Дәріс №1 Тақырыбы: Психологияның міндеттері, мәні. Психологиядағы зерттеу әдістері Жоспары



бет10/28
Дата19.05.2023
өлшемі93,34 Kb.
#177222
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Дәріс1

Ойлау тәсілдері мен ой формалары.
Ойлау әрқашан да анализ және синтезден басталады, яғни талдау мен біріктіру. Талдау дегеніміз –ой арқылы заттардың, құбылыстардың ерекшеліктерін, қасиеттерін, белгілерін ашып көрсету немесе жеке бөліктерге бөлу. Ал, біріктіру дегеніміз –заттар мен құбылыстардың барлық элементтерін бірітіру. Талдаудың физологиялық негізі –мидың жоғарғы бөлігіндегі қозу ментежелудің өзара байланысты қызметі. Ал біріктірудің физиологиялық негізі –мидың жүйке жүйесіндегі уақытша байланыстардың түйісіп қосылуы. Талдау мен біріктіру өзара байланысты әрекеттер. Олардың өзара байланысы мен айырмашылығы салыстыру арқылы танылады және сол тәсілден анық көрінеді. Салыстыру тәсілінде заттар мен құбылыстардың ұксастығы мен айырмашылықтары ажыратылады. Ойлау әрекетінде абстракця тәсіді де қолданылады. Абстракция –заттардың елеулі қасиеттерін бөліп алу. Мысалы, квадрат, трапеция – төрт бұрыш. Соңғысы абстракция болады. Келесі ойлау тәсілі –нақтылау –жеке ұғымдарды түсіндіру. Мыс., жылқы: тай, құнан, дөнен, құлын... Жалпылау –құбылыстардың ортақ қасиеттерін ойша біріктіру: алма, шие –жеміс- жидектер.
Ойлау процесі сонымен қатар ой формаларынан тұрады. Ұғым –дара, жалпы ұғымдар. Пікір –бір зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығару. Бірнеше пікірден жаңа пікір шығару –индукция –жекеден жалпыға қарай, дедукция – жалпыдан жекеге қарай. Аналогия –ұқсастық бойынша ой қорытындылау.
Сөйлеу.
Адамзаттың жануарлар дүниесінен ерекшеленуі мен табиғатты меңгерудегі басты іс -әрекеттерінің бірі және өзіндік қасиеті –оның дыбысты анық тілі. Дыбысты тіл арқылы адамзат өзара қарым –қатынас жасап, іс –қимылы мен өмір-тіршілігінің бейнесін қалыптастырады, өмір тәжірибелерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырып отырады.
Тіл дегеніміз –сөздік белгілердің жүйесі. Ал белгі –шындық пен болмысты білдіретін бөлшек. Осы белгінің қасиетіне орай әр алуан іс- әрекеттер орындалып, жүзеге асады. Белгілердің немесе тілдің екі түрлі мәні бар. Тілдік белгінің бірінші мәні –оның қоғамдық - әлеуметтік мәні.Адамзат тарихында бұл белгілер қоғам арқылы қабылданып, әр түрлі нәрселердің мән-жайын түсіндіреді. Мыс., көшеде жүріп- тұру мен жол белгілері. Тілдік белгілердің екінші мәне –олар арқылы адамдар бір –бірім ен қарым –қатынас
жасап, пікір алысатындығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет