Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты



бет10/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.


6-тақырып. Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен даярлығы. Студенттің оқу еңбегінің мәдениеті.

Қазіргі қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы болашақ мамандарды даярлау процесінде оның мүмкіндіктерін бүгінгі күннің өлшемдерімен ғана есептемей болашаққа бағыттауды қажетсінуде. Бүгінгі студент ертеңгі маманың өз кәсібіне қызығуышылығын ояту оның табысты ізденістеріне ықпал етері анық.


Кәсібилік – индивидтің кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесі, ал, кәсіпқой (профессионал) – негізгі ісі өзінің кәсібі болып табылатын индивид; өз ісінің маманы - өзіне қажетті даярлығы мен мамандығы бар.
Кәсібилік (профессионализм) психологиялық және тұлғалық білім беру ретінде тек кәсіби біліктілік пен дағдылардан ғана емес кәсіби міндеттерді қоя білу және оны шеше білу өнерімен, жалпы және іс-әрекеттің қиын жағдайларында шындықты ерекше түсіне білуімен сипатталады.
Кәсіби шыңдалуға әсер ететін факторлар:
1) жеке ерекшеліктері мен дами берсем деген тілегі, қажеттілігі;
2) кәсіби іс-әрекетті жүргізу мерзімі, өтілі;
Ғылымда қазіргі кезде кәсіпқойдың өмір жолы кезеңдер мен фазаларға бөлінбейді. Дегенмен, А.К.Климовтың пікірінше, маман өзінің кәсіби өсуінде мынадай кезеңдерден өтеді:

  1. Оптант. Мамандық таңдау кезеңі.

  1. Адепт. Бұл арнайы оқу орнында: жоғары оқу орындарында, училищелерде оқитын адам.

  1. Адаптант. Жаңа маманның жұмысқа үйренуі. 3-5 жылға созылады.

  1. Интернал. Тәжірибелі жұмысшы, берілген еңбек әрекетінде өз бетімен және сәтті кәсіби негізгі функцияларын жүзеге асыра алады.

  1. Мастер. Қандай да бір арнайы қасиеттері, қабілеттері, білімдері бар өзіндік жеке, қайталанбайтын іс-әрекет стилі бар адам. Ол өзін ешкімге бергісіз маманмын деп есептейді.

  1. Авторитет. Өз ісінің шебері, өз ортасында және шетте де кең белгілі адам. Ол кәсіби-өндірістік міндеттерін үлкен тәжірибесі, біліктілігі, өзін ісін ұйымдастыра білу, көмекшелері арқасында сәтті шеше біледі.

  1. Наставник. Өз ісінің беделді шебері, ізбасарлары, ауызбіршілікті адамдары, шәкірттері бар. Ол өз ісін жас шәкірттеріне береді және олардың өсуін бақылайды.

Осы жоғарыда айтылған кезеңдерді былай тұжырымдауға болады:
1) жоғары оқу орнына дейінгі кезең;
2) жоғары оқу орнындағы кезең;
3) жоғары оқу орны аяқталғаннан кейінгі кезең;
3-кезеңде маманның кәсіби шыңдалуы жүреді және оның динамикасын былай көрсетуге болады:

  1. мамандыққа бейімделу;

  1. индивидуализация:

  1. интеграция - әрбір маманның жаңалық дәрежесі.

Педагог кәсіби қызметтері – оқыту, білім беру, тәрбиелеу болып табылады. Бұларды жеке педагогикалық мәдениет деп те атайды.
В.Л.Бенин, Е.В.Бондаревская, К.М.Левитан, Н.В.Серова және т.б. зерттеушілер адамның педагогикалық мәдениетін мұғалімнің, тәрбиешінің, білім беру саласындағы қызметкерлер іс-әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін табиғи және жүре пайда болған жеке қасиеттерінің кіріктірілуі, синтезі деп қарастырды.
Мәдениет – тұлға мүмкіндіктерінің ең жоғарғы деңгейі. Мәдениет көрсеткіштері: білімді пайдалана алу, дүниетаным қалыптасуының деңгейі. Өркениетті адам әлемі – мәдениет әлемі, мәдениетті ұрпақтарға қалдыру тәжірибесі, адамның шығармашылық белсенділігі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет