Летальды гендердiң әсерiнен болатын ауытқулар Геннiң жұп аллельдерiнiң тұқым қуалауы, әдетте ажырау заңына толық сәйкес келедi.
Бiрақ, әр фенотиптiк класқа жататын дарабастардың өмiр сүру қабiлетi бiрдей болмауына
байланысты фенотиптiк кластардың қатынасы теорияда күтiлген қатынастан өзгеше болуы да
мүмкiн. Бұл жағдай
летальды (өлiм тудыратын) гендердiң әрекетiнен болады. Дарабасты пiсiп
жетiлуге жеткiзбей өлiмге душар ететiн гендердi
летальды гендер деп атайды. Летальды гендер
өздерiнiң әсерiн көбiнесе гомозиготалы жағдайда және организмнiң дамуының әртүрлi
кезеңдерiнде көрсете алады.
Мысал ретiнде тышқандардың сары түсiн анықтайтын летальдi геннiң әсерiн
қарастырайық. Сары түстi анықтайтын доминантты гендi
Ү (yellow) деп, басқа түстi (қара, қоныр
т.б.) анықтайтын оның рецессивтi аллелiн
ү деп белгiлейiк. Талдаушы будандастырудың
көмегiмен сары түстi тышқандардың бәрiнiң генотипi
Үү, яғни гетерозиготалы екенi анықталды.
Егер гетерозиготалы
Үү сары тышқандарды өзара будандастырса, болуға тиiстi екi фенотиптiк
класс - 3 сары : 1 сары еместiң орнына 2 сары : 1 сары емес ажырау қатынасы байқалады. Екi сары
тышқанды өзара будандастырғанда зиготалар 1
ҮҮ : 2
Үү : 1
үү қатынасында пайда болуы керек едi,
бiрақ
ҮҮ гомозиготалары тiптi эмбрион кезiнде-ақ өлiп қалатын болып шықты. Нәтижесiнде
генотипi
Үү дарабастар (фенотипi сары) мен генотипi
үү дарабастар (фенотипi сары емес) ғана өсiп
жетiледi де, моногибридтiк будандастыруға тән емес 2:1 қатынасында ажырау байқалады
Осыған ұқсас көрiнiс сұр түстi (ширази) елтiрi беретiн қаракөл қойлары тұқымында да кездеседi.
Сұр түстi анықтайтын доминантты аллельдi
S , ал қара түстi анықтайтын рецессивтi аллельдi
s -деп
белгiлейiк. Гетерозиготалы сұр түстi
Ss қойлары бiр-бiрiмен будандастырылса теорияда
күтiлiнгендей
1SS : 2Ss : 1ss зиготалары пайда болады. Бiрақ гомозиготалы
SS қозылардың
асқазаны нашар дамығандықтан олар туғаннан кейiн бiр-екi ай iшiнде өледi. Сондықтан, алғаш
туғанда фенотипi бойынша ажырау 3 сұр : 1 қара болғанмен, бiрнеше ай өткеннен кейiн ол
қатынас 2 сұр : 1 қара болып қалады. Осыған байланысты қаракөл қойларының гомозиготалы (
SS )
cұр елтiрiлi тұқымдары болмайды.
Летальды гендер көптеген жануарларда, адамдарда және өсiмдiктерде де болатындығы
белгiлi.