рекомбинациялық репарация деп аталады. Өзгерісі жоқ жаңа тізбек өз үзіндісінен айырылғандықтан оның өзінде тағы бір тесік пайда болады. Бірақ оның комплиментарлы тізбегі бар. Сондықтан тесіктің орнына полимераза жаңа тізбекті оңай синтездейді. Сүтқоректілер клеткасында репарациялық процестің өтетінін адамның кейбір генетикалық аурулары себебін талдау дәлелдейді. Мутантты ген гомозиготалы күйге ауысқанда дамитын пигменттік ксеродерма ауруы адамның күн сәулесіне, әсіресе ультракүлгін сәулесіне сезімталдығын жоғарылатады. Мұның нәтижесінде терінің рак ауруы дамуы мүмкін. Ауру адамда эксцизиялық репарация жүрмейді. Ультракүлгін сәулесі әсерінен түзілетін тимин димерлері кесілмейді.
Тақырыпты бекіту сұрақтары:
1.Мутация дегеніміз не?
2.Мутацияның әсерінен пайда болатын ауру түрлері.
3. Қашан және қалай хромосомалық мутациялар пайда болады?
4. Хромосома ішілік абберациялардың ерекшелігі неде?
5. Гендік мутациялардың жіктелуі 6. Хромосомалык мутациялардың жіктелуі 7. Геномдык мутациялардың жіктелуі 8. Мутагенез дегеніміз не?
9. Мутациялардың қандай түрлері болады ?
10. Мутацияның пайда болу себептері (мутагендік факторлар).
11. Мутациялық үрдістер және генетикалық қауіпсіздік проблемалары
12. Мутагенездің молекулалық механизмдерін білудің клиникалық практикадағы маңызы
13.Репарацияның қандай типтерін білесіздер?
14. ДНҚ үзінділерінің репарациясын түсіндіріңіздер.
15. ДНҚ репарациясының маңызы неде?
16 Репарацияның бұзылуынан болатын тұқым қуалайтын аурулар.
Әдебиеттер:
1. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика.Шымкент, ЖШС «Кітап»баспасы.2010.,90-105 беттер.
2.Е.Ө.Қуандықов,С.А.Әбілаев. Медициналық биология және генетика. Алматы «НАS» , 2007.,73-77, 91-104 беттер.