Дәріс кешені kv him 2218 «Химия» пәні 6В07105- «Технологиялық машиналар және жабдықтар» Мамандығы үшін Алматы, 2020 ж. №1 Дәріс



бет55/68
Дата08.02.2022
өлшемі1,02 Mb.
#123466
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68
Байланысты:
дәріс

а = kc, k < 1 болғандықтан, а < c
Ионаралық әрекеттесудің сандық өлшемін ерітіндінің иондық күші (I) сипаттайды: әрбір ион концентрациясын ион зарядының квадратына көбейткендегі жарты қосындысына тең:
I = ½ ∑cz2 , мұндағы z –ионның заряды.
Электролиттік диссоциацияның механизмі
Электролиттік диссоциация Д.И. Менделеевтің ерітінділердің гидраттық теориясына сәйкес су молекуласының полюсті құрылысына негізделген. Еріген заттың су молекуласымен химиялық өзара әрекеті нәтижесінде құрамы мен беріктігі әр түрлі гидраттар түзіледі. И.А. Каблуков тек молекулалардың ғана емес, иондардың да гидратталу мүмкіндігі бар екендігін айта отырып, бұл ережені дамытты.
Су диполі мен иондар арасындағы өзара тартылыс күшінің пайда болуы ауыспалы құрамды гидратталған иондардың түзілуіне әкеледі. Осы кезде электролиттегі катиондар мен аниондар арасындағы тартылыс уақыты 81 есе әлсірейді (судың диэлектрлік тұрақтылығы 81-ге тең).
Сондықтан, су молекуласының қозғалыс энергиясы электролиттердің иондарға ыдырауына жеткілікті.
Иондық және коваленттік полюсті байланыстары бар заттардың электролиттік диссоциациясы өту механизмін қарастырайық.


1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет