Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет16/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
конспект лекции
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Халықты көтеріліске шақырған шығармалар (С.Еспенбетов. "Июнь жарлығы", Жамбыл. "Зілді бұйрық", т.б.).
Көтеріліс барысын суреттейтін шығармалар (И.Дәукебаев. "Бекболат", О.Шипин. "Торғай соғысы", "Аманкелді").
Майдан өмірін суреттейтін шығармалар (Б.Берденов. "1916 жыл", "Туған ел", "Қоштасу").
Ел мен майдан арасындағы хат түрінде жазылған шығармалар.
Қаза болғандарды жоқтау үлгісінде туған шығармалар.
Көтеріліске байланысты шығармалардың әралуандығы. Ірілі-ұсақты өлеңдер және оқиғалы дастандар.
И.Дәукебайұлының "Бекболат" дастаны. Бекболат бейнесі. Бұл топтағы шығармаларға отаншылдық сезімнің ортақтығы.
Жамбылдың "Патша өмірі тарылды", "Зілді бұйрық" атты шығармаларындағы ел күйзелісінің суреттелуі. Өлеңдер мен дастандарындағы сыншылдық сипат, әділетсіздікті, парақорлықты әшкерелеу. Халық кегі.
1916 жылғы көтеріліске байланысты («өлең-жырлардың көркемдік, стильдік, жанрлық ерекшеліктері, деңгейлерінің әралуандығы. 1916 жылғы көтеріліс бүкіл халықтың патша үкіметі мен жергілікті үстем тап өкілдеріне қарсы күрескен ұлт-азаттық көтерілісі болды. Мұндай көтерілістер басқа да Орта Азия елдерінде (Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, т.б.) өріс алды. Көтерілістің тарихи-әлеуметтік негіздері мен шығу себептері әр алуан еді. Оның бірі - патша үкіметінің отаршылдық қысымының күшейіп, соғыс жылдарында еңбекші бұқараны ашықтан-ашық аяусыз талау саясаты болса, екіншісі - патшашылдықтың қазақ даласындағы сүйенер тірегі - қазақ байларының қалың бұқараны айуандықпен қанауы, оған көрсетіп келген қорлық-зорлығы еді. 1916 жылғы көтеріліс - қазақ халқының тарихында аса маңызды қызмет атқарған көтеріліс болды. Ол қазақ байларының бет пердесін жұлды, буржуазиялық-ұлтшылдардың опасыздығын әшкерелеп, халықтың саяси сана-сезімін көтерді, қазақ даласында тап күресін күшейтті. 1916 жылғы көтеріліс аса бай халық әдебиетін туғызды. Оларды бұқарашыл бағыттағы халық ақындары, ел ішіндегі өнер серілері шығарды. Жалынды поэзия жасауға тырысқан ақындар өнерін халық мүддесіне жұмсады. Бұл әдебиеттің көтерген туы, өзекті сарыны - ұлт-азаттығы, бостандық, еркін өмір. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған әдебиеттің біздер үшін де маңызы үлкен. Өйткені патша үкіметі тұсындағы халықтың ауыр тұрмысын, мүшкіл халін суреттейді, бұдан біз халқымыздың басынан кешкен қиын талай күндерді, теңдіксіз тепкіде өткен өмірді көреміз. Асыл, ерлік дәстүрінен үлгі-өнеге аламыз, бұл әдебиет - халқымыздың ақын, жыршылары шығарған мазмұны жағынан терең, түрі жағынан әр алуан, сөздері өткір, тілі таза, ерекше қайсарлық үні басым, идеялық сарыны жағынан өршіл әдебиет. 1916 жылғы әдебиеттегі қай шығарманы алсақ та, көбінесе патшаның 25 маусымдағы майдан жұмысына жігіт алу туралы жарлығына қарсы наразылық, ашу-ызамен қатар, халықтың жалпы қайғылы халі, бұлқынысқа толы кезеңі жырланады. Халық ақындары өз жырларында патша үкіметінің соғысқа құмар саясатын айыптайды. Халық бұқарасының пікірін қолдай және көркем бейнелей отырып, халық ақындары патшаның қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алуын оларды өлімге айдау, қыру деп білді. Патша саясатының озбырлығын түсінген, одан қысым көрген ел жігіт бергеннен өлген артық деп ұғып, ақындардың да осы идеяны жар сала жырлаған "Зілді бұйрық", "Патша әмірі тарылды", "Құты қашты патшаның" өлеңдері, "Амангелдінің Торғайды алуы", "Бекболат" поэмалары дүниеге келді. Бұл жылдары туған жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді. Бұлардың бірқатарында майданға алынған жігіттердің кешкен халі мен ел-жұртынан айырылардағы зарлы кейпі көрінеді. Бұл жырлар туған жерден алыста жүрген адамдардың сағыныш сезімін, тұйықтан шығар жол таба алмай күйзелген күйін танытады. "Асқардың үй ішімен қоштасуы", "Еріксіз кетіп елімнен" деген жырлар сол кезеңнің айғағы. Бұл кезең демократтық-ағартушылық бағыттағы әдебиет ағымын жаңа дәуірдің әдебиетіне ұштастырар баспалдақ болды.
Он Алтыншы Жылғы Көтеріліс Туралы Жырлар – дәстүрлі халық поэзиясының жаңа мазмұны бір саласы. 1916 ж. Қазақстан және Орта Азия халықтары және т.б. езілген еңбекші бұқара өздерінің азаматтық, теңдік құқықтарын қорғап, шексіз қанауға, әлеуметтік өзгіге қарсы ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Осыған байланысты туған поэзия үлгілері сол кездегі халық өмірінің ерлік шежіресі тәрізді. Онда көтеріліс тұсындағы ел басына төнген ауыр азап пен жұрттың ізгі тілек ой-арманы, оның жарқын болашаққа деген зор сенімі, тап жауларына қарсы күресте ту ұстап, қол бастаған халық ұлдарының ерлік, табандылығы шебер сипатталды. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған жырлардың айрықша бір түрі – үндеу, үгіт өлеңдері. Бұзаубақ ақынның «Құты қашты патшаның», О.Шипиннің «Аманкелдінің айбаты», К.Әзірбаевтың «Аттан», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», «Құбашаның Әбдірахманға хаты», «Әбдірахманның жауабы», Б.Қожаевтың «Күнді бұлт құрсайды», тәрізді өлең-жырлары үстем тап өкілдерінің жауыздық, екі жүзділік әрекеттерін батыл әшкерелеп, ел-жұртты бірлікке, езуші таптан кек алуға шақырды.
Бөлтіріктің «Ел жарыла көшкенде» атты толғауы мен Қарсақ ақынның жырларында Маусым жарлығынан кейін ата қоныстан ауып босқын болған елдің ауыр халі, шеккен қорлық, азаптары сипатталса, Баттал, Құсайын, Есқайыр толғаулары мен Сартайдың «Тар заман», Төлеудің «Сарыарқаның сарыны» секілді жырларында жауыхдық пен әділетсіздік билеген кешегі заман жайы, ішкі-тысқы өзгіден күйзелген ел жағдайы сөз болады. Бұл сипат ел аузындағы «Қоштасу», «Жұбату», «Естірту», «Дәметкеннің зары», «Асқардың үй-ішімен қоштасуы» атты лирикалық өлеңдерінен де айқын аңғарылады. Майданнан елге, елден майдан шебіне жазылған сәлемдесу хаттарында («Ақбастың Нұржанға хаты», С.Бегімовтің «Туған елге хаты» және т.б.) жігіттердің туған, өскен елге деген ыстық сезімі, еңбекші бұқараны ашық күреске шақыратын жігерлі үн мен болашаққа деген зор сенімі бар. Майдан өмірін бейнелейтін Б.Берденовтің «Прием», Есқайырдың «Зарлы заман кезінде», Батталдың «Туар ма екен бізге күн?», Ж.Жаңабаевтың «Ұзақ жолға аттандық», Ә.Аманжолов пен Қарамолдаевтың «Еріксіз кетіп елімнен» атты жыр, дастандарында елден аттанған жігіттердің майдан шебіне дейінгі ұзақ сапары мен әр алуан жол азаптары, олардың қайғы-мұңға толы көңіл күйі мен ой-арманы, алдыңғы шептегі сұрапыл соғыстың нақты көріністері жан-жақты суреттелген. Халық өмірін арнаулы тақырып етіп сипаттайтын туындылармен қатар Қ.Бозаевтың «Қарақойын көтерілісі», «Губернатор келгенде» жыр, дастандарында сол қиын сәтте ел бақыты үшін асылып, езілген бұқараны азаттық күреске бастаған Аманкелді, Әліби, Бекболат, Ұзақ, Тайлақ, Иса, Күркебай, Әли, Қырғызбай секілді батыр-қолбасшылардың ерлігі мен жарқын бейнесі жырланды.
Жетісу қазақтарының ерлік күресін бейнелейтін «Бекболат» дастанында ел мен ер трагедиясы жырланды. Батырдың сот алдындағы батыл жауаптарын диалогпен беру арқылы аутор үстем өкілдерінің шектен тыс жауыздықтарын, әділетсіздіктерін ұтымды тәсілмен әшкереледі. Сол дастанның үлгісінде туып, халық батырларының өшпес ерлігін паш ететін К.Әзірбаевтың «Қырғызбай», «Әли батыр», Е.Кандековтың «Әли батыр», К.Сауранбаевтың «Ұзақ батыр», Бекболат Әшекеевтің үндеу-хаты арқылы жазған «Албан көтерілісі» атты көлемді дастаны, Бөлтірік ақынның «Ел жарыла көшкенде» жыры туды. Омар, Сәт, Сүлеймен, Күдері, Досмұқан, Орынбай сияқты Аманкелді сарбаздарының қатарында болып, оқиғаларды өз көзімен көрген ақындар Аманкелді Иманов бастаған Торғай көтерілісі туралы сан алуан жыр, дастандар шығарды. О.Шипиннің «Аманкелді», С.Есенбаевтың «Ер Аманкелді», Н.Ахменбековтың «Аманкелді дастаны» - Аманкелді батырдың ұлт-азаттық көтерілісі мен Азамат соғысы кезіндегі ерлікке толы күрес жолдарын тұтас қамтитын кесек әрі көркем туындылар. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған поэзия үлгілері ең алдымен қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік пен тап қайшылығын өзекті мәселе етіп жырлап, қазақ әдебиетінде бұрын байқала қоймаған соны мазмұн, жаңа идея ала келді.
Сұрақтар:

  1. 1916 жылғы ұлттық азаттық көтерілісіне байланысты шығармалар

  2. Баспасөз ісі және ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы




2сағ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет