Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде


Пысықтауға арналған сұрақтар



бет8/25
Дата05.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#1639
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25
Пысықтауға арналған сұрақтар:
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы деген не?
2.Қоғамның әлеуметтік құрылымы қалай жіктеледі?
3.Республикамыздағы әлеуметтік құрылымның даму үрдісін қалай түсінесіз?
4.Ұлттық саясат деген не?
5.Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны қандай?


Дәріс №6 Тақырыбы: Билік саяси феномен ретінде
Сұрақтар:
1.Билік ұғымы мен түсінігі.

  1. Билік қызметі мен оның түрлері.



1. Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады . Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әләмінің мәнін түсініп білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және биләкті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн – Халдун (1332 - 1406) адамның басқа жан – жануарлардан ерекшелігі ол билік үшін күреседі деген екен.
Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел (1872 - 1970) физикада басты ұғым энергия болса , қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады ддеп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс (1902 - 1979) экономикалық жүйеде ақша ақша қандай орын алса , саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.

  1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгіленген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафалшысы Т.Гоббс (15881679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

  2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс тұрысын , өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкінділігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

  3. Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану , қолдану мүмкіндігі деп біледі.

  4. Структуралистік анықтама билікті басқарушы мен бағынушының арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды туғанынан, табиғатынан әміршіл , басқарғысы келіп тұратын болады.

  5. Конфликтілік анықтама билікті дау жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік , шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіріледі.

  6. Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларңа тигізілетін жалпы ықпал ретінде қарайды.

  7. П. Моррис, А.Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге бағытталған іс әрекет дейді.

  8. Америка саясаттанушылары Г.Лассуэлл мен А.Каплан «Билік және қоғам» деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде сипаттайды.






Биліктің қызметтері мен жіктелуі
2. Әдетте «билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т.б. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. Саяси биліктің өз қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам , таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерде басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды басқару және түптеп келгенде , белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар жатады делік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, топтардың, белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет