Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет4/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
конспект лекции
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Мақыш Қалтайұлы (1868-1916). Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімінің тереңдігі. Айналасына, қоғам құбылыстарына қатысты көзқарасының күрделілігі. Кезінде заман талабына лайық өз пікірін айта алғандығы. Айналадағы өзгерістердің мәнін пайымдау дәрежесі. Әлеумет ортасындағы теңсіздікті, кемшіліктерді сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттауы.
Мысал жанры саласындағы еңбегі. Бұрын белгілі сюжеттерді пайдалана отырып, өзіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалар жазғаны. 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.
Нұржан Наушабайұлы (1859-1919). Шығармашылық өмірбаяны. Өзі өмір сүрген заман жайында, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік, байлық пен кедейлік жөнінде шығармалар жазуы. Жастарға бағыт-бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойлары. Өмір, тіршілік, оқу, білім мәселелеріне көзқарасы. Өлеңдерінде ел ішіндегі келеңсіздіктерді сынауы. "Заман азды" деген ой білдіруі. "Назымдары" және олардың көркемдік деңгейі. Өлеңдеріндегі араб, парсы, шағатай тілдерінің әсері. Үш кітап шығарғаны. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстанғаны. Адамның жаратылуы, қазақтың шығу тегі жайындағы пікірлері. Жалпы өмір құбылыстарына деген көзқарас, түсінігіндегі ерекшеліктер.
  1. Шәді Жәңгірұлы (1855-1933). Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс
    әдебиетінен жан-жақты хабардарлығы. Ұзын саны 18 дастан жазғаны. Шәді– Шығыс тақырыбынан молынан игерген ақын. Шаян, Қарнақ, Бұхарадағы Көкелташ медреселерінде оқыған. Ақын нәзира дәстүрі бойынша Шығыс сюжетіндегі елеулі оқиғалар мен тұлғаларды дастан етіп жырлайды. Оның біразын кітап етіп бастырады. «Хайбар хиссасы» (Қазан, 1910), «Хикаят Қамар-уз-заман» (Ташкент, 1910), «Русия падишаһлығында Романов нәсілінен хөкманлық қылған падишаһлардың тарихтары һәм Ақтабан шұбырыншылық заманына бері қазақ халқының ахуалы» (Орынбор, 1912), «Хикаят Уәрәқа Гүлша ғашық уә мағшуқ» (Ташкент, 1913), «Назым Сыяр Шәриф» (Ташкент, 1913), «Назым түркі фики Қайдани» (Ташкент, 1913-1914) т.б. кітаптары тарихтан мәлім. Ақын шығармаларында ислам құндылықтарына ерекше екпін түсіріп отырады. Мысалы, істеген ісі насырға шапқан әрі онысына өкінген «Орқа-Күлшедегі» кейіпкер Халал бүй дейді:


Ажыратып қанша ренжіттім,
Опасыз дүние бұл үшін.
Мұсылман қылмас іс қылдым,
Азғырғандардың тілі үшін.
Құтылмаққа себеп жоқ,
Жатқызып айтып тігісін.
Өз шығармаларында халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі.
Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Діни аңыздарды пайдалануы. Ресей тарихынан жазған шығармалары. Өлеңдерінде бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек тақырыбына ("Атымтай жомарт") жазылған туындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет