Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет1/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
конспект лекции



ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

Апта №

Дәріс атауы және тезистері

Сағат көлемі

1

Кіріспе. Пәннің мақсаты,нысаны мен міндеттері, өзектілігі, оқыту нысаны.
Жоспары:

  1. Қазақстандағы қоғамдық – әлеуметтік жағдай

  2. Оқу – ағарту, баспасөз, кітап шығару ісі

  3. Мәдени даму прцесі

Патшалық Ресейдегі өзгерістерге және отарлау саясатына орай қазақ даласына келген жаңалық. Мәдениеттің дамуы. Оқыған қазақ азаматтарының шығуы. Оқу-ағарту, баспасөз, кітап шығару ісі. Олардың бағытбағдары, қоғамдық өмірде алатын орны. Жалпы тарихи дәуір мен рухани даму сипаты.
XX ғасырдың басында қазақ даласындағы тарихи-әлеуметтік, рухани, мәдени өзгерістерге сәйкес жаңа идеологияның қалыптасуы. Соған байланысты қазақ жеріндегі жалпы мәдениеттің, рухани құндылықтардың өркен жайып, дамуындағы өзіндік ерекшеліктердің дүниеге келуі.
Осы кезеңдегі (1900-1920 жылдар аралығы) қазақ әдебиетінің өсу-өркендеу бағыттары. Әдеби дамудың қазақ ұлтының жалпы көркем ой әлемінің кеңеюіне жасаған әрқилы ықпал-әсері.
XX ғасыр басындағы казақ елінің саяси, әлеуметтік жағдайы және ұлттық мәдениеттің даму бағыттары. Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынас. Ресей патшасының отарлау саясатының күшеюі. Ішкі Ресейдегі 1905 жылғы оқиғалардың Қазақстандағы дүмпуі. Қазақстанда "қоныстандыру басқармаларының" көбеюі. Олардың мақсаты. "Қарашекпенділер" мәселесі. Соның салдарынан қазақ даласында қалыптасқан жағдай. Соған орай бұқара наразылығының күшеюі. Қазақ зиялыларының ел мүддесін қорғаудағы іс-қимылдары.
Қазақстанда 1916 жылғы Ресей патшасының әйгілі июнь жарлығынан туындаған оқиғалардың мәні. Түрлі наразылық көріністерінің жалпы халықтық қозғалысқа ұласуы. Ұлт азаттығы жолындағы осынау көтерілістердің ұлт санасын оятудағы маңызы.
Қазақстанның экономикалық және рухани өміріндегі орыс қоғамының ықпал ету сипаттары. XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың прогресшіл мәдениетінің әсерімен өркен жая бастаған демократтық, ағартушылық идеялардың жалғасуы. Шоқан, Ыбырай, Абай дәстүрлерінің қанат жаюы. Қазақ қоғамының рухани, мәдени даму қарқынының арта түсуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет