Ионды байланысты заттардың электролиттік диссоциациялануы (9.1-сурет):
* су диполінің бағыты еріген зат иондарының айналасында болады;
* еріткіш молекуласының (су) өзара әрекеті мен су молекуласының жылулық
қозғалысы нәтижесінде еріген заттардың иондарға ыдырауы;
* гидратталған иондардың ерітіндіге өтуі.
NaCl + n H2О Na+ n H2О + Cl ‾ n H2О
9.1-сурет. Сулы ерітіндідегі ионды байланысқан
электролиттің диссоциациялануы.
ковалентті полюсті байланысқан заттардың электролиттік диссоциациялануы (9.2-сурет):
* су диполі әсерінен полюсті байланыс иондық байланысқа ауысады;
* су диполінің бағыты еріген зат иондары айналасында болады;
* еріткіш молекуласының (су) өзара әрекеті мен су молекуласының
жылулық қозғалысы нәтижесінде еріген заттардың иондарға ыдырауы;
* гидратталған иондардың ерітіндіге өтуі.
HCl + n H2О H3О + + Cl ‾ n H2О
9.2-сурет. Сулы ерітіндідегі полюсті байланысқан
электролиттің диссоциациялануы
Қышқыл электролиттік диссоциацияның жағдайда сутегі ионы құрамы тұрақты гидрат түзеді және судың тек (H3О+) гидроксоний деп аталатын бір ғана молекуласын ұстап қалады:
9.3-сурет. Гидроксоний ионының түзілуі
Су молекуласында сутегі ионының (акцептор) оттегі ионына (донор) қосылуы донорлық-акцепторлық механизм бойынша жүреді (9.3-сурет).
Осындай ионда координациялық байланыс өте берік, сондықтан ерітіндіде (Н+) сутек ионы емес (H3О+) гидроксоний ионы болады.
Гидратталған иондардың химиялық теңдеуін қысқаша жазу үшін су молекуласын жазбайды.
Сонымен, электролиттік диссоциация – судың полюсті молекулалары мен еріген заттың әсерлесуі нәтижесінде гидратталған иондардың түзілу үдерісі.
Достарыңызбен бөлісу: |