Дәріс 1 Кіріспе. Өсімдік шаруашылығы пәнінің маңызы және мәні. Жоспар



бет3/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#29092
1   2   3

Еттен жасалған тағамдардағымен салыстырғанда тары дәнінде, әсіресе, оның жармасында фосфор әжептәуір көп. Тары дәнінде төмендегі мөлшерде микроэлементтер кездеседі: цинк – 1,96 мг процент, мыс – 1,19 , йод – 1,6, бром - 0,30 мг/ процент.



Витаминдер. Тары дәні организмге қажетті витаминдерге де бай келеді. Атап айтқанда, онда B1 (тиамин), B2 (рибофлавин), PP (никотин қышқылы) және фолиев қышқылы болады. Тары дәнінің 1 грамында 1,8- 9,6 мг тиамин кездеседі. Басқа астық тұқыидастармен салыстырғанда , ондағы B1 және B2 витаминдері екі есеге жуық , ал тары жармасында фолиев қышқылы бидай, қара бидай және жүгері дәніндегіден екә есе артық болады.

Қарақұмық

Халық шаруашылығының маңызы. Қарақұмық- жеңіл сіңімді ақуыз ( 13-13,3 %) мен крахмалы ( 66-68% ) мол бағалы жармалық дақыл. Жарма құрамында 1,6% органикалық қышқылдар мен адам ағзасына пайдалы фосфор, темір, кальций және мыс қосылыстары да болады. Қарақұмық жармасы емдік қасиеті бар құнды тағам. Дән маңызы ( клейковина ) болмағандықтан, қарақұмықтың ұндық нандық сапасы төмен. Қарақұмық ұнын шелпек дайындауға ғана аз мөлшерде пайдаланылады. Сиырды қарақұмықпен азықтандырса, майы қатты болады. Сабаны мен топаны қатты малазық болғандықтан, оларды басқа жемдерге қосып пайдаланады. Сабанының күлі мен дәнінің қалдықтары- құнды тыңайтқыш. Олардың құрамында 40% аса KO , 10% көп PO және 19% дейін CaO болады.

Қарақұмық тамаша балды өсімдік. Оның егісінің әр гектарынан аралар 60-100 кг дейін дәмі мен иісі тамаша бал жинайды.

Дәнді дақылдардың ішінде қарақұмық өте қысқа вегетациялық кезеңімен (60-75 күн ) ерекшеленеді. Бұл оны күздік және ерте жаздық дақылдардың көктері шықпай қалған танаптарына қайта егуге және де аңыздық аралық дақыл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Сондай ақ қарақұмықты көк балаусасын жыртып жасыл тыңайтқышқа да пайдаланады.

Қарақұмық кәдімгі жапырақтары шыққаннан кейін тез өсіп, бұтақтанып арам шөптерді басып тастайды. Сондықтан, ол жаздық дақылдар үшін жақсы алғы дақыл, ал ерте пісетін сорттары екпе сүрі жер дақылы бола алады.

Қарақұмықтың орташа өнімі гектарына 8-12 ц, ең жоғарғысы 20-25 ц жетеді.



Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Сорттары. Мәдени қарақұмық (Polygonum fagopyrum L.) -Қарақұмық (Polygonaceae) тұқымдасына жататын біржылдық өсімдік.

Тамыр жүйесі- кіндікті, топыраққа 80 см дейінгі терендікке енеді.

Сабағы- бұтақты ,іші қуыс, сырты қырлы, биіктігі 70-100 см, піскенде қызарады.

Жапырағы- жүректәрізді үшбұрышты. Гүл шоғыры- қойын шашақгүл, жартылай шатыршагүл. Гүлдері қосжынысты. Олардын түсі ақ, алқызыл, қызыл және құрылысы да түрліше болып келеді. Бір гүлдерінде аталықтары қысқа, аналықтарының бағаншалары ұзын, екіншілерінде – керісінше, аталықтары ұзын, аналықтарының бағаншалары қысқа.

Жемісі- ашық- қонырдан қараға дейінгі түсті және әртүрлі формалы, үшқырлы, қабықты жаңғақша. 1000 дәннін салмағы18-32 грамм. Жағдайлар мен сортқа байланысты қабықтылығы 30% .
Бақылау сұрақтары:

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:


  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.


Дәріс №6

Күріш өсірудің интенсивті технологиялары.

Жоспар:

  1. Жалпы сипаттамасы. Биологиялық ерекшелігі және өсіру тәсілдері.
    Дәннің құрылысы және химиялық құрамы.

  2. Күріштің технологиялық ерекшеліктері.

  3. Күріштің сорттары.

  4. Күрішті стандарттау.


Жалпы сипаттамсы: Күріш ежелден өсіріліп келе жатқан жарма алуға арналған дақыл.Бірақ Қазақстан үшін жаңа деп айтуға болады.Тек Қызылорда, Шымкент, Алматы обылыстарында ғана егіледі. Күріш жармасы өте жұғымды, тез қорытылатын тағам. Оның құрамының 95%-і адам бойына сіңеді. Одан тек қабығын алған, бетін қажаған, жылтыраған жармалар алуға болады. Эндосперімі желім тәрізді күрішті кондитерлік тағам алуға пайдаланылады. Күрішті ақтағанда одан сақ түседі. Одан спирт, фитин, арақ, сыра,дәрігерлік крохмал және пудра алуға болады. Күріштің кебегінде белок, май, витаминдер, фосфорлы заттар- фитин, лецитин сияқты адам және малдың денсаулығына керекті заттар көп. Күріш кебегінің майлы тамақтардың тотығуына қарсы тұратын антиоксидент заттары табылған және одан фурфурол және сірке қышқылы алынады. Одан жоғары сапалы тамақтық және техникалық майлар алынады. Ол майлардың құрамында көптеген қанықпаған май қышқылдары болады. Сондықтан темір сырларын ерітетін олифа майы ретінде пайдаланылады. Одан микробиологиялық тәсілдермен ацетон, бутил спиртін алуға да болады. Күріш крахмалын 180С дейін қыздырып 77%-тік декстрин пайдаланады.Күріштің қабығынан активті көмір алады, ал сабағынан қағаз тағы басқа көптеген керек заттар алуға болады және жаздық қалпақ жасайды.

Егістік көлемі бойынша дүние жүзінде күріш бидайдан кейін екінші орында, алТМД-да Солтүстік Кавказда, Дағыстанда, Орта Азияда және Қазақстанда егіледі.

Күріш тегі дәнді дақылдар тұқымдасына жатады, түрі Егістік күріш. Біржылдық өсімдік. Тамырында ауа ұстайтын түтікшелері бар. Гүл шоқтары сіңсібас. Ол бұтақтардан тұрады. Оның ұшында гүл орналасқан.
Күріш ылғалдықты, жылылықты сүйетін өсімдік.Содықтан өніп шыққан соң піскенше суда өседі. Оны суғарудың көп түрлері бар.Біздің елде жайып суғару таралған.Жайып суғару екі түрлі болады.


  1. Өсімдік барлық уақытта суда өседі.

  2. Оқтын оқтын қайтарып суғару.

Күріш барлық уақытта суда өсетін болғандықтан піскен кезде дәнінің ылғалдығы жоғары болады.Сондықтан комбайнмен тура орып, жинау мүмкін емес.Оны алдымен орып, дестеге салып, кепкен кезде жинап бастырады.
Күріш өзімен өзі тозаңданатын өсімдік. Оның дәнінің формасына қарай Индиялық және Жапониялық деп аталатын екі бұтаққа бөлінеді. Біздің елде Жапония бұтағы егіледі. Бұл бұтақты кәдімгі және желімтәрізді күріш деп екіге бөлінеді. Кәдімгі бұрыш піскенде шашылып тұратын ботқаға, ал желім тәрізді күріш пісіргенде еріп қою ботқаға айналып кетеді.
Күріштің крахмалы көбінесе амилопектиннен тұрады. Сондықтан ол йодпен бояғанда қоңыр түске боялады.

Күріштің аршылмаған дәнін қазақша шалы дейді. Ол ортасында сайы жоқ, қабықты, қабығының ішкі және сыртқы дәні де қырлы болады. Қабығынан айырғаннан кейін алынған дән сопақтау келеді, түсі әртүрлі, ұзыны 4.4-10.0мм, көлденеңі 2.3-4.0, қалыңдығы 1.3-2.8 арасында болады. Эндосперімі шыны немесе ұнтәрізді болады. Күріштің крахмалы қырлы түйіршіктерден тұрады да, олар бірімен бірі тұтасып күрделі түйіршіктерге айналады.Екінші айырмасы, онда амилозадан амилопектин көп. Басқа дақылдармен салыстырғанда күріште белок аздау - 6.0-11.2 %-ке дейін ғана, ал басқа заттар – крохмал-58-80, қант -1.5-3.0, клетчатка -9 -12, май -2-5, минералдық заттар 5-7 % шамасында болады. Егер аршылған күрішті алатын болсақ, ондағы минералдық заттар 1.5%- ке дейін төмендейді.

Күріш піскен кезде,оның дәнінің әр қабаты әртүрлі кебеді.Сыртқы қабаты ішкі қабаттарына қарағанда тезірек кеуіп,тартылады да соның салдарынан жоғарғы қабаттарында сызаттар пайда болады.Одан жарма алған кезды,сызатталған дән сынып,саққа айналады,жарманың түсімі азайып,сақтың түсімі көбейеді.Мұндай сызаттар күрішті күн сәулесі арқылы немесе астық кептіретін агрегаттарда кептірген кезде,жоғарғы қабаттарының тезірек кеуіп,осы қабаттарының көлемінің басқа ішкі қабаттарға қарағанда тез тартылуына байланысты, көп сызаттанады, ал егер ол ақырын кемісе, ішкі қабаттарының суы жоғарғы қабаттарына алмасып үлгереді де, сызаттанған дәннің саны кенет азаяды. Бірақ бұл әдіспен кептіруді көптеген аудандарда іске асыру өте қиын және қымбатқа түседі. Күріш қоспаларында көк, піспеген, орысша меловые зерна деп аталатын сапасы төмен дәндер кездесуі мүмкін. Олар тез сынып ұсатылып кетеді. Міне осының бәрі оның технологиялық және товарлық қасиеттерін төмендетіп жібереді.

ТМД-да күріштің көптеген сорттары аудандасқан. Оның ішінде Жапон және Индия бұтағына жататын сорттар бар. Күрішті екі топқа бөледі.

1. Ұзындәнді- егер оның ұзыны көлденеңінен үш есе үлкен болса.

2. Егер дәннің ұзыны көлденеңінен екі есе ғана үлкен болса, оны домалақ дәнді топқа жатқызады. Осы топтарға Алакөл, Дубовский 29, Сантахез 52, Кубань 3, Өзбектік 5, Краснодарлық 424, Донецский 63, Узрось 7-13 сорттары жатады. Бұлардың ішінде Қазақстанда мына сорттар көп тараған.

Дубовский129- Эрритроцерос түрі. Бүкілодақтық күріш ғылыми –зерттеу институты шығарған. Өсімдіктің биіктігі 100-110 см. Сіңбісабағы тығыз орналасқан. 1000дәнінің массасы 35гр. Шамасында, қабықтылығы 18-19%. Дәні шыны ақ, домалақ.Ерте піседі 75-125 күнде.Әр гектарынан алынатын түсім 55-70ц жетеді. Жармасының сапасы өте жақсы, ақ түсті. Ботқасы өте дәмді, шашылып піседі.

Кубань 3. Сол институт шығарған. Дәні ірі, 1000 дәнінің массасы 31-33гр, шынылығы 93-94%. Жармасы мен ботқасы өте жақсы деп бағаланған. Күрішке бір стандарт жасалған -“Күріш шалы.Жармаға арналған”. Бұл стандарт бойынша күрішті үшке бөледі.1. Ұзын жалпақ дән; 2. Ұзын жіңішке; 3. Домалақ дән. Бірінші және екінші типтер әр қайсысы екі тармаққа бөлінеді. Шыны және жартылай шыны. Үшінші тип үш тармаққа бөлінген; Шыны, жартылай шыны және ұнтәрізді. Бұлардан басқа типтерге жататын дәннің саны 10%-тен көп болмау керек. Техникалық шарттар бөлімінде ылғалдылығы, дәнді және шөп –шалаң қосындылары, құрмақтың саны, сарғайып кеткен, көк, бүлінген дәндердің қай мөлшерде болуы жайлы мәліметтер берілген.



Бақылау сұрақтары:

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г


Дәріс № 7

Дәнді бұршақты дақылдар және олардың өсірудің интенсивтік технологиясы.

Жоспар:

1. Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

2. Үрмебұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

3. Май бұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

Дәнді бұршақты дақылдардың ерекшаліктері. Дәнді бұршақты дақылдарға ас бұршақ,май бұршақ, үрме бұршақ,мал азықтық бұршақ,бөрі бұршақ,жасымақ,ноқат,тағы басқалары да жатады. Дәнді бұршақты дақылдар тұқымында дәнді дақылдармен салыстырғанда белок көп болады.Белок әсіресе май бұршақ дәнінде мол( 39%). Дәнді бұршақты дақылдардың тағы бір ерекшелігі- олардың белоктарының тез организмге сіңірілуі. Май бұршақ дәнінің белогының сіңімділігі 89 процент,мал азықтық бұршақтікі – 87 процент,ал жасымық пен ас бұршақ дәнінжегі белоктың сіңімділігі 85 процентке тең.

Дәнді бұршақты дақылдарының тамырларында түйнек бактериялары болады.Солардың көмегімен ауадағы азоттан дәндері мен вегетативтік органдарына белок итүзіп қана қоймайды,сонымен қатар топыраққа азот жинайды.

Егістіктің әр гектарына дәнді бұршақты дақылдар 100 кг- нан 400 кгға дейін азот жинайды,яғни олар топырақтың құнарлығын арттырады.

Көптеген дәнді бұршақты дақылдардың өсу кезеңі қысқа,сондықтан тез пісіп,танапты ерте босатады.Мұның өзі жерді сапалы және уақытылы өңдеуге мүмкіндік береді.Осы тұрғыдан алып қарағанда дәнді бұршақты дақылдар көртеген ауыл шаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл болып саналады.

Дәнді бұршақты дақылдардың пайдалану мақсатына қарай бірнеше топқа бөлінеді,атап айтқанда,тағамдық дәнді бұршақтар (ас бұршақ,үрме бұршақ,ноқат ),мал азықтық дәнді бұршақтар (пелюшка,мал азықтық бөрі бұршақ,мал азықтық бұршақ ),техникалық дәнді бұршақ (май бұршақ) және жасыл тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын дәнді бұршақтар ( алколоидтық бөрі бұршақ).

Дәнді бұршақты дақылдардыңі интенсивті өсетін уақыты бүрлену және гүлдеу кезеңі.Дәнді бұршақты дақылдардың кемшілігі – олар жатып қалуға бейім келеді,піскен кезде сабағы ашылып,дәні шашылып қалады,яғни дер кезінде жинап алмаса,егіннің шығымдылығы төмендейді.Әр дәнді бұршақты дақылдардың сыртқы ортаның факторларына қоятын талабы әр қилы, және олардың өсу мерзімі әр түрлі.Олардың ішінде ерте (ас бұршақ,жасымақ,ноғатық ) және кеш (мал азықтық бұршақ,үрме бұршақ,май бұршақ) пісетіндері бар.Егер сыртқы ортаның факторына қоятын талабына келетін болсақ,суыққа төзімді дәнді бұршақты дақылдарға жасымақ,ноғатық,ас бұршақты,ал жылу сүйгіш бұршақты дақылдарға май мен үрме бұршақты жатқызуға болады.

Ылғалды көбірек керек ететін болғандықтан мал азықтық ас бұршақ және бөрі бұршақты жауын- шашын мол түсетін аймаққа еккен дұрыс.

Құрғақшылыққа төзімді келетін дақылдарға ноқат пен ноғатық жатады.

Дәнді бұршақты дақылдар механикалық құрамы жеңіл топырақтарда жақсы өседі.

Асбұршақ биологиялық ерекшелігі және халық шаруашылығындағы маңызы.

Ас бұршақ біздің елімізде барлық дәнді бұршақ егісінің 80% -дан астамында өсіріледі.Оны азықтық- түліктік және мал азықтық дақылдар ретінде өсіріледі.Оның тұқымдары амин қышқылдарымен теңдестірілген белокқа бай (18-35%),олар жақсы пісірілуімен және жоғары дәмдік сапасымен ерекшелінеді.Пісіп жеткен және шала піскен тұқымдары,сонымен қатар көкөністі сорттарының жасыл бұршаққаптары консерві өнеркәсібінде пайдаланылады.

Дақылдардың тарихы.Ас бұршақ бұдан 20 мың жыл бұрын бидай,арпа,тары,жасымық,атбас бұршақ және басқа өсімдіктермен қатар дақылға енген.

Сонғы археологиялық қазбаларға карағанда егістік ас бұршақтың отаны Алдыңғы Азия (Закавказье,солтүстік- батыс Иран,ішкі Кіші Азия)елдері,бұларда оның ұсақ тұқымда формалары өсіріледі.Н.И.Вавиловтың жазуы бойынша ірі тұқымды асбұршақтар екінші шығу тегіорталығына – Шығыс Жерорта теңізіне бейімделген.

Биологиялық ерекшеліктері.Ас бұршақ – барынша ерте пісетін дәнді бұршақ дақылы.Өсіп – жетілу кезеңі сортына және өсу жағдайларына байланысты 70- тен 140 тәулікке дейін созылады.Сондықтан ас бұршақ жақсы сүрі жерді иеленуші өсімдік барлық аймақтарда,ал ерте пісетін сорттары оның егіншіліктің солтүстік шекараларында өсіріледі.

Ас бұршақ – өздігінен тозаңданатын өсімдік,алайда жазы ыстық және құрғақшылықты жылдары ашық гүлденуімен қатар шамалы мөлшерде айқас тозаңдануы байқалады.

Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған сорттары:

Рамонский 77.Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ – да шығарылған.Түршесі – вульгатум.Сорт орташа мерзімде піседі,шашылуға жоғары төзімділігімен ерекшеленеді,ауруларға орташа төзімді.1000 тұқымының салмағы 180 – 250г.Ақмола,Ақтөбе,Жамбыл,Батыс Қазақстан,Қостанай,Қарағанды облыстарында өсіріледі.

Таловец 50.Ресейдің Сібір АШҒИ – де шығарылған,эвадукум түршесіне жатады.Ақмола,Қостанай,Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіріледі.

Омский неосыпающийся.Ресейдің Орталық – Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ – де шығарылған,вульгаре түршесі жатады.Ақмола ,Солтүстік Қазақстанда рұқсат етілген.

Өсіру технологиясы.Ас бұршаққа алғы дақылдар – өздерінен кейін топырақты арамшоптерден таза және жеткілікті мөлшерде қоректік заттар мен ылғал қалдыратын дақылдар.Ас бұршақ қайталама егістікті нашар көтереді,өйткені аурулармен залалданады және зиянкестермен (бізтұмсықтар, жемірқұрттар) жарақаттанады,топырақта немадодалар тез көбейеді.Ас бұршақты жаздық астық дақылдарынан кейін себуге болады.

2.Үрме бұршақ (Бадана)

Халық шаруашылығындағы маңызы.Үрме бұршақ – Америка континентінің өсімдігі. Үрмебұршақтың ұсақ дәнді тобы 5-6 мың жыл бұрын Оңтүстік Азия елдерінен өсіріле бастаған,біздің еліміздің барлық аймақтарында өсіріледі.

Үрмебұршақ тұқмы толық пісіп жетілмеген бұршағын пісірілген және консервіленген күйінде апйдаланылатын бағалы тағамдық дақыл.Үрмебұршақ тұқымында 30 % дейін ақуыз және дәрумендер мен амин қышқылджары бар.

Үрмебұршақтың өнімі гектарына 120-15 ц,ал жоғары агротехнологияда ол 20-25 ц.дейін жетеді.

Үрмебұршақтың дақыл ретінде бес түрі таралған.

1. Кәдімгі үрмебұршақ – бұталы және шырмалып өсетін формада.

2. Көпгүлді үрмебұршақ – ұзын шырмалған сабақты,ақ және қызыл гүлді,өте ірі тұқымды.1000 тұқымының массасы 700-1200 г.

3. Істік жапырақты үрме бұршақ немесе тепари.Бұталы формалары бар,бұршаққаптары жалпақ,тұқымы ұсақ.Құрғақшылыққа төзімді.

4. Лимдік немесе ай тәрізді үрмебұршақ – тағамға пайдаланылады,бұршаққаптары сопақ,қысқа және жалпақ,2-3 тұқымды,жеңіл жарылғыш.

5. Сары үрмебұршақ – ұзын жіңішке бұршаққапты және ұсақ тұқымды.

Өсіру технологиясы.Үрмебұршақтың басқа дақылдарға қарағанда топырақ құнарлығына талабы жоғары.

3. Май бұршақ. Май бұршақ- ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл және дүниежүзілік маңызы бар басты дақылдар қатарына жатады.Майбұршақтың ерекшелігі ақуыз – 33 –тен 45 % - ға дейін,20- дан 25,7 пайызға дейін май болады. Майбұршақ – жылу сүйгіш өсімдік. Алғы дақылдарға өте талғампаз,майбұршақты көңмен тыңайтылған танапқа егілген күздік дақылдардан кейін,бедеден,жүгеріден және көпжылдық шөптен кейін орналастырылады.
Бақылау сұрақтары:

1.Бұршақ тұқымдастарының биологиялық ерекшеліктері?

2.Үрмебұршақтардың неше түрі бар ?

3.Үрмебұршақтың топыраққа қоятын талаптары?



ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.


Дәріс №8

Қойбұршақ, бөрі бұршақ, ноғаттық арахис, өсірудің интенсивті технологиялары.
Жоспары:
1. Қойбұршақ халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі.
2. Бөрібұршақ халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі
3. Ноғатық халық шаруашылығындағы маңызы және биологиялық ерекшелігі.
Халық шаруашылығындағы маңызы. Қойбұршақ тағамдық және малазықтық дақыл. Оның дәнінде 30% дейін ақуыз және 7% дейін май болады. Дәмінің сапасы жақсы, бірақ езіліп пісуі асбұршақтан төмен.Дәні тағам үшін пайдаланылуымен бірге, консерві өнеркәсібінде шикізат ретінде де қолданылады. Тағамдық мақсатқа- дәні ашық түсті,ал жемге қара түсті сорттары егіледі. 100 Кг дәнінде 122 жуық малазық өлшем бар.
Қойбұршақтың көк балаусасы мен сабаны құрамында көп мөлшерде қымыздық, алма және лимон қышқылдары болғандықтан,малға жемге жарамайды. Көбіне кеңқатарлы тәсілмен егілетін бұршақ дақылы болғандықтан- жаздық дәнді дақылдарға, мақта егетін аудандарда мақта дақылына және бірқатар басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Сонымен қатар,ол оңтүстіктің ылғалы жеткілікті аумақтарындағы күздіктерге де алғы дақыл болады. Қойбұршақтың өнімі гектарына орташа 20-23 ц,құнарлы топырақтарда агротехниканы дұрыс сақтағанда 30ц дейін. Өте құрғақшылықты аудандарда ол басқа дәндібұршақ дақылдарынан гөрі өнімді көп береді.

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Сорттары
.

Қойбұршақ біржылдық бұршақты өсімдік.Кіндік тамыры,сабағы бұтақтанады,биіктігі 60см дейін.Жапырақтары қауырсынды, қосарланбаған, жапырақшалары тістіленген.Өсімдікті түгелімен түк басқан. Гүлдері жекеленген, ақ, жасыл сары, көк алқызыл түсті. Жемісі сопақ, қампиған 1-3 дәнді бұршақтас. Дәнінің формасы шартәрізді, домалақ, бұрыштылау мұрыншасы бар болып келеді.

Олардың қабығы ақ,алқызыл,алқоңыр және қара түстілері сирек кездеседі. 1000дәннің салмағы 100-600г. Суыққа өте төзімді. Қойбұршақ өте құрғақшылыққа және ыстыққа шыдамды дақыл. Топырақ талғамайды.

Елімізде қойбұршақтың Волгоградский10, Краснокутский123, Икарда1, Камила1255 және Юбилейный атты сорттар енгізілді. Агротехнологиясы. Ауыспалы егісте қойбұршақты күздіктер, отамалы және жақсы тыңайтылған жаздық дақылдардан кейін орналастырады. Негізгі және тұқым себералды топырақ өңдеулері кәдімгі ерте жаздықтардікіндей. Негізгі жане тұқым себералды топырақ өңдеулері кәдімгі ерте жаздықтардай. Сүдігер жырту ерте мерзімде 30 см дейінгі тереңдікке жүргізіледі. Фосфор тыңайтқышын га 80-90кг әсер ететін зат есебінде,ал жеңіл топырақтарында міндетті түрде органикалық тыңайтқыш береді.

Тұқымды себерден 3-4 апта бұрын 80% ТМТД препаратымен 3-5-кг,т мөлшерінде дәрілейді, ал себетін күні нитрагинмен өңдейді. Қойбұршақты ерте бір немесе екі қатарлы тәсілмен егеді. Таза, жақсы өңделген және ылғалды топырақтарға жаппай қатарлы әдіспен себуге болады.

Тұқым себу мөлшері кеңқатарлыда гектарына 0.5-0.7 млн дән (120-150кг) , ал кәдімгі қатарлыда-0.8-1.1 млн дән (200-250кг). Себу тереңдігі 6-8 см, жеңіл топырақта және топырақтың жоғары қабатында ылғал жеткіліксіз болғанда 10 см дейін.

Құрғақ ауа райында қойбұршақтың дәні басқа дәндібұршақ дақылдарына қарағанда біркелкі піседі. Бұршақбасы жарылып кетпейтіндіктен бірфазалы тәсілмен бұршақбастары сарғайып, дәндері қатты болысымен орады. Екі фазалы тәсілмен жинайтын жағдай болатын болса, онда ерте ору қажет.

Бөрібұршақ. Халық шаруашылығындағы маңызы Дәнді бұршақ дақылының ішінде бөрібұршақ дәні мен көк балаусасында ең көп мөлшерде ақуыз болатындығымен ерекшеленеді. Бөрібұршақ құрамында ащы және улы алколоидтардың болуынан көп уақытқа дейін малға жем ретінде пайдаланылған жоқ. Қазіргі кезде біржылдық және көпжылдық бөрібұршақтардың алколоидсыз сорттары бар. Бөрібұршақтың дәнінде ақуызбен қатар майларда болатындықтан, оның дәні лак-бояу, пластмасса, сабынқайнату және басқа өнеркәсіп түрінде шикізатқа пайдаланылады. Бөрібұршақтың басты маңызы-құм, күлгін және басқа да құнарсыз топырақтардың құнарын арттыру мен физикалық қасиеттерін жақсарту үшін,оның көгінің жасыл тыңайтқышқа пайдаланылуы. Бөрібұршақ-белсенді азотжинағыш,қолайлы жағдайда тамыры мен көк балаусасында 1га жерден 200-400кг дейін азот жиналады. Бөрібұршақтың жақсы жетілген және топыраққа тереңге енетін тамыр жүйесінің қиын сіңіретін фосфаттар мен басқа да қосылыстарды жақсы ерітетін және сіңіретін қабілеті бар.Сондықтан, ол құнарсыз топырақтардың өзінен көк балауса топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдырып, егістік жерде азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттармен байытады.Көк бөрібұршақ тыңайтқышы көңді толық алмастыра алады. Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Бөрібұршақ- шөптесін бұршақ дақылы.Көптеген түрлерінің ішінде біржылдық және көпжылдық формалары бар.Өсімдіктің кіндік тамыры топыраққа 2м тереңдікке дейін енеді. Сабағының биіктігі 1-1.5 м, бұтақтанады. Бөрібұршақ – күрделі саусақ жапырақты,гүлшоғыры жоғарғы ұзынша шашақгүл. Жемісі –бұршақбас.Бііржылдық бөрібұршақтың дәні ірі, ақ, сұр, шұбар, алқызыл. Көпжылдықтардікі –ұсақ, көбіне қара. Көпжылдық бөрібұршақ –айқас тозаңданатын өсімдік. Оның 3м және одан да тереңге енетін мықты тамыр жүйесі, ірі жапырақтары және ұзын 40-50см жететін гүлшоғыры бар.

Көп жылдық бөрібұршақ-тез пісетін және өте суыққа төзімді өсімдік. Осы қасиетіне байланысты оны дәнге және жасыл тыңайтқышқа ең солтүстік аймақтарға енуге болады.

Бөрібұршақтың ең көп таралған малазықтық сорттары Быстрорастущий 4, Академический 1, Носовский белосемянный, Киевский мутант.

Жасыл тыңайтқышқа пайдаланылатын бөрібұршақ сорттары - Беняконский 484 және Кировский.



Агротехникасы. Бөрібұршақты жасыл тыңайтқыш ретінде жаздық және күздік дақылдарға пайдалануға болады.Бірақ оның сидералды сүрі жердегі ролі артық.Сидералды сүрі жерге арналған танапты алдыңғы дақылды жинағаннан кейін, дереу 25-27 см тереңдікке жыртады. Қажеттілік болса жырту қабатын тереңдетеді. Келесі жылы көктемде танапты тырмалайды, кейін терең қопсытады немесе қайта жыртып тырмалайды. Көпжылдық бөрібұршақты жасыл тыңайтқышқа көктемде сидералды сүрі жердің алдындағы дақылдармен (сұлы, арпа және басқалары) бүркемеліп немесе аңызға енеді. Күзге дейін ол жақсы тырмаланып, жатаған жапырақтанып осы фазада қыстайды. Дәндік біржылдық бөрібұршақты себу тәсілі – кең қатарлы. Себу мөлшері 1гектарға 100-120 кг.Себу тереңдігі 4-5см. Бөрібұршақты себуге 3-4апта қалғанда оның тұқымын дәрілейді, ал себер күні нитрагинмен өңдейді. Нитрагинмен өңделген тұқымнан өнім күрт көтеріледі, әсіресе дән өнімі. Негізгі тыңайтқыш есебінде бөрібұршаққа гектарына 60кг фосфорит ұны мен калий тұзын береді. Өте құнарсыз құм және ауырсазды топырақтарға, әсіресе дәнге арналған егістік жерлерге күзгі өңдеуде 25-30т көң бергені жөн. Дәндік егісті бөрібұршақтың бұршақбасының 50% қоңырланғанда екі фазалы тәсілмен жинайды. Егін біркелкі піскен жағдайда комбайнмен бірден жинауға да болады. Өнім жиналғаннан кейін, оны тазалайды да құрғақ жерде сақтайды.
Ноғатық халық шаруашылығындағы маңызы

Ноғатықдақылының дәні малға концентратталған жем, ал тоқыма және пластмасса өнеркәсіптеріне құнды шикізат. Оның ірі ақдәнді сорттарын тағамға пайдаланады. Дән ақуызы асбұршақдікінен көп, бірақ езіліп пісуі мен дәмдік сапасы одан төмен.Ноғатық дәнін малдарға көптеген пайдалағанда, олардың ауруға шалдыға бастағаны байқалады. Сондықтан дәнмен шектеп қана қоректендіреді. Ноғатық ақуызға бай көк азықпен пішен береді. Оны сұлы, арпа және судан шөбімен қосып ексе, олардан алынатын қоспа жемнің ақуыздық тепе-теңдігі артады.

Ноғатық азотжинағыш өсімдік болғандықтан-жаздық, күздік дәнді дақылдар мен басқада дақылдарға жақсы алғы дақыл. Ноғатық-сұлы қоспасы екпе сүрі жерді ерте босататындықтан, күздіктер етуге топырақты уақытында дайындауға мүмкіндік туады.

Морфологиялық сипаттаамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Сорттары.

Егістік ноғатық-бір жылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырлы, жақсы тармақталған. Сабағы-төрт қырлы, бұтақтанады, қатты жатып қалады, биіктігі 60-80см. Жапрағы біржұп қауырсынды, ұшы тармақталған мұртшамен аяқталады.Гүлшоғыры - 1-2 гүлді шашақгүл. Гүлдері – ақ және көк. Бұршақбасы - 2-3дәнді. 1000 дәннің салмағы сортына байланысты 100-160гр. Дәннің түсі- ақ, сұр, қоңыр немесе шұбар.Біздің елімізде ноғатықтың негізінен ақ дәнді сорттары егіледі.


Ноғатық тұқымы 2 -3C температурада өніп, көктері 6-8С дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтереді. Жылуды жалпы қажет етуі көп болғанымен, вегетатциялық кезеңінің ұзақтығы 80- нен 110 күнге дейін.
Ноғатық құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді.
Ноғатық топыраққа онша талаптар қоймайды. Оған жеңіл құмдауыт және саз, бірақ өте ылғалданбаған топырақтар жарай берсе, қара топырақтарда өзін жақсы сезінеді. Қазақстанда ноғатық дақылының Кинельская7, Степная 287 және Али-бар сорттары Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарында аудандастырылған.

Агротехникасы.

Ауыспалы егісте ноғатық күздіктермен отамалы дақылдардан кейін орналасады. Пішенмен көказыққа оны сүрі жер дақылы ретінде егеді. Топырағын өңдеу ерте жаздықтардікіндей. Негізгі тыңайтқыш ретінде фосфор мен калийді пайдаланады. Суыққа төзімділігі жоғары болғандықтан, оны ерте мерзімде кәдімгі қатарлы немесе тарқатарлы әдістермен себеді. Дәннің ірілігімен себу тәсіліне байланысы себу мөлшері гектарына 0.8-1.5 млн дән, немесе 150-250 кг. Себу тереңдігі 6-7см, жеңіл топырақтармен ылғал жеткіліксіз жағдайларда 10см дейін. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдейді. Ноғатықты сепкеннен кейін танапты нығыздайды, ал қажет болса көктеуге дейін және кейін тырмалайды. Өте ластанған топырақтарда гербицидтермен өңдеу жүргізіледі. Тұқымдық учаскелерде гүлдеу кезеңінде таржапырақты сиыржоғышқаның өсімдіктерін өтап тастайды. Сиыржоңышқаны жапырағының құрылысы бойынша, ал гүлдеу кезінде қызыл – көк гүлімен ажыратады. Ноғатық біркелкі піседі, бұршақбастары жарылып кетпейтіндіктен егінді екіфазалы тәсілмен бұршақбастың 80% піскенде орады. Орғаннан кейін дестені 2-3күн кептіреді, сонан соң комбайынмен бастырады.



Бақылау сұрақтары:
ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.


Дәріс № 9

Сұрыптау және селекциялық материялдарды бағалау әдістері.

Жоспар:

  1. Селекциялық материялдар.

  2. Селекциялық материялдарды бағалау тәсілдері.

Селекциялық материял деп барлық селекциялық жұмыс процесінде алынған белгілерімен сорттарды айтады. Сорттық немесе селекциялық номірдіңбасты корсеткіші-олардың өнімділігі мен сапасы. Бұл өте күрделі көрсеткіштер болып табылады. Белгілі бір климаттық жағдайға байланысты жүргізіліп жатқан селекциялық жұмыстың барысында сол дақылдың өнімділігімен сапасының қандай болатынын селекционер алдын ала болжап, көре білуі тиіс. Бұл көрсеткіштер негізінен дақылдың әр түрлі өнімділігіне, климаттық жағдаға ауруға төзімсіздігіне және т.б байланысты болып келеді.
Әрбір алынған және өндіріске өндірілген жаңа сорттатжыл сайын жоғары өнім беріп, сапасы жақсы болу үшін, селекциялық материялдарды мынадай негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды:

  1. Өнімділігі

  2. Қолайсыз климат жағдайына төзімділігі.

  3. Ауруға төзімділігі

  4. Егу, күту, жинау жұмыстарына техниканы пайдалануға бейімділігі

  5. Сапасына

Селекция әдеттегі жағдайда жүргізіледі. Қарастырылған материялды екі түрлі белгісі бойынша бағалайды. Оларды тура және жанама деп атайды. Тура бағалау сорттар мен селекциялық нөмірлер, есептеу, өлшеу және т.б. жолдармен бағаланады. Ал, жанама тәсіл сорттардың кейбір қасиеттерін, биохимиялық және технологиялық көрсеткіштерін анықтауға негізделген. Көп жағдайда жаңа сортты бағалағанға қолайсыз жағдайға төзімділігі зерттеледі.

Селекциялық материялдықы далалық тәсілмен бағалағанда құрғақшылыққа төзімділігі,аурулар және зиянкестермен зақымдалуы, жатып қалуы, т.б. белгілері есепке алынады. Селекциялық материялды сынаған кезде жан-жақтылық, дәлділік және бағаны тез уақыттың ішінде беру негізгі талап болып табылады.



Материялдарды бағалау тәсілдері: Материялдарды бағалау тәсілдерін 6 түрге бөліп қарастыруға болады.

  1. Өнімділігін бағалау

  2. Қысқы суыққа төзімділігін бағалау

  3. Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау

  4. Ауруға төзімділігін бағалау

  5. Тат ауруына төзімділігін бағалау

  6. Зиянкес жәндіктерге төзімділігін бағалау

Өнімділігін бағалау:

Өнімділік- бұл бір өсімдіктен алынған орташа өнім. Белгілі бір көлемдегі егістіктің өнімі екі түрлі көрсеткішке байланысты анықталады. Олар: өнімділігі және өсімдіктің орташа саны.


Астық тұқымдастарының анықтағанда әдетте, бір масақтағы дәннің орташа саны мен 1000 дәннің салмағын негізге алады. Көп жағдайда бұл көрсеткіштер сорттың өнімділігіне дәлірек баңа береді.

Қысқы суыққа төзімділігін бағалау: Күздік дақылдардың қысқы төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекщеліктеріне байланысты болып келеді. Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалдығының аздығыныі немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температурада әсер етеді. Күздік дақыл үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кету өте қауыпты. Сонымен өсімдіктің қыстап шығу қасиеті немесе төзімділігі биологиялық қасиеттерге байланысты өте күрделі белгі.
Қысқы суыққа төзімділігін бағалаудың егістік тәсілі. Селекциялық жұмыста қысқа төзімділікті бағалауда әр түрлі егістік тәсілдер қолданылады. Қысты күні мындай егістікте қолдан әр түрлі қолайсыз жағдайлар, мысалы : бөлшекке қарды жинау немесе қардан тазалау , бетінде мұз қату үшін су құю сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Құрғақшылыққа төзімділігін бағалау: Құрғақшылық біздің елімізде жиі болатын құбылыс. Кейбір жылдары ол үлкен жер көлемін алып, барлық ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін төмендетеді. Құрғақшылықпен күресудің бірден-бір жолы- оған төзімді сорттар егу болып табылады.
Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігі дегеніміз-жоғары тепературада, ауаның төменгі ылғалдылығын да , топырақта ылғалдылықтың жетіспеу кезінде өз бойындағы судың пайдалану алқылы сапасы жақсы, жоғары өнім беру мүмкіндігі. Құрғақшылық үш түрде кездеседі.

  1. Топырақтағы құрғақшылық;

  2. Ауадағы құрғақшылық.

  3. Аралас құрғақшылық

Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі: Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау “қолдан жасалған құрғақшылық” тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз.

Ауруға төзімділігін бағалау: Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады.

Тат ауруына төзімділігін бағалау: Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі, әрі өте қатты байқалса, сорттың төзімділігін оның шалдығу тәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін пайызбен есептеу арқылы анықтайды.

Зиянкес жәндіктерге төзімділігін анықтау: Өсімдіктің зинкестерге төзімділігі дегеніміз- оның жәндіктермен залқымдаған мүшелері мен ұлпларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбас қасиеті. Ауылшаруашылық дақылдарының әр түрлі зорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты.

  1. Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі

  2. Өсіп-жетілу ерекшеліктері

  3. Сорттардың зақымданған мүшелері мен ұлпаларын қалыпқа келтіру мүмкіндігі.

  4. Өсімдіктердің ұлпалары мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.

Көптеген өсімдіктердің жекелеген органдары мен ұлпаларының өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өсіп, аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздық бидай сорттары өзінің шығуы және түптену кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртқа салу уақытынан ерте өсіп өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.

Жатып қалуға төзімділігін бағалау: Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механиқалық жолмен жинаудың қиындатуымен қатар, көптеген шығынға ұшырады. Интенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады. Дәнді дақылдардың жатып қалуын екі түрге бөлінеді:

  1. Дақылдардың сабақтан жатып қалуы.

  2. Тамыр түйінен жатып қалуы.

Бірінші жағдайда масақ өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.

Дәннің төгілуіне төзімділігін бағалау: Сорттың төгілуге төзімділігін анықтайды өте қарапайым, әрі кең тараған тәсілі-оны егіс алқабында , өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5,10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы төгілген дәнді есептен пайызын шығарады.

Өнімінің сапасын бағалау.Кез келген сорттың шаруашылықтың құндылығы тек қана белгілі бір жерден алынған құндылығы өнімнің көлеміне емес, сонымен қатар оның сапасымен анықтайды.Ұн шығаруға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, пішіні, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі, нан пісіретін сапасы сияқты белгілерін пайдаланады. Ұнның нан пісірлік қасиетін бағалағанда 100г ұннан шыққан нанның мөлшері, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сортары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді:

А-ең жоғарғы сапа;

В-орташа сапа;

С-төменгі сапа.

Тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың пайызы, дәнде ұзақ сақталуы, қант қызылшасында қанттың құрамы есепке алынады.


Бақылау сұрақтары:

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г


Дәріс №10

Мемлекеттік сорт сынау және сорттар мен будандарды аудандастыру.

Жоспар:


  1. Мемлекеттік сорт сынау жолдары және басты міндеттері

  2. Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі.

Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті – ауылшаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттарымен будандарын аудандастыру және өндіріске енгізу. Сорт сынау телімдерімен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ – климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.

Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау телімдері мынадай түрлерге бөлінеді: Егістік дақылдар телімдері, көкеніс дақылдар телімдері. Көптеген сорт телімдерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаңмен, қара күйемен жасанды зақымдануы кезінде бағалайды.

Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау телімдерімен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылған сорттарды ауыспалы егістің әртүрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Сорт сынау мен жаңа соттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер телімін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты а\ш дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен біріңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі қайталану 4-6 рет. Мөлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100м2. Шағын габарттті техниканы пайдаланған кезде мемлмкеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мөлдектер мөлшерін 25, тіпті алты рет қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлакеттік сортсынауға берілетін сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ климат аймағының барлық сынау телімдерінде тез сынауға мүмкіндік береді.

Сорттар шаруашылық – биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша былай бағаланады : өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге төзімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.

Мемлекеттік сорт сынау әрбір сорт сынау теліміне 3 жылдан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мөлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорттарды 2-3жыл ішінде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі қарайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.

Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізіуі мүмкін. Мөлдектерге 1-2 жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау телімі өз аймағының шаруашылықтарында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мөлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сорт сынау телімдерінің басым көпшілігі төңірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.



Жаңа сорттарды мемлекеттік сорт сынауға енгізу тәртібі.

Егер селекциялық тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігімен сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекеттік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілерімен биологиялық қасиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқы суыққа, құрғақшылыққа төзімділігі, интенсивті технология бойынша егіп өсіруге жарамдылығы.

Жаңадан шығарылған сорттарды ғылыми зерттеу мекемесі үш жылдық конкурстық сорт сынау мен 1-2 жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша оған сипаттама ұсынылады, онда санау санау нәтижелері келтіріледі және сорттың агротехникаға қоятын талабы көрсетіледі.

Ғылыми зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау телімдеріне жіберу үшін өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы керек. Бірінші жылы барлық сорт телімдері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми зерттеу мекемесінен тікелей алады. Кейінгі жылдары өздігінен тозаіданатын сорттардың тұқымын сорт сынау телімінде өсіреді. Айқас тозаңданатын дақыл сортының тұқымдардың сорт сынау телімдері жыл сайын өз облысының селекциялық тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау телімдерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау участкесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сор сынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен және оларды аудандастырумен аяқталады.

Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халықаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысал, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Ұлыбританияның, Франияның, Италияның, Португалияның, Жапонияның кптеген сорт сынау телімдерінде сынақтан өтті. Олар өздері сынайтын барлық а.ш дақылдарының жоғары өнім беретін сорттарын шығарады. Сондықтан да, еліміздің сорт сынау телімдерінде дәнді дақылдардың орташа өнімділігі басқа шаруашылықтрға қарағанда екі еседей жоғары.



Бақылау сұрақтары:

  1. Сорт сынаудың селекциялық тәжірибеде алатын орыны қандай?

  2. Сорт сынау дегеніміз не?

  3. Сорт сынаудың ғылыми зерттеу жүргізуде алатын орыны қандай?

  4. Дүни жүзі елдерінде сорт сынау қалай жүзеге асырылады?

ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі әдебиет:

  1. Қ. К. Әрінов, Қ.М. Мұсынов, А.Қ. Апушев, Н.А. Серекпаев, Н.А. Шестакова, С.С. Арыстанғұлов «Өсімдік шаруашылығы» , Алматы-2011жыл

  2. М.М. Жанзақов. Өсімдік шаруашылығы. Алматы, 2007 жыл

  3. М.И. Кондрашкина Лабороторно-практические заниятия по растениеводству, Москва-2006 г

Қосымша әдебиеттер

  1. И.А. Абугалиев. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985 ж

  2. В.Ф. Белик. Бахчевые культуры. М., Колос,1980 г.


5 СОЖӨЖ және СӨЖ тақырыптары



СОЖӨЖ

СӨЖ





Аудитория

Аудиториядан тыс

1

Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері.

Дәндік жүгері өсіру технологиялық картасын жасау

Май бұршақ, ноқат өсімдіктерінің құрлыс ерекшеліктері, түрлері мен топтарын анықтау.

2

Жаздық бидай өсіру технологиялық картасын жасау

Ас бұршақ өсіру технологиялық картасын жасау

Бадана және жасмық құрлыс ерекшеліктері. Түрлнрі мен түршелерін анықтау.

3

Жаздық арпа өсіру технологиясы

Май бұршақ өсіру технологиялық картасын жасау

Бөрі бұршақ құрлыс ерекшелігі. Түрі мен түршелерін анықтау.

4

Сұлы өсіру технологиясы

Қонақ жүгері өсімдігінің құрлыс ерекшелігі. Түрлері мен топтарын анықтау.

Күздік бидай өсіру технологиялық картасын жасау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет