Дәріс № 3
Тақырыбы: Ес және назар
Жоспары:
1. Ес және зейін туралы жалпы ұғым.
2. Ес және зейін формалары.
3. Естің және зейіннің түрлері.
Ес туралы жалпы ұғым.
Адамның өмір тәжірибесінде қабылданғаны, басынан кешкен ой-сезімі, әрекеті ізсіз жоғалып кетпейді, баста сақталады, кейін қайта жаңғыртылады. Адамның бұрын қабылданған зат, құбылыс образдарын өз көңіл-күйлерін ойда сақтап, қажет кеззінде қайта жаңғыртатын психикалық процесті ес дейді. Жүйке процесінің уақытша байланыстары негізінде бұрынғы қабылданғандар еске түседі. Естің бұл күйі қайта жаңғырту делінеді.
Қайта жаңғыртуда тану мен еске түсіру қызметі бірін –бірі толықтырып отырады. Қабылданған нәрселердің есте қалғаны естің матералы делінсе, ал есте сақталып, қайта жаңғырғаны естің мазмұны болып саналады. Адам өзінің , басқалардың ойы мен бастан кешкен сезімдерін, іс - әрекеттерін сөз арқылы қайта жаңғыртады.
Ес адам тіршілігінде маңызды орын алады. Есте қалдыру адамның өмір тәжірибесін байытады. Адамның есі үнемі дамып, жетіліп отырмаса, онда ол жаңа туған нәресте дәрежесінде қалып қояр еді. Өмір тіршілігіне қажетті нәрселердің бәрінің ес процесінсіз болуы мүмкін емес.
Естің түрлері, процестері
Психикалық белсенділік сипатына қарай ес төрт түрге бөлінеді:
1. Қимыл-қозғалыс есі дегеніміз –ойын, спорт, еңбек әрекеттеріне әр түрлі қмыл –қозғалыстар мен әрекеттерді есте қалдырып, оларды қайта жаңғыртып отыру. Естің бұл түрі қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
2. Адамның бастан кешірген түрлі эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын эмоциялық –сезімдік ес деп атаймыз. Өз айналасындағы нәрселер мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, оларды тітіркендіргіш ретінде есіне түсіруі адамды қызықтырып, түрлі іс -әрекеттерді атқаруға жетелейді.
Эмоциялық ес бойынша адам басынан кешіргендерін есіне түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады.
3. Образдық ес (бейнелік –көрнекілік) –дегеніміз заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртып отыруды айтамыз. Естің бұл түрі арқылы табғат көрінісі, ьастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай образдық ес –көру, сипау, иіс, дәм естері болып та бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі көру есінің маңызы зор болса, ал соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Образдық ес, әсіресе, актерлер мен суретшілерде, архитекторларда , яғни көркемөнер кәсібімен шұғылданатындарда жоғары әрі өте нәзік дамыған болады.
Достарыңызбен бөлісу: |