Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі: Егістік тәсілдің көмегімен сорттар қолдандың құрғақшылыққа төзімділігін тек қана құрғақ жылдары бағалауға болады. Өсімдіктің құрғақшылыққа төзімділігін анықтау “қолдан жасалған құрғақшылық” тәсілін қолданыды. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз.
Ауруға төзімділігін бағалау:Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолдармен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады. Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жұқтыратын питомниктерде өршіту тәсілін пайдаланады.