Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет7/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
конспект лекции
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Шығармашылық өмірбаяны. Сауат ашу, білім алу қайнарлары. Сұлтанмахмұт және "Айқап" журналы. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы. Тарихи өзгерістердің, төңкерістер заманының ақын санасына ықпалы. Әлеумет ісіне, қоғамдық қызметтерге араласуы. Заман тақырыбына түрлі мақалалар жазып, баспасөзде жариялауы. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашордаға қатысы. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әралуандылығы.
Лирикасы. Ақын назарына қоғамдағы жаңғыру нышандарының ілінуі. Өзіне-өзі серт бере отырып, ақынның айрықша құлшыныспен алға ұмтылуы. Өлеңдеріндегі өршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет етуге ұмтылуы. Өлеңдеріндегі осы сипаттың көрінісі. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күй, жастық пен махаббатты жырлаудағы шеберлігі. Лирикалық кейіпкері.
Поэмалары. Ақынның "Адасқан өмір" иоэмасы. Тақырыбы. Поэмадағы ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленуі. Түрлі адамдар мен мінез-құлықтың мың құбылған психологияның молдығы. Автордың сыншылдық көзқарасы. Осы ортадағы лирикалық кейіпкер үнінің айқындығы. Азат өмірді аңсауы, тәуелсіз күндерге асығуы. Сол арқылы бүкіл бұқараның ой-арманын бейнелеуі.
"Кедей" поэмасыңдағы қарапайым еңбек адам тағдырының бейнесі. Заман диірменіне түсіп кеткен ауыр өмір суреттері. Поэмадағы тарихи кезең сипаты. Әлеуметтік теңсіздік үстемдік еткен ортадағы хал-ахуал. Лирикалық кейіпкердің образы. Поэманың қоғамдық идеологиямен үндестігі.
Қайғы "Айтыс" поэмалары. Кейінгі жылдарға дейін белгісіз болып келу себептері. Поэмаларда көтерілетін тақырып. Заман ахуалын бейнелеудегі ақынның жетістігі. Қала ақыны мен дала ақынының айтысы арқылы дәуір шындығына қатысты ойлардың алға тартылуы.
Сұлтанмахмұттың поэзиядағы көркемдік жаңалықтары. Мазмұн мен түрдің бірлігін шебер ұстана білуі. Ақынның стильдік ерекшеліктері. Поэзиясындағы ерекше екпін, романтикалық шабыт.
Романдары. Ұлттық көркем прозаның даму тарихынан алатын орны. "Қамар сұлу" романы. Жанрлық сипаты және жазылу ерекшелігі. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда бой көрсеткен жаңашылдық сипаты. Қоғамдағы жағымсыз салт, жат мінез-құлықтың зияндылығын әшкерелеу деңгейі. Қазақ өмірінің шындығы мен қоғам дамуының барысы ұсынып отырған шындықтың өзара астасқан тұсындағы адамдар тағдырының бейнеленуі. Роман кейіпкерлерінің әралуандығы. Қамар бейнесі. Көркіне парасаты лайық қыздың ел ішіндегі ескі салттың зорлығына өмірінің соңғы сәтіне дейін қайсыласып өтуі. Ахмет, Қасең образдары. Олардың әрекетіндегі жинақылық пен табандылыктың осал түсіп жататыны. Нұрымға қарсы әрекеттерінің оқиға барысымен үйлесімсіздігі. Омардың бейнесіндегі жаңа мінез нышандары. Жорға Нұрым образының сатиралық сипаты. Оның маңайындағы адамдардың бейнеленуі. Оқиғаны баяндауда кездесетін (Қамардың молдамен, бақсымен айтысуы) ауыз әдебиетіне тән баяндау үлгілерінің қолданысы. Романның композициялық құрылымы, тіл шұрайы мен көркемдік өрнектері. Проза мен поэзияны араластыра отырып шығарма жазудағы ақынның ерекшелігі.
"Кім жазықты?" романы. Шығарманың тақырыбы. Маңызы. Дәуір психологиясының адамдар санасындағы көрінісі. Романдағы үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Тарихи кезеңнің шындығына орай олардың көзқарастары мен түсініктеріндегі, өмірлік бағыттарындағы айырманың айқындығы. Әжібай образының типтік сипаты. Оның өз заманының туындысы, бүтіндей бір құбылыстың белгісі ретінде көрінуі. Әжібай бейнесі арқылы заман сипатының сатиралық үлгіде ашылуы. Әжібай маңындағы алуан түрлі мінездер. Аппақай, Жүсіп, фельдшер образдары. Олардың іс-әрекеттеріндегі еркіндік. Күлтай бейнесі әрқилы көріністің жақсы қасиеттердің сипаты. Адамдық сезім мен адамгершіліктің туын көтеру. Әнуар мен Күлтай арасындағы сүйіспеншілік, Әжібай бойындағы Күлтайға деген әкелік сезім нышандары. Жақсылық пен жамандық, тазалық пен зымияндық арасындағы тартыс. Романдағы әлеуметтік теңсіздіктің, оны тудырып отырған заман ағынның, өзара қарама-қарсы күштер күресінің, әртүрлі мінез-құлық пен іс-әрекет иелерінің суреттелу деңгейі. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Лирикалық шегіністердің мол кездесетіні. Образ жасаудағы ақынның табысы. Тіл байлығы. Романның жалпы құрылымы. XX ғасыр басындағы қазақ прозасының қазынасынан алатын орны.
Сұлтанмахмұттың көсемсөз саласында бірқатар мақалалар жазғандығы. Қазақтың мәдени өміріне, әдебиеті мен тіліне қатысты мақалалары ("Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан", "Қазақ ішінде оқу оқыту жолы қалай?", "Өлең мен айтушылары", т.б.). Ұсақ әңгімелеріндегі ("Ауырмай есімнен жаңылғанын", "Зарландым") ел тұрмысының көріністері.
Сұлтанмахмұттың өз дәуірінің күрделілік қасиеттерін бойына жинақтаған, оны өз шығармаларында молынан бейнелеп отырған тағдыры күрделі қаламгер болғандығы. Оның мұраларының ұлттық әдебиет қазынасынан ерекше орын алатыны.
Осы кезден ақыңдыққа ден қойып, «Оқып жүрген жастарға», «Тәліптерге» («Шәкірттерге»), «Ендігі беталыс», «Оқудағы мақсат не?», «Анау-мынау», «Мағынасыз мешіт», «Жарлау», «Досыма хат», «Шығамын тірі болсам адам болып», «Түсімде», «Жазғы қайғы», «Қымыз», «Кешегі түс пен бүгінгі іс», т.б. өлеңдерін, «Зарландым» атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста «Қамар сұлу» романын жазуды бастады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішіңде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен ақын 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін «Шоң серіктігі» деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспайды. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен «Ләпет бұлты шатырлап», «Алтыаяқ» сияқты өлеңдер жазған. «Ендігі беталыс», «Тұрмысқа», «Бір адамға», «Туған еліме», «Сымбатты сұлуға», «Қыз сүю», «Гүләйім», «Өмірімнің уәдесі», «Жан қалқам», «Гүл», т.б. өлеңдерін, 1915 жылы «Кім жазықты?» атты өлеңмен жазылған романын дүниеге әкелді. Шығыс Қазақстанда жалданып бала оқытқан ол 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Қатонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді. 1916-1917 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. «Шәкірт ойы» өлеңінде «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды», «Мұздаған елдің жүрегін жылытуды» армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты. 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, «Алаш ұранын» жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап, 1918 жылы сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиеттерді көп оқып, «Шал мен қызға», «А, дүние», «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс», т.б. өлеңдерін жазды. 1907-1911 жылдары оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің текетіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді («Осы да әділдік пе?», «Бір адамға», т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман («Қамар сұлу», «Кім жазықты?»), төрт поэмасын («Таныстыру», «Адасқан өмір», «Кедей», «Айтыс» жариялады. Торайғыров «Қамар сұлуда» әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеуметтік тұрғыда талдаса, «Кім жазықты?» романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Торайғыров поэма жанрын жаңа арнада дамытты. Ол сюжетсіз поэмаларында өмірдегі сан түрлі мәселелерді кеңінен қамтып, өршіл ой-түйіндерін бүкпестен, өткір де ашық насихаттауға тырысты. Алғашқы поэмасы «Таныстыруда» Алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту мақсатын көздеді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатовтарды таныстырып, олардың «бірі - күн, бірі - шолпан, бірі - ай» екендігін жазады, алаштықтардың қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы еңбектерін саралайды. Алаш өкілдерімен қоса, қазақтың көрнекті тұлғалары Абай мен Шәкерімді ерекше атап көрсетеді. «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды. «Адасқан өмір» - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. «Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. «Айтыс» поэмасы толық аяқталмаған, онда Торайғыров қала ақыны мен дала ақынын айтыстырып, екі ортаның қайшылықты жақтары мен адамға пайдалы тұстарын қатар алып суреттейді. Торайғыров шығармалары - 20 ғасырдың басындағы қазақ қоғамы шындығын, ондағы жаңашыл ой-пікірдің дамуын танытатын үлкен белес. Оның ізденістері «шындықтың ауылын іздеумен» байланысты, оның реализмі бұлтақсыз, жалтақсыз айтылған шындыққа, әлеуметтік тіршіліктің шынайы суреттеріне негізделген, оның теңденциясы да сыншыл.
Сұрақтар:

  1. Сұлтанмахмұт поэзиясы – өз дәуірінің шындығы

  2. Сұлтанмахмұт - эпик қаламгер

  3. Сұлтанмахмұт Торайғырұлы әдеби мұрасы

  4. С.Торайғыровтың «Кім жазықты?» романы

  5. С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы

С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасы

2 сағ.

5

Мұхаметжан Сералыұлы шығармашылығыМұхаметжан Сералыұлы шығармашылығы

  1. Мұхаметжан Сералыұлы

  2. Шығармашылығы

  3. Еңбек жолы

Өмір жолы. Шығармашылығы. Ұстаздық қызметі. Журналистік еңбегі. «Айқап» журналы. Поэмалары: "Гүлкәшима", "Топжарған". Олардың тақырыбы, көркемдік бояуы. Құрылымдық жаңалығы. Аудармалары туралы қысқаша мәлімет. Шығармашылығының зерттелуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет