Дәріс мақсаты: Полимерлерді алудың негізгі әдістері – полимерлену және поликонденсациялану үрдістері, механизмі, полимерлену ерекшеліктері, полимерленуді жүргізу әдістері, полимерленуге әсер ететін факторлар туралы түсінік беру.
Полимерлерді алу әдістері. Полимерлену.Тізбекті полимерлеу үрдісінің классификациясы.
Радикалдық полимерлену. Радикалдық полимерленудің кинетикасы және механизмі.
полимерлерді синтездеу әдістері Полимерлерді алудың негізгі екі әдісі бар: полимерлену және поликонденсациялану. Сонымен қатар, белгілі полимерлердің қасиеттерін химиялық реакциялар арқылы түрлендіруге болады. Полимерлену Полимерлену - мономерлердің белсенді орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу процесі. Полимерлену реакциясын жалпы түрде былай көрсетуге болады:
n M → [- M -]n Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимерлердің құрамы мономерге сай келеді.
Полимерлерге қатысқан мономерлердің түрлеріне байланысты гомополимерлену (егер бір түрлі мономер) және сополимерлену (егер екі және одан да көп әр түрлі мономер қатысса) болып екіге бөлінеді.
Полимерленуге негізінен қос немесе үш байланысты және циклді тобы бар мономерлер қатысады. Төменде полимерленетін мономерлердің құрамына кіретін топтар көрсетілген.
Белсенді орталықтың табиғатына байланысты радикалдық және иондық полимерлену деп ажыратылады. Полимерлену тізбекті реакцияларға жатады. Сондықтан кез-келген полимерлену реакциясы үш негізгі сатыдан тұрады.
1. Белсенді орталықтың түзілуі, яғни мономер молекуласын қоздыру арқылы активті күйге ауыстыру:
M → M*
2. Тізбектің өсуі:
M* + M → M1*
M1* + M → M2*
Mn-1* + M → Mn*
3. Тізбектің үзілуі:
Mn* → Mn мұндағы M – мономер, M* - белсенді орталық, Mn – полимер.