқпалы аурулар госпиталіне тасымалдайды, қалған жұқпалы ауруларға белгілері жоқ науқастарды жеке медициналық батальонға жіберіледі. Алғашқы медициналық картасына қара жолақты белгі қалдырады. Егер аса қауіпті жұқпалы аурулармен анықталған науқастар болса бригаданың медициналық ротасы қатаң эпидемияға қарсы тәртіп жұмысына ауысады. Аса қауіпті жұқпалардың қоздырғыштары табылса немесе бұл жұқпалармен аурулар пайда болса карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргізіледі. Медициналық рота бұл жағдайда жаралылар мен науқастардың қабылдауы мен тасымалдауын тоқтатады да тек аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталған науқастарды ғана қабылдайды. Медициналық ротаға келіп түскен зақымдалған науқастарға медициналық сұрыптау жүргізіледі, оңашалау бөлмелерінің көлемін ұлғайтады, оны жеке құраммен күшейтеді. Медициналық ротаның жеке құрамына және зақымдалып келіп түскен науқастарға анықталған сызба бойынша жедел профилактика жүргізіледі.

Жедел және жалпы профилактикаға антибиотиктер немесе кең көлемде әсер ететін сульфаниламидтер қолданылады. Барлық мәліметтер алғашқы медициналық карталарға енгізіледі. Медициналық ротаның барлық функциональды бөлімдерінде ылғалды дезинфекция, келіп түскен зақымдалған науқастарға жартылай санитарлық өңдеу жүргізіледі, аяқ-киім мен киімдерді 2% монохлорамин ерітіндісімен залалсыздандырылады. Аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізіледі.

Медициналық қызметтің жеке құрамы жеке қорғаныс киімдерімен жұмыс атқарады. Бригаданың медицина қызметінің (полктың) бастығы жағдайдың факторларын анықтау мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық барлауды тез арада ұйымдастырады. Бригаданың масштабында инфекция көзімен қатынаста болған адамдарға медициналық қадағалау жүргізіліп және санитарлы-гигиеналық ережелер қатаң сақталуға тиіс. Жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушы жәндіктер табылса дезинсекция жүргізіледі. Науқастарды тасымалдаған көліктер залалсыздандырылады.

Бригаданың медицина қызметінің бастығы бөлімнің командиріне және аға медициналық бастығына тез арада бригаданың медициналық ротасына аса қауіпті жұқпалармен келіп түскен науқастар жайлы, бөлімшеде жұқпалардың таралу жолдарының мүмкіншілігі туралы, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру және қажетті медициналық көлік көмек жайлы баяндама жасауға міндетті.



5.3 Қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі қосымшаның жеке медициналық батальонының ұйымдастыру жұмыстары мен мазмұны

Қосымшаның жеке медициналық батальонының командирі жұқпалы ауруларға күдікті науқастарды анықтап және оңашалауды, науқастарды оңашалау бөлмесінде уақытша орналастыруды, биологиялық заттармен зақымдалған жаралылар мен зақымдалғандарды толық санитарлық өңдеуден өткізуді, жеке киімдерін дезинфекциялауды ұйымдастырады. Жеке медициналық батальонға келіп түскен барлық адамдардан жұқпалы ауруларды анықтау мақсатында медициналық сұрыптау жүргізіледі, бөлімшелерде көрсеткіштер бойынша обсервация немесе карантин енгізіледі, зақымдалған адамдарға медициналық бақылау, көліктерге дезинфекция жүргізіледі, жұқпалы аурумен ауырған науқастарды дер кезінде тасымалдау бақыланады және санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі.

Егер қарсылас бактериологиялық қаруды қолданса немесе қолдануы мүмкін болса, онда анықталғанға дейін 2-3 тәулік ішінде науқастарды жеке медициналық батальоннан тасымалдайды. Бұл жерге эпидемияға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күшейту күштері мен заттарын бағыттайды. Егер бактериологиялық зертханалардан оба, тырысқақ, күйдіргі, қоздырғыштары туралы «теріс» нәтиже алынса, жаралылар мен науқастарды жеке медициналық батальоннан осы топқа арналған арнайы госпитальдерге тасымалдайды.

Егер аса қауіпті жұқпалар қоздырғыштары анықталса немесе бұл жұқ-палармен ауру табылса, карантин жарияланады және қажетті шаралар жүргі-зіледі. Жеке медициналық батальонда диагноз қою үшін диагнозы анық-талмаған науқастарды қабылдауға диагностикалық бөлімшелер орналастыру керек. Биологиялық қаруды қолданған туралы күдік туса, әскери-медици-налық зертханалардың мүмкіншілігін сыртқы ортаны зерттеуге кеңінен қолдану керек. Оңашалау бөлмесі, оның орналасуы, жабдықталуы, жұмыс істеу тәртібі.

ПМП-нің құрамында 5-6 орынға, жеке медициналық батальонда және госпитальде 10-12 орынға оңашалау бөлмесі ұйымдастырылады. Соғыс уақытында оңашалау бөлмелері барлық медициналық тасымалдау кезеңде-рінде құрылады, сонымен қатар әскери санитарлық жағдайларда, әскери-санитарлық ұшақтарда, санитарлық-бақылау пункттерінде құрылады. Әскери бөлімшелердегі, санитарлық-бақылау пункттеріндегі, емдеу мекемелеріндегі оңашалау бөлмелері ең аз дегенде 2 жұқпалы ауруға құрылады. Олар жеке бөлмелерде, азық-түлік және су нысаналарынан алыс жерде орналастырады.

Оңашалау бөлмесі жеке дәретханалармен, санитарлық өткізгіштермен киім және төсек орындарының толық кешені мен ыдыс-аяқпен науқастарға көмек көрсететін заттармен, медициналық құрал-жабдықтармен, дезинфекци-ялық заттармен, инсектицидті препараттармен, киімдерді салатын бактармен, киім салатын қапшықтармен, науқастардың бөліністерін дезинфекциялайтын қақпағы бар шелектермен қамтамасыз етілуі керек. Аталған заттардың бар-лығы оңашалау бөлмелерінен тек залалсыздандырылған соң жіберілуге тиіс.

Жұқпалы аурулардың оңашалау бөлмесінен сыртқа шықпауын ескерту үшін көптеген ережелерді ұстау керек. Оңашалау бөлмесіне келіп түскен нау-қастарды міндетті түрде санитарлық өңдеуден өткізу керек, бөтен адамдарды кіргізбеу керек, науқастарды күтетін қызметкерлер жұқпалы ауруларға қарсы егілу керек. Оңашалау бөлмесіндегі қызметкерлерге шылым шегіп және та-мақ ішуге рұқсат етілмейді.

Оңашалау бөлмесіне медициналық қызметкерлер кірген кезде халат киіп, шыққан кезде халатты шешіп кету керек. Бұл халаттар тек оңашалау бөлмелерінде болады. Егер оңашалау бөлмесінде бөртпе сүзегімен науқас болса, қызметкерлерге паразиттерге қарсы заттармен залалсыздандырылған киімдер беріледі. Бөлмелер, жиһаздар, есіктердің тұтқасы хлорлы заттармен тазартылып жуылады. Киім-кешек, төсек орындар жуылар алдында құра-мында жуғыш заттары бар дезинфекциялық ерітінділерге салып қойылады. Оңашалау бөлмесінен шыққаннан кейін қызметкерлердің қолдары, аяқ-киімдері дезинфекцияланады.



5.4 Арнайы тағайындалған қатаң эпидемияға қарсы тәртіптегі медициналық жасақтың жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері

Арнайы тағайындалған медициналық жасақ әскери округтың іс-әрекеттік аумағында төтенше жағдайларды жою, ірі апаттар кезінде, жаппай санитарлық жоғалту ошақтарының маңында зақымдалғандар мен науқастарға арнайы медициналық көмек көрсету үшін орналастырылады.Арнайы тағайындалған медициналық жасақ келесі міндеттерді атқарады:

- зақымдалғандар мен жаралыларды қабылдау, медициналық сұрыптау, тіркеу, санитарлық өңдеу, орналастыру;

- келіп түскен зақымдалғандар мен науқастарға қорытынды диагноз қою;

- мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, жаралыларды және аса қауіпті жұқпалы аурумен ауырғандарды сауығып шыққанға дейін кешенді емдеу;

- емделіп шыққандарды аса қауіпті жұқпалармен зақымдалудан қамтамасыз ету;

- әскери жеке құрамның арасында аса қауіпті жұқпалардың пайда болуы мен таралуын ескерту және жұқпалардың сыртқа шықпауын қамтамасыз ету;

- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарды тасымалдаған көліктерге дезинфекция жүргізу.

Қатаң тәртіптегі аумақта сұрыптау, тасымалдау, обсервациялық, оңашалау бөлімі, рентген кабинет және зертханалық бөлім орналасады. Шектеулі аумақта жасақтың басқармасы, дәріхана және қаттамасыз ету бөлімшелері орналасады.Жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртібінің жұмысы қарастырады:

- ауруханаішілік сұрыптауды 4 лек бойынша жүргізеді:

а) аса қауіпті жұқпаларға күдіктілерді диагнозы анықталғанға дейін оңашалау бөлмесінің диагностикалық палатасына жіберіледі;

б) аса қауіпті жұқпалармен ауырған науқастар оңашалау бөлімінің госпитальдық палатасына жіберіледі;

в) аса қауіпті жұқпалы ауруларға белгілері жоқ зақымдалғандар обсервациялық бөлімге жіберіледі;

г) аса қауіпті жұқпалы ауруларға жатпайтын, бірақ басқа жұқпалы аурулардың белгілері бар адамдарды оңашалау бөлмесіне жібереді.

Эпидемияға қарсы қатаң тәртіптегі жасақтың жұмысы тағы да қарастырады:

- жасаққа келіп түскен науқастардың санитарлық өңдеу, дезинфекция, дезинсекция жүргізу, сонымен қатар жасақтың нысаналарының аймағында дератизацияны жүргізеді;

- жасақты басқа әскери бөлімдер мен мекемелерден алшақ ұстау;

- диагнозы анықталғанға дейін науқастар мен зақымдалғандарды жасақтан тасымалдауды уақытша тоқтату;

- қажет болған жағдайда жасақтың жеке құрамына зақымдалғандар мен науқастарға жедел профилактика жүргізу;

- жасақтың жеке құрамына қауіпсіздік шараларын жүргізу керек;

- арнайы тағайындалған медициналық жасақты барлық құралдармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

Арнайы тағайындалған медициналық жасақтың қатаң эпидемияға қарсы тәртіпке ауысуының шешімін округтың медициналық қызметінің бастығы жасақтың бастығының баяндамасынан кейін қабылдайды. Эпидемияға қарсы қатаң тәртіпті енгізуге жасаққа аса қауіпті жұқпалы аурулармен(оба, тырысқақ және т.б.)келіп түскен науқастар немесе емделіп жатқандардың арасынан науқастар анықталса көрсеткіштері болып табылады. Эпидемияға қарсы шараларды жүргізуге және ұйымдастыруға жасақты эпидемияға қарсы топпен толықтыру(дәрігер, бактериолог және 2 лаборант),медициналық далалық зертханамен жабдықталған, сонымен қатар жуғыш дезинфекциялық көлікпен жабдықталуы тиіс.

 Көрнекі материал: мультимедиялық дәрістің электрондық материалы (кафедрада студентке беріледі).

Әдебиет:

1. В Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии. М., 2001..

2. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

3. В.А.Кипайкин, Л.А.Рубашкина. Эпидемиология. Учебное пособие. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2002.

4. Н.Д.Ющук, Ю.В.Мартынов. Эпидемиология:Учебное пособие-2-е изд., перераб. И доп. – М.: Медицина, 2003.
Дәріс 5. Қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері.

Мақсаты: студенттерде қоғамдық денсаулық сақтау тәжірибесіндегі эпидемиология. Эпидемиологиялық бақылау және оның негіздері бойынша білімдерін қалыптастыру

Дәрістің тезисі: Соңғы жылдары елдің денсаулық сақтау саясаты қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына негізделеді. Денсаулық сақтау моделін құрастыру мәселесі жоғары дәрежелі көмекті қамтамасыз етіп, көп шығын әкелмейтін, кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейіне тәуелсіз көптеген себептерге байланысты өзекті мәселе болып табылады. Медициналық көмек көрсетудегі заманауи технологиялар, өз кезегінде адамзаттың кең қабатына арнайы медициналық көмек көрсетудің қол жетімділігін шектеп, тез арада оның құнының жоғарылауына әкеліп соғады. Көптеген елдерде халықтың қартаю мәселесі денсаулық сақтау саласында жоғары шығынға әкелуде. Стационарларда көмек көрсету көптеген дамыған елдерге ұқсас халық денсаулығын жақсартатын көрсеткіштерге үміттендірер нәтиже бермейді. Осыған байланысты денсаулық сақтау жүйесін реформалау дүние жүзіндегі бұл саланың дамуына негізгі бағыт алды. Реформалаудың негізгі бағыты болып: ғылыми дәлелденген медицина позициясынан алдыңғы қатарлы денсаулық сақтау сапасынын бағалауды әдістеу, басқарушылық жүйесінде өзгерістер енгізу, денсаулық сақтауда эпидемиологиялық мәліметтерді іріктеп талдау және шешім қабылдау модельдерін әдістеу, сол сияқты медицина қызметкерлерінің популяциялық деңгейде денсаулықты нығайту қағидаларын, қажеттілігі бойынша алдын алу бағдарламаларын енгізу болып табылады.
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру мен халық денсаулығын нығайту, сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын алу өз мақсатына жеткен жоқ. Бұл қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең қажетті бөлімдер болып табылады. Денсаулық — мақсат емес, ол әл-ауқатқа жету ретінде, жалпы жағдайдың, психиканың, мәдениет және рухани қажеттіліктерге жету жағдайы.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық денсаулық ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешудің бір жолы қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша ХХI ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіншілік, қоғамдық денсаулық пен денсаулық сақтауды ұйымдастыру саласына мемлекеттің араласуы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибелік жұмыстардың сапалы жүзеге асуына мүмкіншілік жасайды.

Мамандардың қоғамдық денсаулық сақтау саласынан толық және сапалы білім алуы, кәсіптік біліктілікті меңгеруі, теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдетуін іске асыру да бұл жұмыста өз нәтижесін береді. Дайындықтан өткен мамандардың білімі мен икемділігінің деңгейі халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ғылыми-зерттеу және практикалық бағдарламаларды әзірлеуде және іске асыруда, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ұйымдастыру жұмыстары мен менеджментте, сонымен қатар денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарындағы практикалық жұмыста олардың басым орын алуына жеткілікті болуы тиіс. Қоғамдық денсаулықты денсаулықты нығайу мақсатында, аурушаңдықтың алдын-алу және емдік шараларды негіздеп қолдану мақсатын нығайту басты бағыттардың бірі болып есептеледі.

Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау «XXI ғасырда - денсаулық бәріне» саясаты бойынша ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде материалдық-техникалық базаларды нығайту, салаларды бекіту, бірінші реттегі медициналық-санитарлық көмекті халықтың кең қабаттарына жеткізу келісілген. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті, адамзаттардың сауығуына және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын арттыру, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі басымдылығы болып келеді. Сонымен қатар ғасыр талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негізгі мәселе ретінде қалып отыр. Ол үшін білім беруді жақсарту және оны іске асыру керек. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау мәселелері негізгі кілтті бағыттар болып есептеледі. Денсаулық сақтау жүйесінде адам ресурстарын дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет