Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері Жоспары



бет9/28
Дата19.05.2023
өлшемі93,34 Kb.
#177222
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28
Байланысты:
Дәріс1

Зейіннің негізгі қасиеттеріне:
А. Зейіннің тұрақтылығы және жинақтылығы. Адамның зейіні бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы; хирург дәрігердің, өндіріс озатының жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға болады.
Ә. Зейіннің аударылуы. Зейіннің аударылуы деп- бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады.
Б. Зейіннің бөлінушілігі. Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді.
В. Зейіннің көлемі. Зейіннің көлемі деп-бір уақыттың ішінде оның қамтитын объектілерінің санын айтады.
Г. Алаң болушылық. Алаң болушылық деп-белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады.

Дәріс № 4
Тақырыбы: Ойлау және сөйлеу. Парасат


Жоспары:
1. Ойлау және сөйлеу туралы жалпы ұғым.
2. Ойлау және сөйлеу формалары
3. Ойлаудың, сөйлеудің түрлері


Ойлау және сөйлеу.
Ойлау заттар менқұбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психикалық процесс.
Ойлау таным процесінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғарғы процесс. Дәлелдеп айтқанда –ойлау адам баласына ғана тәнменшікті психкалық процесс.
Ойлау процестері біздің түйсік пен қабылдаулар арқылы алынған мәліметтерімізге сүйнеді, түйсік пен қабылдаусыз ешбір ойлаудың болуы мүмкін емес.
Ойлау дегеніміз –шындықты жалпылап бейнелеу болғандықтан, ол адамның іс –тәжірибесіне сүйене отырып, ойлау ісін атқарады. Ойлау сөзбен тығыз байланысты.
Ойлаудың физиологиялық негіздері –үлкен ми сыңарлары қыртысында құралатын уақытша жүйке байланыстары(шартты рефлекстер). Бұл шартты рефлекстер екінші сигналдың ( сөздер мен ойлаудың) әсерінен туады, екінші сигналдар реалдық шындықты бейнелейді, бірақ сөзсіз бірінші сигнал негізінде пайда болады. Ойлау процесінде сигнал жүйелерінің екеуі де бір –бірімен тығыз байланысты. Екінші сигнал жүйесі қоршаған дүниеге шексіз хабарлар алуға мүмкіндік береді. Ойлау тек екі сигнал жүйесінің екеуінің де қатысуымен, бір қалыпты жүреді, бірақ, жетекші роль екінші сигнал жүйесінде болады, өйткені сөз мазмұны жағынан бай болып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет