Дәріс академиялық жазылым пәні бойынша түсінік


Тезистерді мағыналы әңгіме қалай айналдыруға болады?



Pdf көрінісі
бет19/48
Дата26.11.2023
өлшемі0,59 Mb.
#193592
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
6. ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ (1) (3)

Тезистерді мағыналы әңгіме қалай айналдыруға болады? 
Жүйелі ақпарат, идеяларды нақтылайтын деректер болып, автор оларды 
кандай реттілікпен ұсынатынын білсе, сонымен катар өзінің хабарламасымен 
қандай нәтижеге жеткісі келетінін көре білсе, тезистерді мағыналы баяндауы 
қажет. 
Көп жағдайда ауызша және жазбаша хабарламалар үш негізгі 
композициялық бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды. 
Оқырманды қызықтыру үшін кіріспе бөлім жанды, нақты, күшті және мінсіз 
(өзіндік) болуы керек. Онда оқырманға үндеу, афоризм, жалпы ой, жеке 
тежірибеге сілтеме, аналогия, ассоциация, тұжырым, сұрақ, жеңіл ескертпе 
т.б. болуы мүмкін. Кіріспе мен негізгі бөлім арасындағы қатынас сақталуы 
керек. Егер де эссенің жалпы көлемі 500 сөз болса, кіріспеге 50 сөз алу 
ұсынылады. 


Негізгі бөлім - негізгі ой мен мәселеге байланысты аргументтер 
жинақталған бөлім. Негізгі бөлімде дәлелдер, дәйектер болуы керек, себебі 
идеяны дәлелдемелер мен мысалдар аркылы нақтылайды. Түрлі 
статистикалык, мәліметтер мен схемаларды қолданып, тақырып ашылуы 
қажет. Көтерілген мәселе айқындалып, оның туу себептері көрсетілуі керек. 
Қорытынды бөлімде нақты және айқын тезистер келтіріліп, проблеманы 
шешуде колдануға тұрарлык нақты ұсыныстар келтіріледі. Ұсыныстар өмірде 
кездесетін жағдаяттар тұрғысынан келтірілген, накты өмірмен тығыз 
байланысты болады. 
Ал баяндау тәсіліне келетін болсақ (дедуктивті-жалпыдан жекеге немесе 
индуктивті-керісінше), эссенің тақырыбын қандай тәсілмен ашқан жақсы және 
қалай баяндау керек екендігін автор ғана анықтай алады. Бұл аркылы 
жұмыстың шығармашылық, өзіндік сипаты анықталады. 
Кайта карап шығу дегеніміз - эссе мәтінін сапасы мен нәтижесі тұрғысынан 
редакциялау: ойдың айқындығы, түсінікті жазылуы, яғни мағыналық 
байланыстың болуы, бірізділігі, сауаттылығы мен стильдің дұрыстығын 
айқындау. Қайта қарау нәтижесінде екінші нұсқаның қажеттілігі туындайды. 
Екінші нұсқа бойынша жұмыс өте үлкен бөліктерден басталып, кішкентай 
бөліктерге дейін жаласады: абзацтан сөйлемге дейін, сөйлемдерден сөзге 
дейін талданады, сараланады. Бандаудың жатықтығына, ойдың логикалық 
сабақтастығына, байланысына назар аудару керек. 
Тузету барысында мәтіннің сауаттылығына, сөздердің байланысына, тыныс 
белгісіне, стилистикасына жете көңіл бөлінеді. 
Мәтіннің шебер өнделуі соңына дейін жалғасады. Мәтінде «жағымсыз» 
сөздердің пайда болмауын бақылап отыру артықтық етпейді. Əсіресе, 
көпмағыналы сөздерді пайдалану барысында мұқият болу керек: мағыналық 
реңкті араластыру түсіндіруді қиындатады. 
Сіз өзіңіздің эссеңіздің қандай нәтиже көрсететінін білгіңіз келе ме?Мұны 
тексерудің бірнеше жолы бар: мәтінді дауыстап оқу, өз жазғаныңызға 
оқырманның көзқарасымен қарауға тырысу, ең соңында адамдардың пікірін 
білу. 
Адам әр уақытта өзінің сөзімен құнды екенін естен шығармауы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет