Дәріс Жоғары кәсіптік білім берудің заңдамалық негіздері Дәрістің мақсаты



бет11/15
Дата12.12.2023
өлшемі149,5 Kb.
#196481
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Введение пед.лекция
педагогикалық мамандыққа кіріспе Оқу құралы, құzirettilik-turaly, Пробное задание Химия
Әдебиет:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.
3. Рувинский Л.И., Мамандыққа кіріспе. – А., 1991 ж.


7-тақырып. Педагогтың даярлық жүйесіндегі педагогикалық тәжірибе.

Қазіргі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, олардың кәсіптік-педагогикалық дайындығының жетілуіне байланысты болады. Мұғалімдерге кәсіптік білім беру жүйесінде педагогикалық практиканың алатын орны ерекше. Ол болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығын, олардың мектептегі оқу-тәрбие процесі барысындағы практикалық қызметін ұштастыру болады.


Педагогикалық практика – студенттерді ұстаздық мамандыққа дайындаудың ең күрделі бөлігі. Сондықтан да, мектепте студент-практиканттар бірінші күннен бастап, мұғалімдер ұжымының мүшесі екендігін сезініп, соның жұмысына бар ынтасымен араласып кетуіне көңіл бөлу керек. Осындай қамқорлық арқасында ғана болашақ мұғалімге педагогтік сезім, нағыз мамандық ерекшеліктері қалыптасады. Қазіргі заман талабына сай әрбір жастың болашақтағы қалаған мамандығы туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндіктері бар.
Еліміздің қоғамдық өмырындегі түпкілікті өзгерістер жаңа нарық қатынастарына ауысу, адам өмірі мен қызметіндегі барлық салаларда жүзеге асырылып жатқан тұжырымдамалар болашақ маманның жеке және кәсіби шеберлігін қалыптастыруды, оларды дайындау дәрежесі мен сапасын арттыру қажет ететіндігін айқындайды. Бұл салада студенттердің педагогикалық іс-тәжірибе үйренуі басты орын ала отырып, психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдетуге, кәсіби шеберліктерді игеруге, кәсіптік шеберлігін дамытуға ықпал етеді.
ПЕдагогикалық практика барысында студенттердің теориялық дәріс алу кезінде алған білімдері нақтыланып тереңдей түседі, оқу-тәрбиелік тапсырмаларды орындау кезінде психологиялық-педагогикалық және арнаулы білім одан әрі тереңдетіле түседі. Студент-практиканттарға мектеп өміріндегі негізгі педагогикалық заңдылықтарды қадағалауға жағдай туғызылып, жан-жақты оқу-тәрбие барысында оқушының білімін тереңдету тұжырымдамасын жүзеге асыруды қадағалауға мүмкіндік туады және де жүзеге асыруға атсалысуға жағдай жасалады.
Жоғары білім беру жүйесіндегі өзгерістер, болашақ мамандардың өсіп-жетілуін жақсартуға ықпал етеді, бұл – тек рухани дамыған жан-жақты мамандарды әзірлеу емес, сондай-ақ, ғылымның және техниканың жаңалықтарын шеберлікпен пайдалана алатын мамандар даярлау. Сондықтан да, мектепте өткізілетін педагогикалық практика барысында бүгінгі студент – ертеңгі ұстаздың белсенділігін арттыру, интелектуалдылығын қалыптастыру, оқу-тәрббие процесін ұйымдастыру, оқытудың тиімділігін арттыру кезек күттірмес мәселе.


Әдебиеттер:
1. Мижериков В.А., Ермоленко М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2002 г.
2. Никитина Н.Н., Кислинская Н.В., М.Н., Введение в педагогическую деятельность. – М., 2004 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет