Дәріс Гидравлика пәні. Сұйық және газдың физикалық қасиеттері Дәріс жоспары



бет23/25
Дата01.11.2022
өлшемі0,55 Mb.
#156070
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
сұйық режимдері

Ұсынылған әдебиеттер
1. М.С. Овчаров, И.С. Өтебаев. Гидравлика және гидрожетек негіздері. Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004.
2. В.Г. Гейер и др. Гидравлика и гидропривод. М.:Недра, 1991.
3. Р. Р. Чугаев. Гидравлика. Ленинград: Энергия, 1975.
СӨЖ арналған бақылау сұрақтары
1. Құбырдағы сұйықтың қысымы мен арын жоғалтуын анықтау. 
2. Құбырдағы қажетті арынды анықтау..
3. Құбырлардың тармақтала, параллель және тізбектеле жалғанғандағы арын жоғалтуын және шығынын анықтау.


Дәріс 7. Сұйықтың саңылау және саптамалар арқылы ағуы.
Дәріс жоспары:
1. Жіңішке қабырғалардағы кішкене саңылаулар арқылы тұрақты арында сұйықтықтың ағуы;
2. Деңгейлік (деңгей астылық) ағу;
3. Айнымалы арын кезінде саңылаулар мен қондырмалар арқылы ағу (ыдыстардың босауы);
4. Сұйықтық ағынының қоршаған беттерге түсіретін қысымы.
Дәрістің қысқаша мазмұны
Сұйықтықтың резервуарлардан, бактардан, қазандықтардан саңылаулар мен қондырмалар арқылы (әр түрлі формадағы қысқа құбырлар) атмосфераға немесе газбен немесе дәл сол сұйықтықпен толтырлған кеңістікке ағуын қарастырайық. Осындай ағу процесі кезінде резервуардағы сұйықтықтық ие болатын потенциалдық энергия қоры еркін ағыстың кинетикалық энергиясына айналады.
Аталған жағдайдағы қызықтыратын негізгі мәселе саңылаулар мен саптамалар үшін ағу жылдамдығы мен сұйықтық шығынын анықтау болып табылады.
Жіңішке қабырғалардағы кішкене саңылаулар арқылы тұрақты арында сұйықтықтың ағуы
Ішінде Р0 қысымдағы сұйықтығы бар, қабырғасында еркін бетінен жеткілікті деңгейдегі Н0 тереңдікте кішкене дөңгелек саңылауы бар үлкен резервуарды қарастырайық (7.1- сурет).

Cурет 7.1- Резервуардан кішкене саңылау арқылы ағу
Сұйықтық қысымы Р1 болатын ауа кеңістігіне ағады. Саңылау 7.2 а) суретте көрсетілгендей қалыпта, яғни, жіңішке қабырғаға кіру жиегін өңдеусіз бұрғылап тесу түрінде немесе 7.2 б) суреттегідей, яғни, қалың қабырғада, бірақ, кіру жиегін сыртқы жағынан үшкірлеу арқылы жасалған болсын. Ағын саңылау жиегінен ажырағанда біраз сығылады (7.2 а сурет). Мұндай сығылу сұйықтықтың әр түрлі бағыттардан қозғалысына, оның ішінде қабырға бойымен тарамдалған қозғалыстан, ағындағы остік қозғалысқа дейін қозғалыстармен түсіндіріледі.

Cурет 7.2 – Дөңгелек саңылау арқылы ағу
Сығылу дәрежесі сығылу коэффициентімен бағаланады.






(7.1)

мұндағы Sс және Sо – сәйкесінше ағын мен саңылаудың көлденең қималарының аудандары;
dс және dо – ағын мен саңылаудың сәйкес диаметрлері.
Мұндай саңылау арқылы сұйықтың ағу жылдамдығы






(7.2)

мұндағы Н – сұйықтық арыны, былай анықталады






(7.3)

φ- жылдамдық коэффициенті:






(7.4)

мұндағы α – Кориолис коэффициенті;
ζ- саңылаудың кедергі коэффициенті.
Сұйықтық шығыны іс жүзіндегі ағу жылдамдығының нақты қима ауданына көбейтіндісімен анықталады:






(7.5)

ε және φ көбейтіндісін μ әрпімен белгілеу және шығын коэффициенті деп атау қабылданған, яғни, μ = εφ. Нәтижесінде шығынды аламыз:






(7.6)

мұндағы ΔР – әсерінен ағу жүретін қысымдардың есептік айырымы.
Осы өрнектің көмегімен негізгі есеп шешіледі – шығын анықталады. Дөңгелек саңылау үшін сығылу ε, кедергі ζ, жылдамдық φ және шығын μ коэффициенттерінің мәнін эмпирикалық тұрғызылған тәуелділіктер арқылы анықтауға болады. (7.3 суретте) идеал жылдамдық үшін есептелінген ε, ζ және μ коэффициенттерінің Рейнольдс санына тәуелділігі көрсетілген:






(7.7)

мұндағы ν – кинематикалық тұтқырлық.

Сурет 7.3- ε, ζ және μ – дің Reu санына тәуелділігі
Жіңішке қабырғадағы кішкене саңылаудан ағынның атмосфераға ағуы кезінде, ағын инверсиясы (7.4 сурет) деп аталатын, ағынның оның ұзындығы бойынша өзгеруі жүреді. Бұл құбылыс, негізінен, ағып жатқан қисық сызықты ағыншаларға әсер ететін беттік керілу күштерімен және саңылау периметрі бойынша әр түрлі жағдайларға байланысты түсіндіріледі. Инверсия бәрінен бұрын дөңгелек емес саңылаулардағы ағу кезінде байқалады.

Сурет 7.4 - Ағын инверсиялары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет