Өмір деректері. Ұстаздық қызметі. Кітаптары: «Үлгілі бала», «Үлгілі тәржіма». Олардың мазмұны мен мен мәні. Аудармалары. Көркем прозадағы еңбегі. «Қалың мал» романы, оның ұлттық прозаның дамуына қосқан үлесі. Романдағы заман шындығы. Көркем бейнеле ерекшелігі мен жаңалығы. «Орындалған арман» романы.
Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, оқытушылық қызметі. Өз кезінде қоғам өміріне белсене араласқандығы.
Аударма саласындағы еңбегі. Орыс ақыны И. Крыловтың мысалдарын қазақша сөйлетуі. Ол мысалдардың айтпақ ойы мен сатиралық уытын өз мақсатына орайластыра пайдалануы. Сыншылдық бағыт ұстанғаны. Оқу құралы ретінде аударма мысалдарды отырып, "Үлгілі тәржіма" атты кітап шығаруы. Аударма өзіндік қолтаңбасы. Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері. Спандияр аудармаларының еркіндік сипаты. Ұлттық әдебисттің тарихынан алатын орны.
"Үлгілі бала" жинағын шығаруы.Хрестоматиялық оқу қуралы ретіндегі маңызы. Оған енген шығармалардың тақырыбы және олардың шәкірттер ұғымына сәйкестігі. Жинақтағы ақынның аудармалары мен төл шығармаларының, ауыз әдебиеті үлгілерінің мазмұндық сипаттары. Кітаптың тәрбиелік, эстетикалық мәні.
Прозасы. Қазақ топырағындағы үрделі прозаның алғашқы үлгілерінің бірі "Қалың мал" романы. Қазақ романының даму жолындағы елеулі белес болып саналатыны. Романның тақырыбы. Шығармадағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделілігі. Екі түрлі өмір салтының ұштасқан тұсындағы ғашық жастардың тағдыры. Өзге де әлеуметтік мәселелердің (жерге таласу, рулық, таптық тартыс) бой көрсетуі. Ғайша мен Қожаш бейнелері.Олардың өз тағдырлары жолындағы күресі. Бас кейіпкерлерін сомдаудағы жазушының шығармашылық жаңашылдығы. Өмір шындығына үндес шешім жасауы. Итбай образының сатиралық қалыпта бейиеленуі. Оның психологиясындағы оқырман есінде қалар елеулі нышандар. Итбай маңындағы кейіпкерлер. Романның құрылымы. Образ жасаудағы әркилылық. Стилі мен тіл шеберлігі. Оқиғаны баяндаудағы бірізділік. Шыншыл суреттердің молдығы. Романның әдебиет тарихынан алатын орны.
"Орындалған арман" – мемуарлық шығарма. Романның композициялық құрылммының өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғаны. Романдағы дәуір шындығының бейнеленуі. Жазушы өмірінің өз айналасында болған тарихи оқиғалармен, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланыста қаралатыны. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Жазушының шығармашылық қолтаңбасын танытатын касиетер. Романның қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрының қалыптасып дамуын елеулі үлес қосқандығы. Спандияр Көбеев (1878 – 1956) – қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі. 1878 жылы бұрынғы Торғай облысы, Обаған болысына қарасты нөмiр үшiншi ауылда – қазiргi Ақсуат ауылында дүниеге келген. Анасы Айтбоз өте қайратты, ақылды ауылының ортақ анасы сияқты қадiрлi адам болған көрiнедi. Әкесi Көбей хат таныған, шыншыл тек қолөнерiмен күн көрген. Әке-шешесiнiң үлгi тәрбиесi болашақ педогог-жазушының мiнез құлқының қалыптасуына көп әсер еткен. Мектеп жасына жетiп қалған, бала бiрде әкесiмен бiрге бұл кездегi дәулеттi кiсi Соқытбайдың ауылына барғанда, Ыбырай Алтынсариндi көредi. Көп кешiкпей сол ауылда ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин бiрiншi рет екi жылдық мектеп ашады. 1887 жылдың желтоқсанындан Алтынсариннiң тiкелей көмегiмен Спандияр сол мектепке алынады. Содан кейiнгi жылдары Қарағайлыкөл деген жердегi төрт жылдық болыстық мектепте бiлiм алады да, Қостанай қаласындағы Алтынсарин ашқан орыс-қазақ мектебiнде оқуын жалғастырады. Ендi ол осы қаладағы жаңадан ашылған екi жылдық педагогикалық курсқа түсiп, оны 1901 жылы бастауыш мектеп мұғалiмi деген мамандық бойынша бiтiрiп шығады.
Спандияр Көбеев Петропавлскiде оқытушылық қызметiн атқарып жүргенде, сол кездегi ұлы орыс халқының атақты жазушысы И. Крыловтың бiрнеше мысалдарын қазақшаға аударып, баспаға ұсынады. Ол аудармалары «Үлгiлi тәржiме» деген атпен 1940 жылы және «Үлгiлi бала» 1912 жылы кiтаптары басылып шығады. Осы кiтаптарына енген өлеңдерi мен әңгiмелерi жасөспiрiмдердi еңбек пен бiрлiкке, тату-тәттi ынтымаққа шақырған.
С. Көбеевтiң қазақ топырағында тұңғыш романдарының бiрi болған «Қалың мал» 1913 жылдың қазан айында басылып шығады. Бұл роман шығармашылық өмiрiнде ерекше орын алады. Мұнда қазақ ауылының әлеуметтiк суретi, қазақ әйелiнiң тағдыры, оның теңсiздiгi және жастар өмiрi, ойын-той салттары туралы бейнеленген. Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
2. Спандияр И.Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударып «Үлгілі тәржімә»деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды.Осы арқылы жас ұрпақтарды өенр-білімге, әділет, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді. Жазушы оқытуда алғашқы күннен-ақ байдың мал қорасында қақтығысқа ұшырап, кейін «заман күштінікі мен тістінікі, төзіп бақ бауырларың үшін бәріне шыда»деген Опан ағайдың сөзіненсоң оқытуды жалғастыра береді.Жазушының мұғалімдік жұмысы мен балалар әдебиетін жазуға кірісудегі алғашқы кезеңдері осындай ауыр жағдайларды брстан кешіруге тура келеді.
1912 жылы Спандиярдың «Үлгілі бала» атты кітабы шықты. Бұл – бастауыш мектептегі қазақ балаларына арналған оқу кітабы еді. Ұлы ұстазы Ыбырай үлгісін пайдалана отырып ол бұл кітапқа өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс классиктерінің балаларға арналған шығармаларын, қазақтың ауыз әдебиеті үлгілерін, табиғаттың түрлі құбылыстарымен таныстыратын, өсімдік, жануарлар әлемі туралы білім беретін әр алуан қызықты қысқа әңгімелер кіргізді. С.Көбеев «Үлгілі тәіржімадан» соң мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқытылатын «Үлгілі бала»деген атпен 1912 жылы бірінші, екінші кітап бастырып шығады.Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы ана тілімен балалар әдебиеті болғандықтан, Спандияр кітапты өзі құрастырды.Бұл жөнінде Көбеевтің өзі былай дейді: «Үлгілі бала » хрестоматиясына Крыловтыңөзім аударғанмысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін өлшеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым және қазақтың бай ауыз әдебиетін пайдаландым. Осылармен қатар жануарлар туралы мғлұмат беретін қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім әр әңгіменің соңына сұрақтар қойдым»-дейді. «Үлгілі бала »хрестоматиясының идеялық негізі, ой-түйіні шыншыл болуға үндеу, нашарлардыаяу, өнер-білімге шақыру.Бұл кітаптың алғашқы беті де Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі сияқты «Мектепке шақыру»деген өлеңмен ашылған.
Балалар жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге, мырза ерке
Бұл кезде өенрлі адам өрге шықты,
Затемес, надан кісі алар текке-деп баланы мектепке дайындайды. Спандияр Көпеев баланы оқыту барысында барлық білімді кітаптан алууға болады, ол үшін кітапты көп оқу қажеттігін бірінші орынға қояды. Жазушының «Балалар мен ғалым» деген қысқа әңгімесі де осы кітап мәселесін сөз еткен.
Балалар әдебиетінің тәрбиелік мазмұны оқу проблемасымен тығыз байланысты болғандағана өз дәрежесіне көтеріледі. «Оқыту-тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды падалана білмеген ұстаз шәкірттерге әсеретудің ең басты және қажетті құралынан айырылады»,-дейді К.У.Ушинский. Спандияр Көпеев осы қағиданы мықтап ұстанған. «Үлгілі бала», негізінен, С.Көпеевтің педагогикалық еңбектерінің қатарына жатады,-дейді ғалым С.Қирабаев. «Түскітамақ пен һәмкешкітамақ» деген әңгімеде еңбек ет пейішкен сорпаның дәмсіз, еңбек пеншаршапішкенсорпаныңдәміерекшеболатынынайтакеліп, балалардыеңбексізауызтұшымасдегенгесендіреді.
Спандияр Көбеевтің қазақ әдебиеті тарихындағы үлкен орны – оның революциядан бұрынғы әдебиетте прозаның тууына, ондағы роман жанрының қалыптасуына сіңірген еңбегімен байланысты. 1913 жылы Қазанда басылған жазушының «Қалың мал» романы қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш көлемді прозалық туынды болып саналады. Романда Революция алдындағы қазақ ауылында болған қат-қабат әлеуметтік өзгерістер шынайы суреттелген, дәуір шындығы боямасыз көрсетілген. Романда қалың мал әлегі, қазақ қызының аянышты да арманды тағдыры нанымды бейнеленумен қатар дала тіршілігіндегі әлеуметтік теңсіздіктің, жолсыздықтың сан алуан көрінісі батыл әшкереленген. Ел билеуші әкімдер мен үстем тап өкілдеріне қарсылық білдірген кедей бұқарасының әрекеті шыншылдықпен суреттелген. «Қалың мал» романы – тілінің тазалығы, көркемдігі жағынан да өзімен тұстас прозалық туындылардан өзгеше шығарма. Жазушы романында халықтың сөз байлығын, мақал-мәтелдерді орынды пайдаланған, кейіпкерлер мінезін даралап көрсеткен.
Атайдың соңғы жылдары жазған «Орындалған арман» атты мемуарлық еңбегi 1954 жылы өңделiп, екiншi рет кiтап болып баспадан шығады. Кiтаптың негiзгi мазмұны педагог-жазушының өткен өмiр жолы, қоғамдық қызметi, ортасы мен дәуiрi жайлы шығарма. Әсiресе, Ы. Алтынсариннiң халықтық қызметiн көрсетуге көп көңiл бөлген. Ұлы ағартушының iзбасары С. Көбеевтiң кезiнде жоғары бағаланып, екi дүркiн Ленин орденiмен марапатталып, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi» деген құрметтi атақ алған және Республика Жоғарғы Кеңесiне депутат болып сайланды.
Өз дәуірінің прогресшіл талап-тілектеріне жауап беруге тырысқан, орыс мәдениетінің жаршысы бола білген және ұлттық әдебиетте тұңғыш роман жазған Спандияр Көбеевтің есімі ХХ ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихынан құрметті орын алады.