Дәріс №1 Полимерлер туралы негізгі ұғымдар



бет26/31
Дата26.08.2022
өлшемі2,87 Mb.
#148252
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
1869723674629 Лекция ВМС (1)

β-Аминоқышқылдарын қыздырғанда ішкі молекулалық реакциялар жүріп, аммиак бөлінеді және қаңықпаған туындылар пайда болады, γ-және δ-аминоқышқылдардан полимер түзілмейді, тұракты бес және алтымүшелі лактамдар түзіледі. ω-аминоқышқылдар, мысалы 9-аминонан және 11-аминоундекан, тек полимер түзеді.
5. Сызықтық поликонденсациялауды балқымада, ерітіндіде, фазалар шекарасында және қатты немесе газ күйде жүргізеді. Балқымада поликонденсациялау 200-300°С температурада инертті газ атмосферасында жүргізіледі. Оның артықшылығы жоғары молекулалық полимерді үлкен жылдамдықпен, еріткішсіз алуға болады, кемшілігі — балқыма алу үшін жоғары температура керек. Осы тәсілмен полиамидтер, полиэфирлер алады.
Ерітіндіде поликонденсациялаудың екі түрі бар. Біріншісінде — полимер және мономер еріткіште ериді, ал екіншісінде еріткіште тек қана мономер ериді. Бүл тәсілде қосымша өнім реакциялық ортадан толық бөлінеді, сондықтан алынған полимердің молекулалық массасы жоғары болады. Бүл тәсілдің негізгі ерекшелігі полимердің молекулалык массасы мен реакция жылдамдығының мономер концентрациясына тәуелділігі. Негізгі кемшілігі — қымбат және зиян еріткіштер қолданылады, оларды полимерден бөлу де қиын.
Фазалар шекарасында поликонденсациялау бір-бірінде ерімейтін екі сұйықтардың қатысуымен жүреді. Компоненттердің реакциялык ортаға жетуі олардың фазааралық шекараға диффузиясымен анықталады, сол себепті бастапқы мономерлерді стехиометрлік қатынаста сақтау қажет емес. Бүл тәсілдің тағы бір ерекшелігі, түзілетін полимерлердің молекулалық массасы жоғары болып келеді. Фазааралық поликонден­сациялау арқылы полимер ал у мен қатар, олардан эр түрлі даяр өнімдер, мысалы, талшықтар, қабықшалар алуға болады. Тәсілдің кемшілігі, алынған полимерлер онша таза және біркелкі емес.
6.
Поликонденсациялау

  1. Қарапайым акты екі би- немесе полифункционалды қосылыстардың бір бірімен реакцияласуы

  2. Әр қарапайым акт кезінде скі активті орталық жойылады (әр молекуладан бір функционалды топ), реакция өнімі екі немесе одан да көп функци­онал тобы бар молекула.

  3. Мономер молекуласының саны процестін басталу кезінде-ақ азаяды, полимерлеу дәрежесі 10 жеткенде 1% - тей ғана мономер молекуласы қалады. Реакция барысында полимердің молекулалык массасы біртіндеп өседі.

  4. Процестің ұзыктығы белгілі бір шекке дейін полимердің молекулалық массасының өсуіне эсер етеді, полимердің шығымы процестің ұзақтығына байланысты емес.

Полимерлеу

  1. Қарапайым ақты активті орталыққа моно­мер молекуласының біртіндеп қосылуы.

  2. Әр карапайым актіде активтік орталық жаңадан түзіледі, ре­акция өнімі активті орталық (макроради­кал, карбкатион, карбанион).

  3. Мономер саны күрт азаяды, полимер процестің басында-ак, түзіледі, полимердің молекулалық массасы бүдан кейін өзгермейді.

  4. Процестің ұзактығы полимердің шығымын арттырады, полимердің молекулалық мас­сасы процесс ұзақтығынан өзгермейді.

Дәріс материалдарын игергеннен кейін білуге қажетті негізгі түсініктер: поликонденсациялық процестердің классификациясы, поликонденсациялану кинетикасы, полимердің ММ әсер ететін факторлар
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Поликонденсацияланудың полимерленуден айырмашылығы неде?

  2. Түзілген өнімдердің құрылымына бастапқы мономерлердің табиғаты қалай әсер етеді?

  3. Қайтымды және қайтымсыз поликонденсациялауды сипаттаңыз.

  4. Мономер концентрациясы және температура поликонденсациялану процесіне қалай әсер етеді?

Ұсынылған әдебиеттер:
1. Стрепихеев А.А., Деревицкая В.А. Основы химии высокомолекулярных соединений: Уч. пособие. М.: Химия, 1976. С. 129-160
2. Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы. Авторлар ұжымы.Алматы: Санат. – 1995. 59-74 б
3. Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения: Учебник для вузов. М.: Высш.школа, 1992. С.288-376
4. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения: Уч. Пособие. 3-е изд., перераб. и доп. М.: Высшая школа, 1981. С.43-81
5. Тагер А.А. Физико-химия полимеров: М.: Химия, 1978. С. 49-55




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет