Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері Жоспары



бет24/28
Дата19.05.2023
өлшемі93,34 Kb.
#177222
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
Дәріс1

Дәріс № 16


Тақырыбы: Топтағы тұлғааралық және өзара аралық қатынастар. Жанжалдар және оларды шешу жолдары.


Жоспары:
1. Топ пен ұжымның айырмашылықтары қандай?
2. Қарым-қатынас құрылымы және оның қызметі.
3. Топтағы адамдардың қарым-қатынасы. «Психологиялық үйлесімділік» дегенді қалай түсінесіз?
4. Субординация, қақтығыс дегеніміз не? Қақтығыстың себептері.

Топ және ұжым дегеніміз не? Бұл адамдардың тіршілік қажетін өтеу үшін бірлесу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмай А.С.Макаренконың айтуынша ұжым бұл – бұл мақсат мүдделері, көзқарастары ортақ белгілі бір салт дәстүрі бар, өзін-өзі басқара алатын әлеуметтік адамдар тобы. Топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. Ұжым адамдардың тобы болғандықтан, оған топтың белгілері тән. Алайда ұжымның топта жоқ белгілері де болады. Сондықтан қандайда болмасын ұжымды топ деп атауға болады, ал топтың бәрі бірдей ұжым бола алмайды. Ұжым байланысына қарай контактілі және негізгі ұжым болып бӛлінеді. Контактілі ұжым – ол ұжымдық белгілірі бар бастапқы топ. Негізгі ұжым контактілі ұжымдардың бірігуі. Мысалы, студенттер тобы контактілі ұжым, ал факультетті негізгі ұжым деп қарауға болады. Тұлға ұжымнан оқшау болмайды. Ол ұжымның басқа мүшелерімен байланыста болады. Топтардың өзі шартты және нақты болып 2-ге бөлінеді. Шартты топ шынында болмайтын жалған топтар. Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Мысалы, спорт тақырыбына жазатын журналистер әлемнін таңдаулы футболшыларынан команда құрады. Олар әр елдің ең таңдаулы футболшыларын бір тізімге тіркейді. Бұл ойыншылардың ешқашан басы қосылмайды және олар ешқашан бір командада жарысқа түспейді. Бірақ құрама команда құрылды және ол шартты түрде бар деп есептелінеді. Яғни, шартты топта адамдар қатынаста болмауы мүмкін. Бірақ та бұл адамдар нақты топ ішінде өзара қарым-қатынасқа түседі. Ал, нақты топ дегеніміз біршама тұрақты, жалпы мақсат арқылы өзара байланысқан, өздері белгілі бір кеңістікте, азды-көпті мерзім ішінде аралас-құралас жүретін адамдардың нақты ұйымы. Бұл топтағы адамдардың 1-ден мақсаты бір, 2-ден мүшелері бір-бірін жете білуі керек. 3-ден мақсатқа жету жолында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми, бейресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, контактілі, оқшауланған, референт т.б. болып бөлінеді. Біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір-бірімен тікелей қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі шағын топ деп аталады. Оның топтың барлық мүшесінің күш-жігері соған жетуге жұмылдырған ортақ мақсаты болады. Кіші топқа кіретіндер бірін-бірі жақсы біледі және топтың алдында тұрған міндетті орындау кезінде өзара қоян-қолтық қатынаста болады. Қіші топ мүшелерінің саны екі адамнан аз болмайды және 30-40 адамнан аспайды. Жанұя, өндірістік бригада, мектеп сыныбы, студенттер тобы, т.б. контактілі, реалды топқа жатса, концерт залындағы, футбол алаңындағы, автобус салонындағы отырған адамдар ұйымдаспаған топқа жатады. Студенттер тобы, сынып оқушылары ресми топ болса, жанұя мүшелері, ағайын-туыс, дос-жарандар ресми емес топқа жатады. Адам бір мезгілде бірнеше кіші топқа мүше болады. Мысалы, оқушы өз сыныбының мүшесі, футбол командасында және т.б. үйірме тобына мүше болуы мүше болуы мүмкін. Құрылу принципі мен әдісіне қарай шартты және нақты формалды және формалды емес топтар болады. Шартты және нақты топтар. Нақты топ - адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынас және байланыс жасай отырып, алдарына қойған мақсат, міндеттерін орындауға жұмылған, өмір сүріп тұрған бірлестігі. Нақты топ қысқа мерзімді, не ұзақ өмір сүруі, мүшелерінің саны аз не көп болуы мүмкін. Ол қауымдастық ретінде өмір сүріп қызмет істейді.Адамдардың тек қағаз жүзінде ғана бар қауымдастығы шартты топ деп аталады. Формалды (ресми) және формасыз (бейресми) топтар. Формалды (ресми) топ штат кестесі, және басқа да ресми құжаттар негізінде құрылады. Мысалы, жоғары оқу орынындағы студенттер тобы, мектептегі мұғалімдер мен қызметшілер штаты - мұның бәрі ресми топқа жатады. Формалды топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес әp түрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы жауапкершілікті сезіну ерекше көрінеді.Формалы топтарда (іскерлік қатынаста) кейде теріс эмоциялық жағдайлар, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау, менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін.1 Бұл жәйт ондағы іскерлік қатынасқа теріс әсерін тигізеді. Формасыз (бейресми) топтар ұнату, көзқарас бірдейлігі сенім жақындығы т.б. арқылы қалыптасады. Мұндай топқа ресми құжаттардың, тиісті нұсқаулардың күші жүрмейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен айналысу, бірге қыдыру, отау тігу, дос-жарандық қатынастағы адамдардың тобы. Бұл топтарда бірін-бірі ұнату, біріне-бірі бауыр басу, сыйлау қасиеттері жоғалатын болса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала бастайды. Референт тобы. Референт (эталон) тобы деп көзқарас, талаптары үлгі болып саналатын ақиқат өмір сүруші немесе қиялдағы топ айтылады. Адам өзі нормасын, қадір-қасиетін бағалаған, өзі оны қолдап, ең жақсы деп есептейтін топқа кіреді. Сонда адам бұл нормаларды қолдап-қана коймай, оны қорғайды да, қажет болса насихаттайды да. Кейде былай да болуы мүмкін адам бір топтың мүшесі бола отырып, екінші бір топтын көзқарасын, нормасын қастерлеп, қадір тұтады. Басқаша айтқанда, тұлға үшін басқа топ үлгі эталон болып есептеледі. Мысалы, жеткіншек жоғары сынып оқушыларының немесе ересектердің тобына мүше болуға тырысады. Егер бұған онын қолы жетпесе, онда ересектер тобында орын алған мінез-құлық нормаларына еліктеп, соларға ұқсауға тырысады. 2. Қарым-қатынас психологиясы. Психология ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі – қарым-қатынас мәселесі. Қарым-қатынасқа түспей тұрып жеке адамды толық түсіну, оның адами қасиеттерін, дамып жетілуін талдау мүмкін емес. Сондықтан тұлғаның дамуында қарым-қатынастың орны ерекше. Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Адамның психикасы айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Қарым-қатынас жасау мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым – қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алмасу. Адамдардың қарым-қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналады. Сөйлеу құралдарымен қатар адамдарда қарым-қатынастың сөзден тыс жолдары бар: келбет, ым, мимика т.б. Жануарлар дүниесінде келбет, сыртқы көрініс, дене құрылысы, түс, иіс мағыналы ақпараттық сигнал қызметін атқарады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірнің болуы мүмкін емес. Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен "тілдесу" қажетін канағаттандырмау - біртіндеп оның мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет