3. Картель - олигополист фирмалардың баға, өндіріс көлемі жөніндегі шешім қабылдау үшін бірігуі. Көптеген елдерде картельге бірігуге тыйым салынған (Мысалы: Қазақстан Республикасында). Егер жетекшілердің заңсыз әрекет етіп жатырғаны белгілі болса, олар жауапқа тартылады. Заңды ұйымның бірі – ОПЕК – 1960 жылы құрылды. Картель монополияның құрылуына жағдай жасайды. Сондықтан фирмалар жалпы пайдалануын арттыру үшін құпия келісім жүргізеді. Оның бір нысаны – баға белгілеудегі лидерлік. Лидер болу үшін төмендегі шарт орындалуы керек:
Лидер басқа фирмалардан экономикалық қуаттылығы, техникамен қарулануы жағынан басым болуы керек.
Ол Р МС болатындай етіп баға белгілеу керек.
Лидер үнемі бәсекелестерімен санасып отыруы керек.
Лидердің өзгеруі барометрлік лидерлік деп аталады.Егер нарықтағы фирмалардың үлестері бірдей, өндіріс шығындары, көлемдері бірдей дерлік болса, оны келісу нәтижесі бойынша лидерлік деп аталады.