Дәріс №1 Пәнге кіріспе



бет38/48
Дата14.12.2021
өлшемі365,17 Kb.
#127167
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Байланысты:
Д ріс №1 П нге кіріспе

Дәріс № 12,2

1.Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі.

2.Тәуелсіздік тұсында көне түркі жазуының және түркі мәдени ескерткіштерінің жан-жақты зерттеле бастауы.  

3.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектерінде Қазақ халқының қалыптасуына байланысты өзекті мәселелердің көтерілуі және Қазақ хандығының қалыптасуының тарихи алғышарттарына жаңа көзқарас.


1. 2014 жылы Жезқазған өңіріне сапарлаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлытау төрінде сұхбат беріп, ұлт туралы толғаныстарын жұртшылыққа жеткізген еді. Сұхбат барысында бүгінгі экономика мәселелерінен бастап, ұлт тарихы, тіл тағдыры, дін ахуалы төңірегінде әңгіме өрбіді. Қазақ елінің киелі мекені, рухани орталығының бірінен саналатын Ұлытаудағы Елбасы сұхбатының бір төркіні төл тарихымызға байланысты болды. Президент Н. Назарбаев Ұлытаудағы сұхбатында шындығында біздің тарихымыздың терең екендігіне жан-жақты тоқталды. Жалпы қазақ тарихын, оның ішінде түркілердің, біздің ата-бабаларымыздың тарихын өзімізден гөрі өзгелер көбірек зерттеген екен.Елбасымыз - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жезқазған сапары барысында Қазақстан аумағындағы киелі де қасиетті, тарихы терең мекен Ұлытау етегінде берген сұхбатында айтылған негізгі ойлар қазіргі кезде көпшіліктің көкейінде жүрген сан алуан сұрақтарға жауап берген пайымды пікір болды.

Тәуелсіздік алғалы бері талай рет айтылып, талқыға салынған, қызу пікірталастар мен ұсыныстарды бастан кешірген тіл мен дін мәселесіне Елбасы өз сұхбатында жан-жақты тоқталып, осы тұрғыдағы көзқарасын «тайға таңба басқандай» етіп жеткізді. Діни экстремизм мен жалған наным-сенім негізінде туындап жатқан лаңкестік оқиғалары белең алған заманда шынайы дінді жалған діннен айыра білу аса маңызды.

Мемлекеттік тілдің өзекті мәселесі төңірегіндегі пікірталастар да толастар емес. Кеңес үкіметі кезінде шұбарланып, тарихи тілімізден енді айырыламыз-ау деген кезеңде еліміз егемендік алып, ана тіліміз аман қалды. Мемлекеттік тіл дәрежесі беріліп, заңмен бекітілді. Содан бері қарай мемлекеттік тілді дамыту мақсатында талай іргелі істер жасалынып, түрлі жобалар жүзеге асты. Мемлекет басшысы да өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауында мемлекеттік тіл мәселесін қозғап, осы орайда түрлі тапсырмалар беріп жатады. Ұлытау төріндегі сұхбатында да Елбасы осы түйткілді мәселеден айналып өте алмады.

«Экономика өсіп-өнбесе, басқа шаруаның бәрі шешілмейді. Тіл де, дін де жайына қалады. Қазақтың да жағдайы жақсармайды» дейді өз сұхбатында Елбасы. Ал қазіргі жаһандану жағдайында, көптеген елдерде дағдарыс мәселесі толықтай шешілмеген кезеңде ел экономикасын үдемелі түрде алға дамыту мақсатында Қазақстан инновациялық даму жолын таңдады. Инновациялық экономика – мемлекет дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі.

Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төрінде берген сұхбаты Қазақстанның әрбір тұрғынына ой салатын, алға қарай дамып, озуына түрткі болатын толғақты ой, толымды тұжырымға толы тарихи сөз болды.
2. Ұлттық ғылым тәуелсіздік алған жылдар ішінде түркітану бағытында біршама жетістіктерге жетті. Қазақ және өзге де түркі халықтарының этносы мен мемлекетігін, тілі мен графикалық жүйесін (жазбаларын), тарихи-мәдени және этносаяси жағдайын ғылыми түрде жан-жақты әрі жүйелі зерттеу түркі тілдес халықгар үшін, оның келешек ұрпағы үшін құнды қазына болып табылады.  Қазақстан мен Орталық Азия және Онтүстік Сібір жерлерін мекендеген түркі тілдес ру-тайпалар бірігіп, VI ғасырдың, орта шенінде "Түрік кағанаты" деген атпен өз алдына мемлекет қүрғаны тарихтан белгілі. Осы кағанаттың құрамына енген тайпалык, одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, тәуелсіздігі үшін алапат қақтығыстар мен жойқын соғыстарды басынан кешті. Тұс-тұстан қаумалаған дұшпандардың шапқыншылығынан қорғанған түркі ру-тайпаларының жорықтары қол бастаған ержүрек, дана іскер басшылардың ерлік істерімен, оған тіреу болар ел бірлігімен жүзеге асты. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, Тоныкөк, Білге, Бумын кағандар әрі тарихи, әрі әдеби дастан жырлардың кейіпкерлеріне, сомды тұлғаларына айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін сол заманның данагөй білімдарлары өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазумен тас бетіне түсірді.

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткішттер көне дәуірдің қоғамдық-мәдени, әрі әдеби тұрмыс-салт өмірлерінен хабар беретін жәдігер қазына ретінде бүгінгі күні барлық түркі тектес халықтарға ортақ мұраға айналды. Түркінің сар даласының ішкі сырын бойына сіңірген таңбалы тастар қас батырдың ерлігіндей сан ғасырларды аттап, өз заманының шындығы мен қайгы-қасіретін, амал-әрекетін бейнелеп, еш өзгерместен күні бүгінге жетіп отыр.

Көне түркі руникалық мәдениетінің біздің заманымызға дейін сақталып жеткен тас үстіндегі жазулармен бірге пайда болып ғана емес, сонымен бірге біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында қалыптасқан айрықша да бірегей дүниетанымдық құбылыс ретінде қарастыруға болады.

Тәуелсіз елдің көк байрағы желбіреп жатқан тұста 2001 жылы 18 мамырда Қазақстан Республикасы атты тәуелсіз мемлекеттің елордасында қазақ деген халықтың ғана емес, бүкіл түркі дүниесінің тарихында өзіндік орнын ойып тұрып алатын орасан оқиға болды. Осы күні түркі заманының ұлы ескерткіші – Күлтегін жазуының ғылыми көшірмесі, оның заңды мұрагері, қазақ елінің жер кіндігіне әкеліп орнатылды. Сонау Моңғолия сахарасында жер мен күнге  қақталып, талай зобалаңдарға кезігіп, енді нағыз отанына үш жүз жылдан кейін оралып отырған Күлтегін баһадүрдің, елін-жерін қорғай білген қағанның құлпытасы  елімізде қоныс тебуі – ұлы оқиға, тарихқа жасалған көп қиястықты жөнге салған құбылыс. Енді кім де болса қазақ халқының тарихы алыста, сыры тереңде жатқанын ұғар, түсінер. Шынында да, көне түркі жазба ескерткішінің  әлеуметтік-тарихи мағынасы сол – түркі елі көшбасшыларының халық пен ата-жұртқа  деген терең сүйіспеншілігі өзек болатын темірдей ерік-жігері. Елбасы Назарбаев: «Біздің еліміздің халықтары ұлы ата-бабаларымызды әбден орынды мақтаныш етуге құқықты, ал Бумын, Естемі, Білге қаған, Күлтегін сынды алғашқы қағандардаң есімдері ежелгі ерте заманының  өзге ұлы әскери қолбасшыларының және мемлекет қайраткерлерінің есімдерімен әбден қатар тұра алады»,-деп асқақ рухты, елін, туған жерін сақтап қалуға тырысқан, мемлекет болуға ұмтылған тұлғалардың елдік пен ерлік істеріне жоғара баға береді.

Көне ескерткіштің қазақ халқы үшін тағы бір маңызы – ата түркінің бір жармағы ретінде өзіміздің жазба мәдениетіміз сонау VI-VIII ғасырлардан бастау алғандығы біз үшін зор мақтаныш. өзім осы тақырыпты зерттеу кезінде байқағаным – ескерткіш тіліндегі сөздердің байланысу түрлері қазіргі қазақ тілінің заңдылықтарына ұқсастығы. Атап айтсақ, қазіргі қазақ тілінде сөздердің байланысу түрлерінің бес түрі де ескерткіш түрінде кездеседі.
3. Ең жаңа тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның өз мемлекеттігін құру мәселесі. Тарихымыздың басқа да түйінді мәселелері сияқты, мемлекеттігімізді қайта құру мәселесі де тұңғыш Президентіміздің еңбектерінде жан-жақты айтылған, яғни деректану ғылымының тілімен айтсақ, Н.Ә. Назарбаев еңбектерінде мемлекеттігімізді қалпына келтіру тарихы, алғашқы нақты іс-шаралардан бастап, жан-жақты бейнеленген. Сондықтан Н. Назарбаев еңбектеріне тәуелсіз Қазақстан мемлекетін қалыптастыру, нығайту және дамыту тарихының дерек көзі ретінде талдау жасау, тек деректану ғылымының ғана емес, жалпы Қазақстан тарихнамасының да өзекті мәселелерінің бірі болып табылатындығы күмәнсіз.

Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген еңбектерінде өз мемлекетімізді қайта қалыптастыру тарихының бейнеленуі Н. Назарбаев еңбектерін тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының маңызды жазба дерек көздеріне айналдырып отыр. Сонымен қатар, Н. Назарбаев еңбектерін пайда болған уақытына, мазмұны мен мақсатына, жаныры мен формасына қарай сыныптау, әр еңбектің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, сол ерекшеліктерге сай деректанулық талдау тәсілдерін қолдану қажеттігін көрсетед.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті. Өкінішке орай, Қазақ хандығы ұлттық сипаттағы мемлекет болса да, орта ғасырлардағы қоғамдық қатынастарға негізделген мемлекет еді. Мұндай мемлекеттер жаңа заманға сай қоғамдық қатынастарды жетілдіре алмады.



Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев: “Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы – сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын ата жұртта сақтаған халық” – деуі орынды.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев әрдайым ұрпақтар сабақтастығына терең мән беріп келеді. Өзінің «Ғасырлар тоғысында» атты еңбегінде Президент: «...Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең... Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық маңызы Қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұңғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр» деп атап көрсеткен еді. Қазіргі күнде Қазақстан мемлекетін құрап отырған қазақ этносы – Қазақ хандығының құрылуымен тарих сахнасына шықты. Солардың саяси құрылымы «Қазақ хандығы» деп аталды. Қазақ халқының мемлекеті ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне дейін жетті.



Қазақ хандығының құрылуы – ортағасырлық Қазақстан тарихындағы ұлттық сипаттағы мемлекет пен этносты тарих төріне шығарған аса маңызды оқиғалардың бірі. Соған қарамастан мәселемен айналысқан зерттеушілер хандықтың құрылуын өте тар көлемде қарастырып, оны бір оқиғамен және бір уақытпен шектеп көрсетеді. Ал бұл мәселемен терең айналысқан Т.И. Сұлтанов осыған байланысты мынадай тұжырым айтқан болатын: «… Қазақ хандығының құрылуы бір оқиғамен жүзеге асқан жоқ, ол сипаты жағынан күрделі, уақыты жағынан ұзаққа созылған көп астарлы процесс болды, атап айтсақ, саяси процестер этникалық процестермен қатар дамып, бір-бірімен астасып жатты» 

Қазақ хандығының құрылу барысы 10 жылдан астам уақытқа созылып, бірнеше кезеңнен тұрған деп санаймыз. Бөлініп кету – хандықтың құрылуындағы алғашқы және маңызды қадам болса, Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Шығыс Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының билігінің толық және түпкілікті орнауы – хандықтың құрылуының аяқталғанын көрсетеді.

Қазақ хандығығының құрылуы бір оқиға барысында және бір мезгілде қалыптасқан деген бұрынғы пікірлерден бас тартамыз да, хандықтың құрылуы бір тарихи желідегі оқиғалар тізбегі нәтижесінде қалыптасқан деген тұжырымды ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет