Дәріс Гидравлика пәні. Сұйық және газдың физикалық қасиеттері Дәріс жоспары



бет20/25
Дата01.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156070
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
сұйық режимдері

Күрделі құбырөткізгіштер
Күрделі құбырөткізгіш жалпы жағдайда қарапайым құбырөткізгіштерден, оларды тізбектей және параллель жалғау арқылы (6.6, а сурет) немесе тармақталу жолымен (6.6, б сурет) құралады.

Сурет 6.6- Күрделі құбырөткізгіштердің сызбанұсқасы
Тұйықталмаған күрделі құбырөткізгішті қарастырайық (6.6, б сурет). Магистральды құбырөткізгіш А және С нүктелерінде тармақталады. Сұйықтық B, D және E нүктелеріне (қималарына) Q B, QD және QE шығындармен беріледі.
Магистральдар мен барлық тармақтардың (қарапайым құбырөткізгіштердің) өлшемдері белгілі болсын, барлық жергілікті кедергілер, сонымен қатар M - N жазықтығынан бастап есептелетін соңғы нүктелердің геометриялық биіктіктері және соңғы нүктелердегі артық қысымдар да PB, PD және PE берілсін. 
Бұл жағдай үшін есептеудің екі түрі болуы мүмкін:
Есеп 1. MA негізгі магистральдағы Q шығын берілген. QB, QD және QE шығындарын, сонымен қатар М нүктесіндегі қажетті арынды анықтау керек.






(6.16)

Есеп 2. М нүктесіндегі арын берілген. Магистральдағы Q шығынды және әрбір тармақтағы шығындарды анықтау керек. Екі есепті де саны соңғы тармақтардың санынан ірге артық ортақ теңдеулер жүйесінің негізінде шешеді. Шығындардың теңдеуі:



Q = QB = QD = QE


(6.17)

CD және CE тармақтары үшін қажетті арындардың тең болуының теңдеуі:



Hст D + KCDQDm = Hст E + KCEQEm


(6.18)

АВ тармағы және АСЕD күрделі құбырөткізгіші үшін қажетті арындардың тең болуының теңдеуі:



Hст B + KABQBт = Hст D + KCDQDт + KAC(QD + QE)т


(6.19)

М нүктесіндегі қажетті арынның өрнегі:






(6.20)

Күрделі құбырөткізгіштерді есептеу кезінде графоаналитикалық әдіске, яғни, қажетті арын қисығы мен құбырөткізгіш сипаттамасын қолдануға жиі жүгінеді. Күрделі құбырөткізгіш үшін қажетті арын қисығын келесі түрде тұрғызған жөн:
1) күрделі құбырөткізгішті бірқатар қарапайым құбырөткізгіштерге бөлшектейді;
2) қарапайым құбырөткізгіштердің әрқайсысы үшін қажетті арындардың қисығын тұрғызады;
3) параллель құбырөткізгіштер сипаттамасын тұрғызу ережесі бойынша тармақтар үшін (егер болса, параллель сызықтар үшін) қажетті арындар қисығын қосады;
4) алынған қисықты сәйкес ереже бойынша тізбектей жалғанған құбырөткізгіш сипаттамасымен қосады. 
Осылайша, есептеу жүргізу құбырөткізгіштің соңғы нүктелерінен бастапқы нүктеге қарай, яғни, сұйықтықтың ағысына қарама-қарсы жүргізіледі. 
Күрделі сақиналы құбырөткізгіш. Түйін нүктелерінде сұйықтық алынатын немесе жекелеген бөліктерінде үздіксіз сұйықтық берілетін көршілес тұйық контурлар жүйесі түрінде болады (6.7 сурет).

Сурет 6.7- Күрделі сақиналық құбыр өткізгіштің сызбанұсқасы
Осындай құбырөткізгіштерге арналған есептерді ұқсас әдістермен электроанологияларды қолдану арқылы (Кирхгоф заңы) шешеді. Әрі бұл кезде екі міндетті шартқа сүйенеді. Бірінші шарт – шығындар балансы (үйлесімділігі), яғни, әрбір түйіндік нүкте үшін сұйықтықтың құйылуы мен ағып кері қайтуының теңдігі. Екінші шарт – арындар балансы, яғни, сағат жүрісінің бағытымен бағыттас немесе оған қарсы деп есептеген кезде әрбір сақина (контур) үшін арын жоғалтулардың алгебралық қосындысының нөлге тең болуы.
Мұндай құбырөткізгіштерді есептеуде келесі есеп типтік болып табылады. Бастапқы нүктедегі, яғни, 0 нүктесіндегі ең үлкен арын, неғұрлым алыс жатқан Е нүктесіндегі ең кіші арын, барлық алты түйіндегі шығындар және жеті бөліктің ұзындықтары берілген. Барлық бөліктердегі құбырөткізгіштердің диаметрлерін анықтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет