Дәріс кешені тағамдық биохимия курстың мақсаты және міндеті


Балық құрамындағы пайдалы заттар



бет57/61
Дата08.02.2022
өлшемі209,74 Kb.
#124341
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61
Байланысты:
Дәрістер кешені ТБ
Ê?øáàñøûëû? ïåí æåòåêø³ë³êêå ñàëûñòûðìàëû òàëäàó æàñàó, Google Meet қолдану бойынша нұсақаулық, Дәріс. Бөліктеп интегралдау әдісі, 2 Аралық бақылау ББЦТ (1)
Балық құрамындағы пайдалы заттар: ақуыз, липидтер, аминқышқылдар, йод, фтор, кальций, марганец, цинк, селен, темір, магний, фосфор, бром, A дәрумені, D дәрумені, F дәрумені, E дәрумені, С дәрумені, PP дәрумені, B тобының дәрумені, H дәрумені балық майы, Омега-3 қышқылы.
Балықтың емдік қасиеттері. Балық – ірі өзен, көл, теңіз бен мұхитты жағалай орналасқан елдердің басты өнімі болып табылады. Және теңіз жағасында тұратын адамдардың аз ауырып, ұзақ өмір сүретіні дәлелденген. Өйткені теңіз бен мұхиттың өсімдік және жануарлар әлемі – табиғат қорындағы ең пайдалы заттардың қайнар көзі. Балық және теңіз бен мұхит флорасы мен фаунасының басқа да өкілдерінде кез келген тірі ағзаға қажетті барлық дәрумен, макро және микроэлементтер көп мөлшерде ұсынылған. Әлбетте, өзен мен бөгет балықтары да адамға пайдалы, бірақ онда дәрумендер мен пайдалы заттар азырақ. Өзен мен тұщы су қоймаларының балықтарында йод, бром мен D дәрумені біршама аз, бірақ онда ақуыз жеткілікті мөлшерде болады. Етке қарағанда балық ақуызында метионин сынды маңызды аминқышқылы болады. Балық ақуызы ағзаға тез сіңеді, сондықтан оны асқазан ауруларының алдын алу үшін пайдалануға болады. Балық құрамындағы йод пен фтор эндокринді жүйе ауруларын емдеуге ықпал етеді. Көптеген диеталар балықтан тұрады. Етке қарағанда балықтың калориясы азырақ болып келеді. Семіздік пен аз тамақ жеу диеталарында көбіне осы балықтан жасалған тағамдар ұсынылады. Кез келген майлы емес ақ балық диеталық саналады, бірақ диеталық өнімдерге бәрінен бұрын көксерке жарайды.
Теңіз балығы құрамындағы маңызды антиоксидант – омега-3 поли қанықпаған май қышқылы ми мен көздің ішкі тор қабығының маңызды заттегі болып табылады. Ол мидың тез жұмыс істеуіне ықпал етеді. Май қышқылдары ең мықты антиоксидант болғандықтан, ісік пайда болуының алдын алады. Омега-3 күйзеліс гормондарын тежеп, буындар мен мидың іс-әрекетін жақсартады. Олар қорғаныш қасиеттерге ие және қан қысымын қалыпқа келтіріп, артық майларды кетіруге ықпал етеді. Омега-3 май қышқылы ақсеркеде көп кездеседі. Алайда оны көп мөлшерде тұтыну ұсынылмайды, өйткені бауырға теріс әсер етуі мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет