Төртінші – материалды пəнаралық қорытындылау сабақтары (олар
тақырыпты, тапсырмаларды қорғау сабақтары деп аталады).
Бесінші – практикум сабақтары.
Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына,
жеке қабілеттеріндегі
айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты сыныпта оқу үздіктері
мен үлгермеушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан мұғалім сабақтың
барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бекіту, қайталау, білім, білік,
дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп – саралап оқытудың ұйымдастырады.
Онда əр түрлі қиындық дəрежесіндегі үш типті «А», «В», «С» деңгейлеу
бағдарламасы алынады. Деңгейлеу бағдарламалары (деңгейлік тапсырмалар
емес, тек бағдарламалар ғана) маңызды екі аспектіні, екі тұсты қарастырады.
а)
белгілі деңгейдегі білім, білік, дағдының меңгерілуін қамтамасыз
етеді. (репродуктивті деңгшейден шығармашылыққа дейін );
ə) балалардың белгілі деңгейде өз бетімен оқуына, білім алуына жағдай
жасалады (мұғалім тарапынан көрсетілетін тұрақты кмек, үлгі бойынша
жұмыс,кеңес беруден бастап, өз бетінше толық жұмыс істеуге дейін).
«А», «В», «С» бағдарламаларының арасында қатаң сабақтастық бар.
Олардың баяндау логикасында үздіксіздікті, жартылай болса да негізгі ұғымның
бүтін суретін көрсететін əр тақырыптың міндетті минимумы беріледі.
«С»
бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде
белгіленеді. Оларды орындай отырып, оқушы пəн бойынша қайталау деңгейінде
нақты маиериалды меңгереді. Материалды алғаш
меңгеру жұмыстарының сан
рет қайталауын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу білігін, есте
сақтау тəсілдерін білуді т.с.с. талап етеді. Сондықтан «С» бағдарламасының
мазмұнына қалай оқыту керек,
неге назар аудару керек, бұдан қандай
қорытынды жасау керектігі туралы нұсқаулар енгізіледі.
Күрделенген тапсырмаларды бұл бағдарламадан кейінгі бағдарлама десе
де болады. Орындауға кіріспестен бұрын «С» бағдарламасындағы
тапсырмаларды əрбір оқушы орындауға міндетті.
«В» бағдарламасы қолдануға арналған есептерді орындау үшін қажет, ол
оқушылардың оқу, ой есептерді орындау үшін қажет, ол оқушылардың оқу, ой
əрекетінің аорнайы тəсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді.
Сондықтан бұл бағдарламаға нақты тапсырмалармен қатар бірінші
деңгейдегі – материалды кеңейтетін, негізігі білімді дəлелдейтін,
суреттейтін,
нақтылайтын ұғымның қолданылуы мен жұмыс істеуін көрсететін қосымша –
мəліметтер кіргізіледі. Бұл деңгей мəліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі
материалды терең көрсетеді.
«А»
бағдарламасының орындалуы оқушылардың алған білімді
шығармашылықпен қолданатын деңгейге көтереді.
Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой əрекетінің тəсілдерін жəне
деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді.
Оқушыға мектепте алған білім негізінде шешуге болатын мəселе
түйініне жетуде материалмен оның логикалық негізін тереңдете түсетін
дамытушылық мəліметтер беріп, оны шығармашылықпен қодану
перспективасын ашады.
Сондай – ақ, бұл деңгей балаға өзін қосымша жұмыста көрсетуге де
мүмкіндік береді. Материалды қайталауға əр деңгейдегі
тапсырмаларды еркін
талдау əдістемесі кеңінен қолданылады.
Өзіндік жұмыс, есептер шығару, зертханалық жəне сарамандық жұмыс
тапсырмалары үшін дайындалатын дидактикалық материалдарын деңгейлік
нұсқасын бөлуге болады. Бірінші (С) нұсқасы оқытудың міндетті нəтижесіне
сəйкес. Екінші (В) нұсқасы оқулықтан қосымша есептер мен
жаттығулардың енгізілуін көздейді. Үшінші (А) нұсқасы қосымша оқу -
əдістемелік əдебиеттермен алынған тапсырмалардан тұрады.
Әр пəндегі оқу бағдарламасын таңдау оқушының
өзіне базалық білім
минимумы қамтамасыз етілуімен қатар əр жеке тұлғаның шығармашылық
дамуына да кеңістікташылады.
Білімді бақылау кезінде деңугейлеу тереңдей түсіп, əрбір оқушының
жетістігі есепке жеке алынады.
Пəнішілік деңгейлеу əдістемесінің қағидалары мен мазмұны «толық
меңгеру» əдістемесімен ұқсас. Барлық оқушы білім стандарты деңгейін толық
игергеннен кейін ғана жаңа материалға ауысу жүзеге асырылады. Жалпы
сыныптық, топтық жəне жеке жұмыстар арасындағы үйлесушілік базалық
стандарт деңгейіндегі оқушылардың білімдегі
алшықтықты анықтауға
мүмкіндік береді.
Ол үшін келесі сабақ түрлері қолданылады: топтармен жұмыс (столдар
бойынша, қатар бойынша); ой толғау; сұхбаттасу (тұрақты жұптар,
динамикалық жұптар); модульдік оқыту; семинарлық – сынақ жүйесі; сыныптан
тыс қосымша жеке сабақтар; жеке көмек; кеңес.
Достарыңызбен бөлісу: