Шексіз ісіну – бұл еруге өз бетінше өтетін ісіну. Еріткіш молекулалары полимер массасына енген сайын және оның көлемі ұлғайған сайын макромолекулалар бір бірінен алшақтай береді және олар жайлап еріткіш көлеміне диффузияланады, бұл жағдайда сұйытылған ерітінді және концентрленген ерітінді қабаты туады. Біртіндеп қабаттардың концентрациялары теңесіп, полимердің шын ерітіндісінің бір фазалы гомогенді жүйесі түзіледі. Шекті ісіну – полимердің еріткішті сіңіру сатысымен шектелетін полимер мен еріткіштің араласу процесі, мұнда полимердің өз бетінше еруі жүрмейді. Бұл жағдайда екі фаза түзіледі: ісінген полимер және бос еріткіш.
Полимердің ісіну қабілеттілігі ісіну дәрежесімен α сипатталады. Ісіну дәрежесі – 1 г полимер сіңіретін еріткіштің граммен мөлшері.
Максималды ісіну дәрежесі тек шекті ісінуде байқалады. Шексіз ісінуде әуелі полимердің массасы немесе көлемі ұлғаяды, әрі қарай олар кішірейеді.
Ісіну құбылысы ерігіштік, тығыздық, торлану, бағытталу дәрежесі параметрлерінің шамасын анықтау үшін қолданылады. Полимерлердің ісіну процесі пластификаторларда үлкен парктикалық мәнге ие, атап айтсақ жабындар мен қабықшаларды алуда алуда пластизольді технологияда іске асырылған.
Қандай да бір еріткіште полимердің еру мүмкіндігін бағалау үшін екі бастапқы компоненттің де (ұқсас ұқсаста еритінін есте сақтау керек) химиялық құрылысын ескеру керек. Полимерлердің ерігіштігі макромолекулалардың формасымен және өлшемімен, олардың құрамының біртексіздігімен, қиылыс химиялық байланыстардың болуымен, сонымен бірге полимердің фазалық күімен, еру температурасымен анықталады.
Полимерлер ерітіндісінің шындығы олардың термодинамика зыңына бағынуымен дәлелденеді, бұл заңдарды қолдану полимер мен еріткіштің жақындығын, сонымен бірге полимер-еріткіш бинарлы жүйесінің термодинамикалық тұрақтылығын бағалауға, ерудің термодинамикалық параметрлерінің макромолекула құрылымының негізгі элементтерімен байланысын көрсетуге мүмкіндік береді.
Полимерлер ерітіндісі шын ерітінді ретінде. Шын ерітінділер термодинамикалық тұрақты тепе-теңдік жүйелерін береді, себебі олар өз бетіше түзіледі (олардың компоненттерін араластырғанда), мұнда еру бос энергияның төмендеуімен жүреді. Шын ерітінділер тепе-теңдік күйінде болатындықтан, олардың концентрациясы уақыт аралығында өзгермейді. Шын ерітінділерде алынған жағдай толығымен температурамен, қысыммен және ерітінді құрамымен анықталады. Бұл жағдайда мұндай күй қандай жолмен алынғаны бәрі бір: сұйылту, концентрлеу, суыту немесе қыздыру жолдары. Басқаша айтқанда шын ерітінділердегі барлық процестер қайтымды, бұл ерітіндінің шын сипатының шешуші белгісі болып табылады.
Полимерердің еруінің кинетикасы. Полимердің еру процесін төрт сатыға бөлуге болады:
1) гетерогенді жүйе – полимер фазасы және төменгі молекулалық ерітікшітің фазасынан тұрады;
2) гетерогенді жүйе – бір фаза төменгі молекулалық сұйықтың полимердегі ерітіндісін береді (ісінген полимер), ал екіншісі – төменгі молекулалық сұйық;
3) гетерогенді жүйе – бір фаза төменгі молекулалық сұйықтың полимердегі ерітіндісі, ал екіншісі – полимердің осы сұйықтағы ерітіндісі;
4) гомогенді жүйе – макромолекуланың төменгі молекулалық сұйыққа көптеп енуінің нәтижесінде екі фаза да теңеседі.