Дәріс: Ауыз қуысы шырышты қабатының анатомо-гистологиялық құрылым ерекшеліктері. терминология, АҚШҚ ауруларының жүйесі. Зақымдаушы бөрткендер. АҚШҚ орын алатын патологиялық үдерістер



бет3/7
Дата14.10.2022
өлшемі5,22 Mb.
#152994
1   2   3   4   5   6   7

Зақымдаушы бөрткендер

  • Шырышты қабықта пайда болатын бөрпелерді бақылай отырып олардың әртүрлі элементтердің тұратыны және оларды бірнеше топқа біріктіруге болатыны анықталды.
  • 1) шырышты қабықтың түсінің өзгеруі
  • 2) беткей рельефінің өзгеруі
  • 3) шектелген сұйықтықтың жиналуы
  • 4) қыбық бетіне жабынды пайда болуы
  • 5) шырышты қабық ақаулары
  • Барлық зақымдаушы бөртпелерді шартты түрде біріншілік (өзгермеген шырышты қабықта пайда болатын) және екіншілік (біріншілік бөртпелердің тасымалдану нәтижесінде немесе алғаш рет зақымдаушы).

Бөрткендер

  • Шырышты қабықта жеке дарапайда болған біріншілік бөрпелерді мономорфты деп қараса, ал әртүрлі бөртпелерді полиморфты деп қарау керек. Бөртпелерді білу шырышты қабатта пайда болатын көптеген ауруларды анықтай білуге мүмкіндік береді. Ал сонымен қатар оның клиникалық көрінісін, жалпы организмдегі өзгерістерді сыртқы фактордың әсерімен байланыстыра білу ауцруға толық диагноз қоюға бірден бір дәлел болып табылады.
  • Біріншілік бөртпелерге дақ,түйін,күлбіреуік, көпіршік,төмпешік, іріңдік, киста -жылауық жатады.
  • Екіншілк бөртелерге –қабыршық, қабық, эрозия- беткей жара, ойық жара-язва, тілік, афта, тыртық және т.б жатады.

Біріншілік зақымдаушы бөртпелер

  •  Дақ (пятно – macula) – кілегейлі қабық пен терінің және ерін жиегінің шағын аймақта түсінің өзгеруімен сипатталатын бөрткен.
  • Дақтың бір ерекшелігі сипап тексергенде сезілмейді (кілегей қабықтың рельефі өзгермейді). Дақты бөрткендердің түсі әртүрлі болуы мүмкін.
  • Даму ерекшеліктеріне қарай дақтар қабынбалық (воспалительное пятно) және қабынбалық емес (невоспалительное пятно) болып бөлінеді

Қан тамырлар әсерінен туындайтын дақтар

  • Қабынбалық дақтар қабыну кезінде әр түрлі қан тамырларының (артериолардың, веналардың) кеңеюі (артериальная, венозная гиперемия) нәтижесінде дамиды және түстері қан тамырларының түстеріне сай шымқай қызыл немесе көкшіл-қызыл түсті болады.
  • Эритема —көлемді қабыну дағы эритема (қызарма) деп аталады.
  • Розеола — Диаметрі 1,5 см-ге дейін домалақ пішінді қабыну дағы .Розеола көптеген инфекциялық аурулар кезінде кездеседі (корь, скарлатина, тиф, мерез).
  • Геморрагия —Кілегейлі қабық және тері қан тамырларының өзгеріске ұшырауы (өткізгіштігінің жоғарылауы және қабырғаларының бүтіндігінің бұзылуы) нәтижесінде тіндерде қан құйылу ошақтарының пайда болуынан дамитын дақтар геморрагиялық дақтар
  • Телеангиэктазии —Беткей орналасқан қан тамырлары қабырғаларының салданып кеңеюінен дамыған дақтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет