Дәріс 10. Монополиялық бәсеке және олигополия жағдайындағы фирманың қылығы Дәріс жоспары
1. Монополиялық бәсеке нарығына жалпы сипаттама.
2. Монополиялық бәсеке нарығындағы өндіріс көлемі мен бағаны анықтау.
3. Олигополия нарығындағы модельдер.
4. Картель және құпия келісім.
1. Егер нарықта бірдей емес бірақ бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін немесе қызмет көрсететін фирмалар саны көп болса, мұндай нарық монополиялық бәсеке нарығы деп аталады. Онда монополияның да, жетілген бәсекенің де белгілері болады.
Монополиялық бәсеке нарығының белгілері:
нарықта бір-бірімен бәсекелесуші фириалар санының көп болуы;
өнімдердің дифференциалдық сипатқа ие болуы;
салаға кіру-шығу кедергілерінің жоғары болмауы;
жарнаманың жүргізілуі.
Фирмалар монополиялық сипатқа өнім дифференциясы арқылы ие болады. Өнім дифференциясы –өнімдердің өзіне ұқсас өнімдерден ерекшеленуі. Бұл өнімнің сапасына, бағасына, сыртқы орамасына, құрамына т.с.с. байланысты 2 бірдей өнімнің болуы мүмкін емес. Монополиялық бәсеке нарығында, дәлірек айтқанда, ауыстырушы тауар сатылады. Дифференциалды фирманың қызмет көрсету сапасына, сатудан кейінгі қызмет көрсетуге, фирманың ыңғайлы жұмыс режиміне, орналасуына байланысты болуы да мүмкін.
Монополиялық бәсеке мысалына нарықта ең көп тараған: шаштараз, мини-маркет, әсемдік салоны, дәріхана, тұрмыстық-химия бұйымдары, кондитерлік, макарон өнімдері т.с.с.(жеңіл тамақ өнеркәсіп, қызмет көрсету ) жатады.
Көп капитал қажет болмағандықтан салаға кіру кедергілері жоғары болмайды.
Монополиялық бәсекедегі ерекшелік - жарнаманың жүргізілуі. Жарнама жетілген бәсекеде болған жоқ, өйткені онда стандартты өнім шығарылады. Монополист үшін жарнамаға шығындалуының қажеті де жоқ. Яғни байқап отырғандай, монополиялық бәсеке нарығындағы монополиялық сипатқа ие болу өнімнің дифференциалдығымен байланысты. Бірақ монополиялық билік шектеулі. Ал көп фирмалар арасындағы бәсекенің болуы жетілген бәсеке нарығының белгісі. Монополиялық бәсеке нарығының сұраныс қисығы теріс көлбеулі және монополистікіне қарағанда тіктеу болады. Р МR. Ал жеке фирманікі горизонталь болуы мүмкін.
2. Монополиялық бәсекелесуші фирманың сұраныс қисығы бәсекелес фирмалардың сұраныс қисығы сияқты абсолютті икемді болмайды. Басқаша айтқанда, абцисса өсіне параллельді емес, теріс көлбеулі болады. Бұның басты себебі монополиялық бәсекелес фирманың тауарларының өзіндік қасиеттері болуы. Монополия кезіндегі фирманың сұраныс қисығы саладағы сұраныс қисығымен бірдей дедік, себебі осы тауарды өндіру саласында фирма – тек бір ғана өндіруші болады. Ал, монополиялық бәсеке кезінде фирма тауарының өзіндік қасиетіне байланысты нарықтағы өз сегментінде ғана монополист болып есептеледі. Сондықтан оның сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады: баға төмендеген сайын сату көлемі көбейеді.
Екіншіден, фирманың ұтымды өнім өндіру механизмі белгілі. Басқа нарықтық құрылымдардағы сияқты монополиялық бәсекелес фирма пайдасын мейлінше арттыру мақсатында шекті шығын шекті түсімге тең болғанға сәйкес келетін өнім мөлшерін шығарады. Бұл шарт төмендегідей болып жазылады.
МС = МR
Басқаша айтқанда, өнімнің тағы бір қосымша бірлігін өндіруге жұмсалатын шекті шығын осы өнімді сатқанда түсетін шекті түсімнен артық болғанша фирма өнім өндіруін жалғастырады. Қысқа мерзім кезеңіндегі монополистік бәсеке фирмасының іс-әрекетін талдау жасағанда, басқа бәсекелес емес нарықтық құрылымдармен ұқсастықтары байқалады.
Монополиялық бәсеке нарығына кіруге тосқауыл қойылмайды. Сондықтан фирмалардың алатын экономикалық пайдасы ұзақ мерзімде осы нарыққа басқа фирмалардың кіруіне себеп болады. Жаңа келген фирмалар саладағы бұрынғы фирмалардың өнімдеріне ұқсас және оларды алмастыратын өнімдер өндіре бастайды.
Бұның нәтижесінде ескі фирмалардың сұраныс қисықтары төмендейді, өйткені тұтынушылардың кейбір бөлігі жаңа фирмалардың тауарын ала бастайды, сондықтан ескі фирмалардың нарықтағы үлесі азаяды. Бұл жағдай экономикалық пайда азайып, сұраныс қисығының орташа жалпы шығынды жанап өткенге дейін жалғасады.
Жетілген бәсеке нарығындағы фирмалар сияқты ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсекелес фирмалардың экономикалық пайдалары нольге тең болады. Екі фирманың бұл қасиетінің ортақтығы фирмалардың салаға жеңіл кіріп, одан шыға алмайтындығының нәтижесінде болып отыр.
Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік нүктесінің тағы бір ерекшелігі ол АС ең төменгі нүктесінен жоғары орналасқан. Дәл осы ерекшелік монополиялық бәсеке нарығы мен толық бәсеке нарығының айырмашылығын анық көрсетеді. Неге бұл екі нүкте бір-біріне дәл келмейді? Өйткені АС ең төменгі нүктесін жанап өту үшін сұраныс қисығы горизантальды болуы керек. Бұл шарт жетілген бәсеке нарығында орындалады да, монополиялық бәсеке нарығында орындалмайды.
Ұзақ мерзімдегі монополиялық бәсеке нарығындағы тепе-теңдік баға мерзімдегі бәсекелестік бағамен жоғары болады. (бәсекелестік нарықтағы баға орташа шығынға тең екенін ескерте кетейік). Басқаша айтқанда, монополиялық бәсеке нарығы тұтынушыларды тауар үшін “артық” ақша төлеуіне мәжбүр етеді. Екіншіден, монополиялық бәсеке кезінде өнім көлемі ұтымды өнім көлемінен аз өндіріледі. Ал толық бәсеке жағдайында әр фирма ұтымды өнім көлемін орташа шығындардың ең аз мәніне сәйкес өндіреді.
Нарықтағы сұраныс қисығы жатыңқылау, ал фирманың сұраныс қисығы тіктеу болады. Бұл икемділікпен байланысты. Енді монополиялық бәсекені жетілген бәсекемен салыстыратын болсақ, Pм.б. Pб. , Qм.б. Qб. Қысқа мерзімде фирма пайда табуы да, зиянға ұшырауы да мүмкін. Ұзақ мерзімде экономикалық пайда 0-ге тең. Өйткені, салаға кіру кедергісі жоқ.
Пайда көру мақсатында басқа фирмалар осы салаға келе бастайды. Бәсеке заңына сәйкес, бәсеке күшейсе, баға төмендейді. Баға АС-ға дейін ғана төмендейді және осы кезде экономикалық пайда нольге тең болады. Бірақ Рм.б. АСmin . Бұл дегеніміз монополиялық бәсекедегі фирма өндіріс қуаттылығын толық пайдаланбайды деген сөз.
Кейбір фирмалар бағалық дискриминация саясатын қолданады. Өнімді дифференциялау жағдайында бағалық емес бәсеке үлкен роль атқарады(жарнама, сапа, сервис, тауарлық марка, патент). Мысалы тұрмыстық тауарлар алғанда олардың гарантиялық мерзімінің маңызы оның бағасының маңызымен артып кетпесе, кем түспейді. ҒТП-тің дамуына байланысты өнімдер көптеп шығарады. Сондықтан әр фирма өнімін өткізу үшін жарнама жүргізеді.