Дәріс 15
Шайдың классификациясы. Шайдың химиялық құрамы мен тағамдық құндылығы
Шайдың отаны-Қытай делінген. Шай-мәңгі жасыл шай өсімдігінің арнайы өңделген жапырағы, сондай-ақ осы жапырақтан әзірленген сусын. Шайдың өзіне тән хош иісі, тіл үйіретін дәмі, шөл қандырып, сергітетін әсері бар. Жас жапырақшалар қытайша «тщайей» дегенді білдіреді. Осыдан «шай» атауы шыққан. Байха шайы да қытайша «бай-хоа» аударғанда «ақ кірпікшелер» дегенді білдіреді. Шынында да шай жапырақшаларының бір беті ақ кірпікшелерге ұқсас жіңішке күміс талшықтармен қапталған. Қазіргі уақытта байха сөзі үгітілген денег мағынаны білдіреді.
Алдымен Қытай шай өндірушілерден жалғыз ел болғандықтан, оның құпиялары мықты қорғалған. Дегенмен, бір ағылшындық шай тұқымын ұрлап қана қоймай, оны өңдеудің күрделі жолын да біліп алған. Осының арқасында европалықтар шайды өз мекендерінде де егуді білген. Шайды тек әйелдер ғана жинаған екен. Себебі, әйелдің нәзік қолдары шайдың иісін одан сайын күшейтеді деп есептеген. Қытай императоры үшін шайды тек 16 жасқа дейінгі қыздар жинаған.
Шайдың адам ағзасына әсері. Сүт қосылған қою және тәтті шай халық емінде нашадан, дәрі – дәрмектен, ішімдіктен уланған жағдайда, оның (уланудың) бетін қайтаратын емдік сұйықтық ретінде пайдаланылады. Бал, қара бұрыш, қосылған шай зәр қуғыш және тыныс жолдарына суық тигенде терлететін дәрі орнын басады. Аз мөлшердегі құрғақ жүзім шарабы (1 стақанға шай қа-сық мөлшеріндегі жүзім шарабы) тамызылған қара және көк шай қоспаларының қою, салқындатылған тұнбасымен қабақтың қабынуы, шырышты қабықтың бітеліп қалуы, коньюктивит кезінде көзді жууға болады. Жас шай жапырағының шырынымен, шай шырын сөлімен немесе ұнтақталып, үгітілген кепкен шаймен дененің күйген жерлерін емдейді. Кепкен көк шайды шайнау – жүрек айнығанды және аяғы ауыр әйелдерде, автокөлікте шайқалғаннан, теңіз сырқаттарынан болатын құсып, қатты лоқсуды басуға жақсы көмектеседі. Көк шайдың қою тұнбасы денедегі сыртқы жараларды, тіпті жүйелі пайдаланған жағдайда асқазан мен аш ішек жараларын жазады. Көк шай тұнбасы қан қысымын түсіреді. Кешегі шай бұзылмаған болса, оны тәнге тарту арқылы емдік мақсатқа пайдалануға болады. Себебі бір тәулік тұрған шайда қышқылдар мен фтор көбейеді. Тіл ойылғанда, экземаға, теріге жарақат түскенде, іріңді жараларға ем ретінде қолданады. Ол өте пайдалы. Кешегі шаймен көзді сүртсе, қызарғаны басылады. Таңертеңгі және кешкі тіс тазалар алдында онымен ауызды шайса, тістің түбі нығаяды.
Қытай медицинасы да шайды уланған адам ағзасын емдеуге пайдаланған. Онымен ауыр тері жарақаттарын емдеп, дене еңбегімен шұғылданғанда сергу үшін ішкен көрінеді.
Шай түрлі бактерияларды өлтіре алатын күшке ие. Негізінен, ол – сүзек, дизентерия тәрізді аса қауіпті бактерияларды жояды. Шай қан құрамын, жүрек жұмысын жақсартады.
Шай бүйрекке тас байлануын болдырмайды.
Жақсы өскен шай жапырағында С,В1,В2,А,Р дәрумен-дері бар деп, оны бет алды іше берсең, шай өңінді өзгертіп, ұйқыңды қашырады. Шайды тым қою етіп дайындап ішсең, оның құрамындағы кофеин жүйке жүйесінің қызметін қоздырады, қан қысымын күшейтіп жібереді. Шай 18 градус ыстықтан төмен болса, жұпар иісі мен адам жанын сергітетін шипасын, дәмдік татымдылығын жоғалтады. Шай тұнбасындағы Р дәрумені адам ағзасына С дәруменінің жақсы сіңуіне көмектеседі. С дәрумені жетпеген адамға көк шай ішу қажет. Көк шайды дұрыс пайдалана білген адам ерте қартаймайды. Шай тұнбасы қан капилярын бекітеді, жүйкені жақсартады.
Көк шайдың пайдасы мол. Көк шай адамды семіртпейді, несеп бөлу мен жүрек бұлшық еттерінің қызметін күшейтеді, қан қысымын төмендетеді, адам жанын сергітіп, сейілтеді. Көк шайда жан мен тәнді жадырататын дәрумендер бай. Ол жүрек тамыр ауруларына, әсіресе, қан тасу мен атеросклероз сырқатын емдеуге шипа. Адамдардың ерте қартаюына, әжімнің ерте түсуіне ағзада дәрумендер мен микроэлементтердің аздығы басты себеп екендігі белгілі. Ал көк шай құрамында поливитаминді бұл жағдайда ынталандырушы құрал ретінде емдік, профилактикалық мақсаттарда сәтті қолдануға мүмкіндік мол. Тұнба құрамында алколоидтер мен дәрумендер болғандықтан, оның алкогольге қарсы күші де бар. Қытай, жапон елінде көк шай жоғары бағаға ие.
Американдық зерттеушілер көк шайдың адам терісінің өліп бара жатқан клеткаларын тірілтетінін анықтады. Көк шайдың құрамына кіретін полифенал ДНК – ның өзгеруіне, рак ауруына ұшырататын радикалдармен күресуге бейімді болып шықты. Сонымен қатар, полифеналдың сау клеткаларды қорғап, ісікті жоятын қасиеті бар. Болашақта ғалымдар көк шайдан диабет пен тері ауруларын емдейтін дәрі алмақшы.
Достарыңызбен бөлісу: |