Дәріс атауы және тезистері Сағат көлемі



бет2/16
Дата29.03.2023
өлшемі137,42 Kb.
#173294
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
конспект лекции
Учебные материалы 5 2, 9-сынып БЖБ 2-тоқсан ИНФ, 4-зертханалық жұмыс, Англ 1, Зертханалы? ??ралдар мен ыдыстар
Оқу-ағарту ісі. Қазақ даласында осы дәуірде орын алған оқу түрлері. Мектептер жүйесі және оның түрлері. Ескі үлгідегі мектептердің сипаты. Кезең талаптарына жауап беру дәрежесі. Ауылдық мектептердің пайда болуы. Әр ауылда молда, мұғалім ұстау дәстүрінің орнығуы. Қадімше оқыту. Жаңаша оқу жүйесі. Жәдитше оқытудың ерекшеліктері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін жеңілдету бағытындағы қадамдар. Пән негіздерінің оқытыла бастауы. Жаңаша оқытатын мектептер санының көбеюі. Мұғалімдер даярлау қажеттігінің тууы. Оқыту ісінің прогресшіл сипатымен қоса, отарлау, орыстандыру бағытынан да құралақан болмауы.
Баспасөз ісі. Ұлттық баспасөздің тарихынан мәлімет: "Түркістан уәлаятының газеті" (Орынбор, 1870-1882), "Дала уәлаятының газеті" (Омбы, 1888-1902). Олардың патша саясатын уағыздаумен қатар, ұлттық баспасөз дәстүрлерін қалыптастырудағы қызметі. Аталмыш басылымдарда қазақтың тарихы мен мәдениеті туралы жекелеген деректердің жариялануы. Абай өлеңдерінің алғаш рет басылуы.
Қазақша газет-журналдардың көбеюі. 1905 жылғы патша манифесі, Оның мәні. Қазақ тіліндегі баспасөз ісінің өркендеуіне жасаған ықпалы. "Серке" (Петербург, 1907), "Қазақ газеті" (Троицк, 1907). "Қазақстан" (Орда, 1911-1913) газеттері туралы қысқаша мәлімет. Олардың бағыттары, ұлт санасын оятудағы маңызы.
"Айқап" журналды (1911-1915). Басты мақсаты, көздеген бағыт-бағдары. Демократиялық ой-пайымдары. Қазақ қоғамының сол дәуірдегі көкейкесті мәселелерін көтеру дәрежесі. Халықтың кешегісі мен бүгініне, болашағына қатысты материалдар жариялауы. Отырықшылық, жер мәселесіне назар аудару дәрежесі. Ұлттық мәдениет, тіл, әдебиет туралы пікірлері. Көркем әдебиеттің өркендеуіне жасаған ықпалы. Өз маңына қазақ қаламгерлерін топтастыруы. Олардың шығармаларын жариялауы.
"Қазақ" газеті (1913-1918). Бағыт-бағдары. Газетті шығарудағы А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының еңбегі. Ағартушылық, демократтық бағытағы насихат ісіне қосқан үлесі. Қазақ оқығандары мен зиялыдарының қалыптасып, нығаюына қосқан үлесі.
Газет материялдарының батылдық, өткірлік, сыншылдық деңгейі. Қазақ қоғамының, қазақ ұлтының басындағы нақты жағдайды бейнелеудегі шынайылық. Ел болашағына қатысты мәселелердің көтеріліп отыруы. Газет бағытының сол кездегі ресми өкімет саясатымен, идеологиялық қалыптармен арақатынасы. Көп жылдар бойы "Қазақ" газеті төңірегіндегі пікірлердің ашық, айтылмай келуінің сырлары.
Кітап шығару ісі. Қазақша кітаптардың көбеюі. Қазақ кітаптары,
олардың авторлары мен шығарушылары туралы мәлімет. Баспа ісі
дамуының ұлттық әдеби тілдің, әдеби жанрлардың ұшталуына ықпал
жасағаны. Қазақ кітаптарының мазмұны мен тақырыбының әралуандығы.
Қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінің жиналуы, кітап болып шығуы. Шығыстық хисса-дастандардың көптеп аударылуы, басылуы. Қазақ қаламгерлерінің төл шығармаларының басылуы.
Ұлы Абай шығармаларының тұңғыш жиынтығының жарық көруі (1909). Оның қазақ мәдениетінің тарихынан алатын орны. Абай өлеңінің қазақ ақындарына жасаған ықпалы. Ахмет Байтұрсынұлының, Міржақып Дулатұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының және басқалардың кітаптарының жарық көруі.
Қазақ тіліндегі кітап шығару ісі өркендеуінің жалпы ұлттық мәдениеттің дамуына тигізген әсері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет