Дәріс №5 Дәрістің тақырыбы


Репарация ДНҚ молекуласында пайда болған мутацияның ерекше ферменттердің қатынасуымен жөнделеді



бет5/6
Дата12.03.2023
өлшемі32,25 Kb.
#172003
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс № 5

Репарация ДНҚ молекуласында пайда болған мутацияның ерекше ферменттердің қатынасуымен жөнделеді.
Репарацияның бірнеше түрі белгілі:
1. Фотореактивация немесе жарық репарация. Оны 1962 жылы К.Руперд ашқан. Ультракүлгін сәулелері ДНҚ молекуласына әсер етіп, онда тиминдік димерлер түзеді, яғни екі көршілес тиминдер адениндермен байланысын үзіп, өзара байланысады. Бұл кезде фотореактивтеуші ферменттер жарық тың әсерімен тиминдік димерлерді ыдыратып ДНҚ молекуласының бұрынғы қалыпты күйіне келтіреді.
2. Қараңғылық репарация немесе эксцизиалық. ХХ ғ. 50 ж. А.Геррен ашқан. Ол жарықтың қатынасынсыз жүреді, бірнеше ферменттердің көмегімен іске асады және 4 сатыдан тұрады:
Эндонуклеаза ферменттері ДНҚ молекуласындағы мутациялық өзгерісті тауып, оны тізбектен үзеді. Нәтижесінде ДНҚ тізбегінде тесік пайда болады.
Кесілген ДНҚ молекуласының жіпшелерінің ұштарын экзонуклеаза ферменттері танып, арасын алшақтатады да ығыстырады. ДНҚ полимераза ферменті кесіп алып тасталған нуклеотидтер ДНҚ-ның үзілмеген 2-ші жіпшесі негізінде комплиментарлық принциппен қалыпты нуклеотидтерді ситездейді.
Лигаза ферменттері жаңа синтезделген тізбекті бастапқы тізбекпен жалғайды. Нәтижесінде ДНҚ молекуласы мутацияға дейінгі бастапқы қалпына қайтадан келеді.
3. Репликациядан кейінгі репарация (пострепликациялық репарация). ДНҚ синтезінен кейін өтеді. Мысалы, клеткалық ДНҚ өзінің репликациясы кезінде мутагендік әсер алса, онда фотореактивация немесе эксцизия ферменттері мутациялық өзгерісті бұрынғы қалпына келтіре алмайды. Мутагендер әсерінен басқа ДНҚ репликациясының өз қателіктері болуы мүмкін, корректорлық түзетуге қарамай кейбір нуклеотидтер ДНҚ тізбегіне жаңылыс еніп кетуі мүмкін. Мұндайда репликация әрі қарай жалғасады. Бірақ полимераза өзгерісі бар бөлікке қарсы жаңа тізбекті синтездемей өткізіп жібереді. Нәтижесінде жаңа тізбекте тесік пайда болады. Алайда дұрыс генетикалық ақпарат бастапқы екінші тізбекте бар және бұл тізбек ДНҚ ның жартылай консервативті автосинтезі принципіне сай жаңа тізбекте сақталады. Міне, осы тізбек үзіндісі полимераза тастап кеткен тізбекті толтырады, яғни ДНҚ ның гомологты молекуласы үзіндісінің алмасуы өтеді. Сондықтан мұндай репарация

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет