Қарапайымқұбырөткізгіштердің жалғануы Қарапайым құбырөткізгіштер өзара жалғануы мүмкін, әрі бұл кезде олардың жалғануы тізбектей немесе параллель болуы мүмкін.
Тізбектей жалғану. Ұзындықтары әр түрлі, диаметрлері әр түрлі және әр түрлі жергілікті кедергілері бар бірнеше құбырларды алып, оларды тізбектей жалғайық (6.3, а сурет).
Сурет 6.3- Құбырөткізгіштердің тізбектей жалғануы
Осындай құрама құбырөткізгіш арқылы М нүктесінен N нүктесіне сұйықтық беру кезінде сұйықтық шығыны Q барлық 1,2 және 3 тізбектей жалғанған құбырларда бірдей, ал М және N нүктелері арасындағы толық арын жоғалту барлық тізбектей жалғанған құбырлардағы арын жоғалтулардың қосындысына тең. Осылайша, тізбектей жалғану үшін келесі негізгі теңдеулерді аламыз:
Q1 = Q2 = Q3 = Q
ΣhM-N = Σh1 + Σh2 + Σh3
(6.7)
Бұл теңдеулер құбырлардың тізбектей жалғануындағы сипаттамаларының тұрғызу ерекшеліктерін анықтайды (6.3, б сурет). Егер әрбір құбырөткізгіштің сипаттамасы белгілі болса, онда олар арқылы бүкіл M-N тізбектей жалғануы үшін сипаттаманы тұрғызуға болады. Бұл үшін барлық үш қисықтың ординаталарын қосу керек.
Параллель жалғану. Мұндай жалғану 6.4 а суретте көрсетілген. 1, 2 және 3 құбырөткізгіштер горизонталь орналасқан.
Сурет 6.4- Құбырлардың параллель жалғануы
М және N нүктелеріндегі толық арындарды сәйкесінше HM и HN деп, негізгі магистральдағы (яғни, тармақтануға дейінгі және қосылудан кейінгі) шығынды Q арқылы, ал параллель құбырөткізгіштердегі шығындарды Q1, Q2 және Q3 арқылы; осы құбырөткізгіштердегі қосынды жоғалтуларды Σ1 , Σ2 және Σ3 арқылы белгілейміз.
Негізгі магистральдағы сұйықтық шығыны:
Q = Q1 = Q2 = Q3
(6.8)
Құбырөткізгіштердің әрқайсысындағы арын жоғалтуларын М және N нүктелеріндегі толық арындар арқылы өрнектейміз:
Σh1 = HM - HN;
Σh2 = HM - HN;
Σh3 = HM - HN
(6.9)
Осыдан мынадай қортынды шығарамыз:
Σh1 = Σh2 = Σh3
(6.10)
яғни параллель құбырөткізгіштердегі арын жоғалтулар өзара тең. Оларды жалпылама түрде сәйкес шығындар арқылы былайша өрнектеуге болады:
Σh1 = K1Q1m;
Σh2 = K2Q2m;
Σh3 = K3Q3m
(6.11)
мұндағы K және m – ағыс режиміне байланысты анықталады.
Соңғы екі теңдеуден келесі ереже шығады: бірнеше құбырөткізгіштерді параллель жалғағандағы сипаттамасын тұрғызу үшін осы құбырөткізгіштердің сипаттамаларының абсциссаларын (шығындарды) бірдей ординаталарда қосу қажет ( Σ h). Осылайша тұрғызудың мысалы 6.3, б суретте көрсетілген.