Тармақталған жалғану. Тармақталған жалғану деп бір ортақ қимасы – құбырлардың тармақталу (немесе қосылу) орны бар бірнеше қарапайым құбырөткізгіштердің жиынтығын айтады.
Сурет 6.5- Тармақталған құбырөткізгіш
Негізгі құбырөткізгіш М-М қимасында тармағы болсын және осы тармақтан әртүрлі жергілікті кедергілері бар, диаметрлері әр түрлі 1, 2 және 3 құбырлары шығатын болсын (6.5 а,сурет). Олардағы соңғы қималардың z1, z2 және z3 геометриялық биіктіктері және P1, P2 және P3 қысымдар да әртүрлі болады.
Негізгі құбырөткізгіштегі жалпы шығын параллель құбырөткізгіштердегі сияқты әрбір құбырөткізгіштердегі шығындардың қосындысына тең болады:
Q = Q1 = Q2 = Q3
(6.12)
М-М қимасы мен соңғы қима үшін, мысалы бірінші құбырөткізгішке Бернулли теңдеуін жазып (жылдамдықтық биіктік айырмасын ескермей) мынаны аламыз:
(6.13)
Алғашқы екі мүшенің қосындысын Hст деп белгілеп, және үшінші мүшені шығын арқылы өрнектеп мынаны аламыз:
HM = Hст 1 + KQ1m
(6.14)
Осыған ұқсас басқа екі құбырөткізгіш үшін былай жазуға болады:
HM = Hст 2 + KQ2m
HM = Hст 3 + KQ3m
(6.15)
Осылайша, Q1, Q2 , Q3 және HM төрт белгісізі бар төрт теңдеу жүйесін аламыз.
Тармақталған құбырөткізгіш үшін қажетті арын қисығын тұрғызу тармақтар үшін қажетті арын қисығын қосу арқылы, параллель құбырөткізгіштердің сипаттамаларын қосу ережесі бойынша (6.5 б, сурет) – бірдей ординаталарда (HM) абсциссаларды (Q) қосу жолымен орындалады. Тармақтар үшін қажетті арынның қисықтары 1, 2 және 3 цифрларымен, ал барлық тармақ үшін қосынды қажетті арынның қисығы ABCD әріптерімен белгіленеді. Графиктен көрініп тұрғандай, барлық тармақтарға сұйықтықтың берілу шарты HM > Hст1 теңсіздігі болып табылады.