Дәріс №1 Тақырыбы


Топсеруен кезіндегі зерттеушілік әдістің мәні



Pdf көрінісі
бет84/105
Дата06.02.2022
өлшемі1,06 Mb.
#80635
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105
Байланысты:
4 Дәрістер БОӘ-конвертирован

Топсеруен кезіндегі зерттеушілік әдістің мәні. 
Зерттеушілік əдістің мəні – ұстаз өзі зерттеушілік тұрғыда тапсырма 
құрады немесе біреудің құрастырған зерттеушілік тапсырмасын алып 
пайдаланады, ал оқушы оны шешу жолдарын қарастырады.Осы шешімді 
іздестіру үрдісі кезінде оқушы еріксіз шығармашылық əрекет қырларын 
танытады, яғни, дербестік ойдың икемділігі, ойлаудың дəстүрлі еместігі, 
болжамдар құру, көптеген жауап жолдарын, варианттарын табу, білімді 
тасымалдау т.б.
Зерттеушілік тапсырмалар көрнекі бейнелі материалға негізделген мəтіндік, 
сызбалық, практикалық болуы мүмкін.Олар шағын жəне көлемді болуы мүмкін. 
Кейде нұсқау бойынша да берілетін шығарманы зерттеушілік тапсырма дейді. 
Ол дұрыс емес. Нұсқау шығармашылық негізге жол бермейді.
Зерттеушілік нағыз шығармашылық сипатта жүретін əдіс. Оның 
шығармашылық тұрғыда болуының негізгі себебі балаларда білімді игеру əрекет 
түрлерімен жүзеге асырылып, оны əрқилы жағдайларда қолдана білуінде.
Мысалы: 
«Бунақденеілер түрінің сан алуандығы» тақырыбында 
шығармашылық қалай қалыптасты?
Оқушыларға берілетін жұмыстың алғашқы кезеңі кітапты, суретттерді
нобайларды пайдалана отырып шаянтəрəрізділер, бунақденелілер құрылыстарын 
салыстыра отырып, тек бунақденелілерге тəн құрылыс белгілерін ажырату. 
Жұмыстың екінші жəне үшінші кезеңдерінде бағыттаушы сұрақтармен жаппай 
пікір алмасу ретінде ұйымдастырып оқушыларға өз болжамдарын ұсынып оны 
талдауға мүмкіндік туғызу керек. Осындай əрекеттен шығармашылық ой 
қалыптасады. Айтылған деректерге сүйене отырып ойланып, талдау үрдісі 
кезінде балалар бунақденелілердің қанаттарының, 3 жұп аяқтарының болуының 
ауада жəне басқа əр түрлі жазықтықтарда еркін қозғала алулары, қоректену мен 
көбеюлеріне үлкен мүмкіндік туғызып басқа буынаяқтылармен салыстырғанда 
артықшылығы екені жайлы қорытындыға келеді. Келесі белгіні талдай келе
буынақтыларда ауыз мүшелерінің əр түрлі болуының түрлі қоректі пайдалануға 
мүмкіндік беріп,тіршілік ортасында тірі қалуға себебін тигізеді деген ойға 
келеді.
Сөйтіп демеу – ізденушілік жəне зерттеушілік əрекеттерінің арқасында 
сатылай отырып бунақденелілер жануарлар əлемінде жоғары дəрежеде дамыған 
сынып өкілдері екендігіне көздері жетеді. Себебі дене бөліктерінің əр түрлі 
қызмет атқаруы, орталық жүйке жүйесінің, сезім мүшелерінің дамуы,күрделі 
мінез – қылықтың жетілуі олардың даму шегіне жетіп, əр түрлі формаларының 
пайда болып табиғатта кеңінен таралуынан көрінеді деген тұжырым 
жасалынады. 
Мысалы 
мынадай 
білім 
тасымалдауды 
талап 
ететін 
шығармашылық тапсырмалар: Үй шыбыны 6 ұрпақ бере алады немесе 5 
триллион шыбын, жалпы массасы 500 мың тонна. Бірақ осы бунақденелілер 
табиғатта көбею кезіндегі пайда болғанынан аз кездеседі. Неге? Осы 
тапсырманы шешу барысында балалар дербестік танытып, бұрын игерілген 
білімдерін пайдаланады. Әрбір оқушының əртүрлі ойлары дұрыс жауапқа 
бағыттаушы ретінде əсер етеді. Екінші тапсырма, Биылғы жылы Қазақстанда 
шегіртке өте көп болып əр түрлі аудандарда шалғындықтарға, егістікке өте көп 
зиян келтірді. Күрес дер кезінде жүргізілмегендіктен, оларды жою аса қиын 


болды. Сұрақ: былтырғы жылы кейбір мамандар шегіртке көп болатынын 
ескерткен, енді келесі жылы да көп болады деген болжам бар. Бұл не себепті? 
Осы сұрақтың жауабын іздеген кезде оқушылар шегірткелердің тіршілігін, 
көбею жолдарын саралай отырып əр түрлі жауаптар беріп, соңында шешімін 
табады.
1. Қатты жауын кезінде неге жауын құрты топырақ бетіне шығады?
2. Сіздің ауылшаруашылық алаңыңызда зиянкес бунақденелілер пайда 
болды дейік. Бірлестікке зиянын тигізбей қандай тəсілдермен олардан құтылуға 
болады?
3. Зерттеушілік проблемалық тапсырмаларды шешуде оқушылар бірте – 
бірте ғылыми танымның тəсілдерін игере бастайды, оларда шығармашылық 
əрекеттер қырлары қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет