4. Қабылдаудың тұрақтылығы - сыртқы жағдайдың өзгеруіне қарамастан заттар сол күйінде, өз қалпында қабылданады. Мыс: телеграф бағаналары, темір жол рельсі.Адам баласында қабылдау тұрақтылығы 2-4 жас аралығында қалыптасады.
5. Қабылдаудағы иллюзия ( лат. тіл. ауд-алдану)- түрлі себептерге байланысты шындықтағы объекттерді қате қабылдауды иллюзия деп атайды.Мыс. шай құйылған стаканға салынған қасықтың "сынған" құсап тұруы жатады.
6. Апперцепция(лат.тіл.ауд-қабылдауға қосымша) - қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы.
Қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы.
Қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы оқу-тәрбие процесіне байланысты болады. Баланың жүйелі қабылдауы тәлім-тәрбие мен жеке пәндерді оқытып үйрету нәтижесінде ғылыми тұрғыдан дамып өрістейді.
Шәкірттердің қабылдау процесін дамыту үшін белгілі талаптар мен шарттар жүйелі түрде жүргізіп отыруы тиіс. Ол үшін мынадай мәселелер қамтылуы тиіс:
- көрнекі құралдарды қолдану;
- қабылданған нәрсенің мән-жайын, жалпы ерекше қасиеттерін түсінуді дамытып отыру;
- қабылданған нәрселерді салыстырып отыру;
- қабылданған нәрселердің мән мазмұнын, түр сипатын өздеріне қайталап айтқызу;
- байқағыштық қасиетін жетілдіріп отыру, дұрыс қабылдауға әдеттендіру.
Елестету Адам бұрын жинаған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа образдар, елестер мен идеялар тудыру процесін қиял деп атайды. Қиял -адамға ғана меншікті психикалық процесс,өйткені бұл адамның еңбек әрекетімен ғана байланысты дамыған психикалық қызмет. Қиялдау үшін адамның басында белгілі білім қоры, нақты образдар, тұрақты елестер болады.Адам әрекетінің барлық түріне қиял қатынасады. Қиялды баланың ойынынан да, оқу процесінен де, еңбек әрекетінен де тауып алуға болады. Қиял –аса бағалы қасиет. Қиялдың эмоциялық күші тіпті үлкен. Көптен қолы жетпей жүрген мақсатын ойымен қиялдап та адам мәз болады. Шаршап шалдыққан жолаушы ауылын қиялымен елестеткенде, оған күш бітіп ширай түседі.
Адамның еркі де қиялмен байланысты. Қиял еңбек үстінде күшті болады. Еңбек тек қиял туғызушы емес, оның дами беруіне қажет процесс.
Елестетудің физиологиялық негізі ми қыртысының үлкен ми сыңарларында бұрынырақ пайда болған уақытша байланыстар. Қиялдау әрекетіне қозу мен тежелу процестері қатынасып отырады. Қиял екі сигнал жүйесімен тығыз байланысты. Қиялды адам сөз арқылы жеткізгенде екінші сигнал жүйесі жетекші роль атқарады.