Сабақтың түрі : жаңа тақырыпты меңгерту сабағы Пәнаралық байланыс : география, биология, медицина



Дата11.05.2022
өлшемі17,88 Kb.
#141730
түріСабақ
Байланысты:
Азот Аммиак
Сабақ жоспары. Жартылай өткізгіштер, микрос, Арайлым Е ИМО, Кремний

Сабақтың тақырыбы: Азот. Аммиак.

Мектеп: М.Мақатаев атындағы №140 гимназия

Күні: 09.03.2022

Мұғалімнің аты-жөні : Зейнелбекова Гаухар

Сыныбы: 10 «Г» сынып

Пәні: Химия

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту сабағы

Пәнаралық байланыс: география, биология, медицина.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың азот және оның қосылыстары туралы білімдерін қалыптастыру: құрылысы, алыну әдістері, қасиеттері. Қорытынды жасай білу, талдау, жүйелеу дағдыларын қалыптастыра отырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар біледі

Көпшілік оқушылар жасай алады

Кейбір оқушылар орындай алады

Азот және оның қосылыстарының құрылысын, аталуын біледі

Химиялық қасиеттері мен алыну жолдарын түсінеді

Оқушылар диалог әдісі арқылы сыни тұрғыдан ойлана алады



Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Қолданылған ресурстар

Уақыт

1

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару: Оқушылар барлықтарың маған сұқ саусақтарыңды көрсетіңдерші.
Оқушыларды 3 топқа топтастыру: «Байланысты тап» әдісі
Байланысқан сөздерді оқуын ұсынады

Оқушылар назарларын сабаққа аударады. Оқушылар сөздер жазылған стикерлерді алып, сол сөзге байланысты сөздерді дуалдарға жапсырылған стикерлерден іздеп табады. Байланысқан сөздерді оқып шығады.

Критериалды бағалау. Смайликтермен бағалау

«Сұқ саусақ» әдісі. Сөздер жазылған стикерлер, смайликтер, бағалау парағы. «Байланысын тап» әдісі

5 мин

1

1 тапсырма: білу

1. «Ия, жоқ» әдісі. Үйге берілген тақырыпты тексеру мақсатында оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады.
1. табиғатта бейметалдар саны металдарға қарағанда көп емес «ия».
2. 6 а тобының элементтері халькогендер деп аталады «ия».
3. Күкірті бар кен орындары Қазақстанда жоқ «жоқ».
4. Күкірт суда жақсы еритін сары түсті кристалды зат «жоқ».
5. күкірт тек тотықтырғыш қасиет көрсетеді «жоқ».
6. күкіртсутек улы зат, адам онымен тыныс алса тұншығады «ия».
7. Табиғатта күкіртсутек мұнай, жанартау құрамында болады «ия».
8. Күкірт төрт түрлі оксид түзеді «жоқ».
9. күкірт қышқылы үшнегізді қышқыл «жоқ».
10. күкірт қышқылымен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережені қатаң сақтауымыз керек «ия».
Жауап берген оқушыларға смайликтер қойылып отырады



Әр топтың оқушылары қолдарын көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді. әр дұрыс жауапқа бір смайликтен алып отырады.



Мұғалім бағалау парағына бағалайды
(Критерийлер жазылған бағалау парағы)

Диалог әдісі

5 мин

2

Тақырыпты меңгерту
Түсіну

Мағынаны тану . Мәтінмен жұмыс
1-топ Азоттың атом құрылысы, қасиеттері, алынуы, табиғатта таралуы
2- топ Азоттың (ІІ, ІV) оксидтері
3- топ Аммиак. Аммиакты алу жолдары



Оқушылар жұмысты ватман қағазында орындайды. Топтар постер қорғайды.

Мұғалім бағалайды.
(Критерийлер жазылған бағалау парағы)



Джигсо әдісі, Сто, Топтық жұмыс, постерді салып, қорғау

18 мин

3

Тақырыпқа байланысты реакциялар жазу, қосылыстарды жіктеуге арналған тапсырмаларды орындау
Қолдану, талдау

Айналуларды жүзеге асыру;
1-топ
N2→NO→NO 2→ HNO3 → Zn(NO3)2
2-топ
Ca →CaO→СaCO3→Ca(NO3)2
3-топ
N2→NH3→NO→NO 2→ HNO3 →NaNO3



Оқушылар реакцияларды топпен жазып, бір оқушы шығып тақтаға орындап, қорғайды.

Топтар бірін-бірінің реакцияларын тексереді.
(Критерийлер жазылған бағалау парағы)



Топтық жұмыс.

8 мин

4

Жинақтау
Қорытытынды жасау



Химиялық диктант:
Азот ................ газ
Азот ауадан........, суда.............ериді.
Қайнау температурасы.................
Қату температурасы.....................
Ауаның құрамында.......% aзот және ............% оттек бар.



Оқушылар берілген уақытта қанша үлгерсе сонша жазады. Келесі топқа өткізеді. Келесі топ қателерін жөндеп, кемшіліктерін түзейді.

Бірін-бірі бағалау
(Критерийлер жазылған бағалау парағы)



Химиялық диктант. Кластер әдісі Сто

2 мин

6

Бағалау

Бағалау парақшаларындағы бағаларын айтуды ұсынады

Бағалау парақтарына қойылған (белгілі оқушыға қойылған) бағаларының орта балын айтады

ОҮБ

ОБ

2

7

Кері байланыс

«Бес саусақ » әдісі

  1. Бас бармақ- неден қиналдыңыз

  2. Балан үйрек- кімге көмектестіңіз

  3. Ортан терек-көңіл күйіңіз

  4. Шылдыр шумек-не үйрендіңіз

5. Кішкене бөбек-қандай жетістікке жеттіңіз

Оқушылар өздерінің саусақтарының суретін салып, жазады













Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет