Дәріс 7 . Өндіріс шығындары “Микроэкономика” курсының аталып отырған тарауы өндірістегі өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты шығындардың қалай өзгеретінін талдауға арналған. Бұл байланысты зерттеудің маңызы өте зор, себебі фирмалардың өндірістік шешімдер нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өндірілетін өнім көлемінің өзгертуі жалпы және орташа шығындарды өзгертеді, ал бұл жағдай баға мен фирмалар ұсынатын тауарлардың мөлшері арасындағы қатынасқа едәуір ықпалын тигізеді.
Бұл тақырыпты қарастырғанда өндірістің экономикалық және бухгалтерлік шығындарын ажырата білу керек.
Бухгалтерлік шығындарға өндірістің есеп беру кезеңіндегі нақты шығындары жатады және олар шығарылатын өнімнің өзіндік құнының құрамына кіреді. Оған мыналар жатады: шикізат пен материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысыз, амортизация-лық өтемдер, жол төлемі, салықтар.
Ал экономикалық шығындарға біз жалпы, барлық шығындарды жатқызамыз, оның ішінде фирманың өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланғандағы айқынсыз шығындар да бар. Бұл факторларға меншік иесінің (фирма басқарушысының) еңбегін, жерді, капиталды – барлық нарық құны бар және оларды балама қолдағанда төлем алуға болатын факторларды жатқызамыз. Сонымен, экономикалық шығындарға біз фирманың өз ресурстарын қолдағандағы табысты да кіргіземіз.
Бұдан былайғы талдауымызда өндірістік шығындарды экономикалық шығындар деп түсінеміз.