6-шы сүрет. Оксигенозолетерапия жүргізу процесі.
Дәрілік заттардың ұсақ бөлшектерінің тыныс жолдары арқылы өкпе альвеоллаларына ену деңгейі ол бөлшектердің диаметрі мен малдың бір рет дем алған кезіндегі ауаның көлеміндегі сол бөлшек-зольдердің концентрациясына тікелей байланысты. Бұл көрсеткішке малдың дем алу процесінде оның саны мен сапасы да өз әсерін тигізеді. Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін маскалық әдісті пайдалана отырып малдың бір минуттағы дем алу мөлшерін және дем алатын ауа мен деммен шыққан ауадағы газдың құрамын анықтай отырып, олардың айырмашылығын тексеру арқылы белгілі бір қорытынды жасау өте қажет.
Біз өз тәжірибемізде ол үшін белгілі бір көлемдегі метеорологиялық резервуарға масканың дем шығару қақпақшасы арқылы малдың 5 минутта шығарған демін жинап алып, оны газдың көлемін анықтайтын аспаб арқылы есептедік те, 5-ке бөліп 1 минуттағы дем алу ауасының мөлшерін анықтадық. Ол санды аспабтың шығар аузына қойылған термометрдің көрсеткіші мен су буының серпімділігін еске ала отырып дайындалған түзеткіш коэффициентіне көбейту арқылы малдардың қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік алдық.
Белгілі бір ортадағы оттегінің концентрациясын анықтау үшін ГК-1 аппаратын қолдануға болады. Аппарат қарапайым, 100 мл-лік бюреткадан, теңестірілмелі шыны ыдыстардан, оларды жалғастыратын шыны және резина түтікшелерден тұрады. Теңестірілмелі шыны ыдыстың біреуі мыс сыммен толтырылған. Мыс сымы тотығу арқылы тексерілетін ауа қоспасындағы оттегін сіңіреді. Оның мөлшерін 100 мл-лік бюреткадағы шкала арқылы анықтауға болады. Аппаратпен жұмыс істеу тәртібі аппаратпен бірге берілетін нұсқауда келтіріледі.
Аппаратпен жұмыс істегенде кейбір жағдайларға көңіл аударған дұрыс:
Мыс сым жіңішкере бастаған кезде оны алмастырып отыру керек;
Егерде сіңіргіш ыдыстағы ерітінді сарғыш түсті тұнба бере бастаса, онда оны алмастыру керек;
Жаңа дайындалған ерітіндімен толтырылған аппаратпен алынған 2-3 нәтижелерді есепке алмаған дұрыс;
Жұмыс істердің алдында аппараттың барлық қосылыстарының герметикалық жағдайын тексеріп отыру қажет;
Талдауға қажет газ қоспасын аз көлемді метеорологиялық резервуарға алған жөн;
Шатырдың ішінен газ алу үшін резина түтікше жалғастырылған Жанэ шприцін қолданған қолайлы.
Жоғарыда келтірілген әдістерді қолдана отырып, 4-6 айлық дені сау бұзаулардың өзіміз анықтаған көрсеткіштерін келтірмекпіз.
2 – ші кесте
Дені сау бұзаулардың газ алмасу процесінің көрсеткіштері
Анықтамалар
|
Көрсеткіштер
|
Дем алу жиілігі
|
24,0
|
Минуттық дем алу мөлшері, л
|
9,2
|
Деммен шыққан ауаның газ құрамы, көлемдік %:
|
|
- көмірқышқыл газы
|
2,86
|
- оттегі
|
16,39
|
Оттегін сіңіру мөлшері, мл/мин.
|
301,39
|
Көмірқышқыл газын бөлу мөлшері, мл/мин.
|
244,6
|
Дем алу коэффициенті
|
0,82
|
Дем алу эквиваленті
|
3,1
|
Оттегін пайдалану коэффициенті
|
32,5
|
Қанның құрамындағы оттегі, көлемдік %:
|
|
- артериялық қанда
|
17,3
|
- веналық қанда
|
8,8
|
Қанның оттегімен қанығу пайызы
|
50,9
|
Осы көрсеткіштермен салыстыра отырып ауру малдардың және оларды емдегеннен кейінгі көрсеткіштерін талдап, қорытынды шығаруға болады.
Дәріс-5 Мал ауруларын патогенездік емдеу әдістерінің
негізі мен техникасы.
Жоспары:
Патогенездік терапия және новокаинмен тежеу әдістерінің теориялық негіздері.
Мойынның ваго-симпатикалық жүйке жүйесін новокаинмен тежеудің техникасы.
Плевраүстілік жүйке жүйесін новокаинмен тежеудің техникасы.
К.Геров ұсынған новокаинмен тежеу әдісінің техникасы.
Банка қою, қышамен емдеу
Патогенездік терапия дегеніміз – макроорганизмге, көбінесе жүйке жүйесі арқылы әсер етіп, оның қорғану қабілеттілігі мен реактивтілігін жоғарылату үшін қолданылатын емдеу әдістерінің барлық түрлері. Патогенездік терапияның негізгі мақсаты, ауру процесінің негізіне жататын бұзылған физиологиялық процессті қалпына келтіру. Патогенездік терапияның аурудың себептеріне қарсы қолданылатын емдеу әдістерінен ерекшелігі бар. Патогенездік терапияға арнайы емес емдеу әдістері мен әдістемеліктердің көптеген түрлері жатады. Олардың қатарына: новокаинмен, тіндермен, протеинмен, физикалық әдістермен және басқа да аурудың дамуына қарсы әсер ететін дәрілік заттармен емдеу әдістері жатады.
Новокаинмен тежеу әдісі
Новокаинмен тежеу әдісін ең бірінші рет зерттеп, ұсынған академик А.В.Вишневский. Кейінгі жылдары оның оқушылары мен ісін жалғастырушы ғалымдар бұл негізгі патогенездік терапияға көптеген жаңалықтар мен толықтырулар енгізді. Малдәрігерлік хирургия саласында А.В.Вишневский мен Л.С.Сапожниковтардың жетекшілігімен И.Я.Тихонин жылқылардың бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау (паранефралды немесе белдеме тұсының блокадасы) арқылы емдеу әдісін ұсынды. Кейіннен М.С.Сенькин осындай әдісті ірі қара малына жасауды көрсетті. Сөйтсе де, мал дәрігерлік хирургияда елеулі жетістік деп В.В.Мосиннің еңбегін атап өткен жөн. Ол кісінің ұсынған эпиплевралды новокаинмен тежеу әдісі бүйрек маңайына новокаинмен тежеу жасау әдісінен әлдеқайда тиімді нәтиже берді. Себебі бұл әдісте новокаин күн сәулелі және бүйрек маңындағы түйіндерді құрайтын симпатикалық және парасимпатикалық нерв элементтеріне бірдей әсер етеді.
И.Я.Тихониннің ұсынған блокадасы асқазан мен ішектердің қозғалу функциясының бұзылуының динамикалық түрінде жақсы әсер еткенімен оның механикалық түрінде, керісінше, аурудың жалпы жағдайын нашарлататыны байқалған. Бұл әдіс жылқылардың энтералгия, ішектердің газбен керілу, копростаздың кейбір түрлерінде, асқазанның жіті түрде кеңеюінде; ірі қара малының месқарнының асқа толып керілуінде, алдыңғы қарыншақтардың атония ауруында жақсы терапевтикалық тиімділік көрсетеді. Болашақта, басқа емдеу әдістерімен кешенді түрде қолданғанда, бүйректің жіті түрінің қабынуында, туған малдың шуы көпке дейін бөлінбегенде, эндометритте, ойық жараларда, сыздауық-шиқандарда, есекжемде, хирургиялық қабыну процестерінде жақсы нәтиже береді деген болжам бар.
В.В.Мосин өзінің әдісін жылқылар мен ірі қара малдарының қатты жарақаттан естен тануында, операциядан кейін іштері кепкенде, қуықтың қабынуында, спастикалық шаншу құбылысында, тұяқтардың қабынуында ұсынған. Блокаданы екі жағынан да жасаған тиімді делінген. Кейіннен көптеген авторлар бұл әдісті күйіс қайыратын малдардың алдыңғы қарыншақтарының
Достарыңызбен бөлісу: |