Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет3/25
Дата05.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#1639
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Саяси ғылымның тарихын оқып-білудің маңызы неде?
2.Құлдық және орта ғасыр дәуіріндегі саяси ойшылдар көзқарасы туралы не айтасыз?
3.Жаңа заман және қазіргі заманның саяси көзқарастары саясат туралы қандай пікірлерді айтады?
4.Қазақ даласындағы саяси ойшылдардың саясат туралы пікірлері нені меңзейді?
5.ХХ ғасырдың саяси көзқарасы саясат туралы нендей пікірлерді баяндайды
Дәріс №3 Тақырыбы: Қазақстан саяси ойларының қалыптасу тарихы


Сұрақтар:
1.Қазақ халқының саяси ойларының қалыптасу тарихы.
2.Ж.Баласағұн, Қорқыт ата, А.Яссауи көзқарастары.
3.Фольклор – қазақ халқының саяси-ой пікірінің қайнар көзі.
1. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Оның ішінде ең шоқтығы биігі ислам фәлсафасының негізін салушылардың бірі – біздің қандас бабамыз ұлы ойшыл Әл-Фараби. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, әлеуметтанушысы, математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір кешті. Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құяр жерінде орналасқан Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туды. Бабамыз ғылымның сан саласы бойынша 160-тан астам трактаттар жазып, артына мол мұра қалдырды. Саясаттануға байланысты «Рақымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолдары», «Саясат туралы» деген еңбектері бар.
Жүсіп Хасхаджиб Баласағұни (1021-1075) – атты әлемге әйгілі ақын, фәлсафашы, қоғам қайраткері болған. Оның өмірбаяны туралы деректер аз. Жүсіп туралы мағлұматтарды біз оның негізгі енбегі «Құтадғу білік» («Бақытқа жеткізуші білік», кейбіреулер «Бақыттылық жәйлі ілім» деп те аударып жүр) дастанынан білеміз .Бұл еңбектің ерекшілігі – ол сол кездегі ресми араб тілінде емес, ана тілі – түрік тілінде жазылғандығы. Ол, біріншілен, араб, парсы тілдерін жете білетін Жүсіптің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылығын білдірсе, екінші – ден, сол кезде Орта Азияда билік құрған қарахандықтар әулетіне (династиясына) түсінікті болу үшін жазылса керек.
2. Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент (Иеникент) қаласында ( VIII—IX ғ.ғ.) өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін “Жер ұйығын” іздеп, көптің мүддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны “Су аяғы — Ер қорқыт” деп те атаған.
Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В.М.Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған.
Оғыз-қыпшақ қоғамның ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп, солардың бәрінде де бас уәзірлік қызметін атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл-Еркі, Тұман хан және Қаңлықожа. Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан.
Әр түрлі аңыз-әңгілелерде Қорқыттың туған жыл мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал “Деде Қорқыт кітабында” Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады. “Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты”, — дейді ол кітапта.
Қазақтың аңыз-ертегілерінде Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады. Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә.Х.Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады. Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық “Қараспан” деп аталған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен қорыққан халық жаңа туған балаға “Қорқыт” деп ат қойған. Мағынасы “Қорқыт, қорқытты” деген ұғым береді.Махмуд Қашқаридың айтуынша, халық өлеңдерінде, “Оғызнама” жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. Х.Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық (Қаратау) немесе “Қараспан” деп аталған.



Қорқыттың нақыл сөздері
Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты. Ол кісі оғыз ішіндегі ең білгіші екен. Ғайыптан айтқан болжамдарның бәрі тұп-тура келіп отырған әулиенің көңіліне тәңірім нұр құйған ғой…
Ол алдымен оғыз қауымының мүшкіл халін айтқан. Нендей іс болса да, әбден таныспайынша, көз жеткізбейінше кіріспейтін Қорқыт Атаның сөзін халық ақыр соңына дейін ұйып тыңдаған.





Қорқыт Ата сөйлейді:
Алла, Алла дейінше, іс түзелмес, Тәңірі бермейінше, ер байымас, Әзелде жазылмаса, құл басына қаза келмес, ажал уақыты жетпейінше, ешкім де өлмес. Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес. Ер жігітке қара құрым мал бітсе, жияр, көбейтер, талап етер, бірақ несібесінен артығын жемес. Гүрілдей-шұбыра сулар тасыса, теңіз толмас. Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да ұл болмас, ол ішіп-жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес.
3. Күл - төбе болмас, күйеу бала - ұл болмас. Қара есек - басына жүген кигізсең де тұлпар болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да ханым болмас. Жапалақ-жапалақ қар жауса, жазға қалмас. Ескі қамыс - біз болмас. Ежелгі дұшпан - дос болмас. Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас. Қара болат өз қылышыңды шалмайынша, жаудың тауаны қайтпас. Ер малын қимайынша, аты шықпас.
Қыз анадан көрмейінше өнеге алмас. Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес. Ұлы - атаның ері, екі көзінің бірі. Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар. Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар. Ұлдың күні қараң, ата өліп, мал қалмаса. Ата малынан не пайда, баста дәулет болмаса. Қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Бірақ өкінішке орай, олар бізге дейін жетпеді. Ал Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған.
Жәнгірдің баласы Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси және экономикалық жағдайы ауыр еді. Ру басылар, сұлтандар өзінше бөлек билегісі келді. Орта Азия билеушілерімен қарым-қатынас тұрақсыз еді. Мұның бәрі қазақ мемлекеттігінің тұтастығына, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға нұқсан келтірді. Сондықтан хандық өкімет билігінің беделін көтеріп, ақсүйектердің бөлініп, оқшаулануын тоқтату, халықты біріктіру үшін Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған қазақ әдет-ғұрып заңдарының жиынтығын жасатты. Онда құқықтық тәртіп мен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалды. Атап айтқанда, жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал-мүлік дауы, ұрлық-қарлық айып-жаза, алым-салық және т.б. қаралады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет