Дәріс № 2 Тақырыбы: Сезіну, қабылдау, ұсыну, елестету
Жоспары: 1. Сезіну, елес дегеніміз не?
2. Сезінудің қандай түрлері бар?
3. Қабылдау дегеніміз не?Оның түйсіктен айырмашылығы неде?
Сезіну туралы жалпы ұғым. Материалдық дүниедегі заттар м ен құбылыстардың жеке сипаттарының біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнелеуін түйсік деп атайды.
Сезіну–біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психкалық процесс, осы процестің арқасында біз ортаны бағдарлап, соның жағдайына қарай қмыл жасауғу тырысамыз. Түйсік себепсіз тумайды. Біз түйсік арқылы заттың формасын, түсін, көлемін білеміз. Қолымызбен қозғап, заттың салмағын білеміз. Түйсік арқылы болмаса, біз басқа жолмен заттың ешқандай формалары туралы да біле алмаймыз. Түйсік таным процестеріне жатады, өйткені адам таным процесі арқылы ғана дүниені танып біледі. Түйсік басқа психикалық процестерге қабылдауға, есте сақтауға, ойлауға , қиялға материал береді. Адам дүниені ең алдымен өзінің сезім мүшелері арқылы ғана түйсінеді. Заттар мен құбылыстар адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер тигізбесе, түйсіну де пайда болмайды. Түйсіну арқылы адам өзінің дене мүшелерінің қимылын, аштығын немесе тоқтығын, ішкі дене мүшелерінің ауырғанын тағы осы сияқты әсерлерді де сезеді. Түйсіну біздің санамызды сыртқы дүниемен байланыстырып отырады.
Сезіну ағзалары. Түйсіктің физиологиялық негіздері ағзаның арнаулы жүйкелік механаизмі анализаторларда іске асып отырады. Кибернетика тілімен айтқанда, адам –өзін-өзі басқаратын жүйе. Анализаторлар –сол жүйенің негізгі ақпараттандыру мүшесі.
Анализаторлар үш бөлщектен тұрады: 1) перифериялық орган –сезім мүшелері (рецепторлар).
2) өткізгіш бөлім –рецепторларды тиісті орталықтармен байланыстырып отыратын афференттік және эфференттік жолдар.
3) мидағы орталықтар.
Бірінші компоненті – сезім мүшелері -әр түрлі құрылған жүйкелік аппараттар. Олардың міндеті –сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшіе жүйкелік қозуға айналдыру. Екінші компоненті -өткізгіш бөлім –сыртқы энергияның сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуды екі жолмен екі бағытқа (жоғары, төмен) жайып отырады. Үшінші компоненті –мидағы орталықтар. Ми орталықтары –мидың бір жерінде бұлжымай қатып қалған алқап емес, күрделі қарым –қатынас жасап отыратын, бір –бірімен тығыз байланыстағы ми алаптары. Ол алаптар ортаның қойған талабына сай бірінің орнын бірі басып отыруға, бір топ нейрондардың атқаратын қызметін екінші алап атқаруға қабілетті келеді. Психология пәнінде ми қабығын мұндай қызметін компенсаторлық әрекет деп атайды.